Әріптік жүйе
|
Балл эквиваленті
|
Мазмұны
|
Жүйе
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Үздік
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
8. Ұстаздың талаптары
- Сабаққа кешікпеу; сырт жұмыстармен айналыспау; сабақ кезінде ұялы телефонды өшіру; себепсіз сабақ жібермеу; оқу процесіне белсенді қатысу; СРС тапсырмаларын уқытылы орындау; жауапты болу.
Дәріс тезистері.
№ 1 дәріс.
Тақырыбы: жануарлар әлемі туралы жалпы мәлімет. Қазақстанның жануарлар ресурстарының жағдайы.
Дәріс жоспары:
Қазақстан Республикасының жануарлар ресурстары туралы жалпы мәлімет.
Фаунаны зерттеу әдістері.
Қазақстан фаунасына талдама.
Фаунаны талдаудың мақсаттары мен мәселелері.
Қазақстан фаунасын инвентаризациялау тек қана омыртқалы жануарларға ғана жасалып бітті, әр класстарына жалпылама мәліметтер жасалды. Қазақстан территориясында омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар, соның ішінде Сүтқоректілер – 178, құстар – 489 (оның ішінде 396-сы осында қоныстанған, қалғандары осында қыстайды немесе көктем, жазда ұшып келеді), бауырымен жорғалаушылар – 49, қосқұрлықты – 12, балықтар – 104 және дөңгелек ауыздылар – 3. Популяция жағдайын жүйелі түрде бағалау негізінде өндірістік бағасы бар түрлеріне жүргізіледі.
Сүтқоректілер түрлерінің жартысын кемірушілер тобы құрайды – 82 түрі. Аңшы сүтқоректілердің 33 түрінің бірінші орнында тұяқтылар (бұғы, қабан, елік, сайгак, солтүстік тау ешкісі, тау-теке, марал) және жыртқыштар (қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сілеусін, аю, росомаха, кәмшат, дала тышқаны).
Аңшы жануарлардың негізгі түрлерінің көбінде аулау шегін қойса да саны 30-50% және одан да төмен кемуде. Оның негізгі себебі антропогендік жағдайдың кері әсері мен жануарлар мекенінің жағдайының өзгеруі; жыртқыштардың (қасқырлар мен шиебөрілер) санының көп болуы; браконьерліктің жоғары деңгейі, және нақты аулау мөлшерін есептеуде кеткен қателер. Әсіресе, сайгактардың популяциясы үлкен үрей тудырады. 50-жылдары қайта қалпына келтірілген саны жақын кезге дейін республика аңшылық өнімінің 50 пайызын құраған. Қазіргі күні сайгактың саны төмендеп, қауіпті деңгейге жетті.
Құстың 489 түрінің 140-тан аса түрі өндірістік-аңшы құстар. Соның ішінде су-батпақ комплексінде тіршілік етеін 43 түрі көбірек қоланылады. Қазақстанның шөл және жазық су қоймаларында жүздеген мың құстар ұя салады, ал көктемдік және күздік көшу кезінде ол аймақта миллиондаған үйректер, қаздар және басқа да су-батпақ жабайы құстары болады. Қанатты жабайы құстардың негізгі түрлерінің нақты саны жыл сайын өзгереді. Қазақстанда жыртқыш құстардың 35 түрі кездеседі, олардың жартысы 50-60жылдары аяусыз жойылған және сирек және жойылудағы құстар қатарына енгізілген.
Қаупті жағдайдағы құстар.
Антропогендік жағдай қысымыменаңдардың көптеген түрлері азайып кетті және тіршілік ететін жерлері тарылып кетті. Бұл құбылыс 1978 жылыҚазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Қазақстанның Қызыл Кітабында жақсы көрсетілген. 1978 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтер бойынша бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 125 түрі (шамамен 15 %) және омыртқасыздардың 96 түрі (оның 85 түрін жәндіктер құрайды) енгізілген. (Қызыл кітапқа 1978 жылы сирек және жойылу алдында тұрған жануарлардың 87 түрі тіркелген). Соның ішінде «жойылу алдындағы» категорияға сүтқоректілердің 10 түрі мен құстардың 15 түрі жатқызылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 19 маусымдағы № 573 «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілетін омыртқасыз жануарлар түрлерінің Тізімін бекіту туралы» Қаулысы негізінде осы кітаптың 2 бөлімі «Омыртқасыз жануарлар» дайындалған, оған сирек және асажойылу алдындағы 96 түрі енгізілген.
Үш категориялы қорғаудағы (қиын қауіпті – бірінші ретті, қауіпті – орташа лездік, осал – ұзақтық әсер) 800 биологиялық объектінің көпшілігі тауларда (228 түрі) және нағыз орта шөлдерде (151 түрі) тіршілік етеді.
Түбегейлі зерттеудің маңызды бағыты – шаруашылықта пайдаланылатын зооресурстардың сандық жағын анықтау болып табылады. Аңшылық-өндірістік сүтқоректілердің барлық түрлерінің қорын дұрыс қолдану үшін популяцияның қалыптасуы мен структурасына өндірістіктің әсерінің нақты статистикасы қажет.
Дегенмен, антропогендік әсерлер нәтижесінде – тың жерлерді жалпы игеру, өзен арналарын қайта реттеу, өрт, пестицидтерді көптеп қолданудан хайуанаттар әлемі қатты зардап шекті. Биік тауларда көптеп жайылым жасау себебінен олар азайып, Қызыл кітапқа енуге кандидаттар санына енді.
Зооресурстардың кейбір топтарының қазіргі замандағы жағдайы туралы келтіліген мысалдардан сол ресурстар жағдайының өзгеруі мен қолдағы мәліметтердің қанағатсыз деңгейін көрсетеді. Біріншінің негізгі себептері антропогендік негізге ие – қайта өнеркәсіп, браконьерлік, биотоптарды шектен тыс тасымалдау,өзендерді қайта реттеу, тіршілік ортасын химиялық пестицидтермен ластау және өнеркәсіп қалдықтарымен ластау.
Арал теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі салдарынан болған аймақтың шөлге айналуы су айналасындағы жануарлардың түбегейлі жойылуына әкеп соқты. Химиялық пестицидтер мен өндірістік қалдықтармен тіршілік аймағын ластау Қазқстан республикасының көп жерлерінде орын алады. Зоологиялық қор жағдайы туралы мәліметтердің қанағаттанрлықсыз деңгейі жануарлар әлемі кадастрының жоқтығымен анықталады. зоологиялық қорды жоспарлау, қорғау және тиімді пайдалану үшін тек қана кадастр негіз болатындығынан жасалуы қажет. Қазіргі кезде зоология Институты аңшы-өндірістік, сирек және жойылу алдында тұрған сүтқоректілер мен құстардың кадастрын жасауға ғылыми-әдістемелік негіздер жасауда. Мұндай жұмыстарды кеңейту және олардың материалды-техникалық жабдықталуын жақсарту Қазақстанның жануарлар әлемінің тізімдемесін – республика зоология қорының жағдайы туралы мәліметтердің негізгі көзі және осы қорларды жұмсау нормасы, сонымен қатар жануарлар әлемін қорғаудың қажетті шараларын жасауды тездету үшін қажет.
Соңғы жылдары биологиялық түрлерді сақтау мәселелері Қазақстанның табиғи байлықтарын жаңа экономикалық негізде анық тонау нәтижесінде әсіресе маңызды болып келеді.
Қазақстанда жабайы жануарлар әлемі өндірісі өте төмен деңгейде, сирек және жойылуға жақы жануарлар түрлерін жасанда түрде көбейту әдістері жасалмаған. Ғалым-зоологтардың жануарлар әлемін (әсіресе, омыртқасыз жануарлар) және ландшафттарға антропогендік өзгеріс әсерін зерттеу жұмысының және қорғау әдістерін жетілдіру мен республикадағы жануарлар әлемін дұрыс қолданудың болашағы бар.
Қорытындылай келе айтатынымыз, экологиялық және экологиялық-фауналық бағытта зоологиялық зерттеулер күшейтілуі қажет және оның табиғатқа шаруашылық-техникалық әсерінен қалыс қалмай, керісінше мүмкіндігінше оның алдында болуына қол жеткізу керек, сонда осы әсерлер нәтижелерін, табиғи экожүйе және жануарлардың кей түрлерінің деградациясын болжай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |