Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Дәріс № 4 Тақырыбы: жер омыртқасыздары



бет4/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)

Дәріс № 4

Тақырыбы: жер омыртқасыздары

Дәріс жоспары: жер омыртқасыздары түрлерінің экологиялық маңызды топтары. Зоология объектілерін жинақтау, оны құқылық реттеу.

Жануарлар әлемі – биогеоценоз құрамының елеулі орнын алатын биосфераның маңызды компоненттерінің бірі. Қазақстанның жабайы аңдар гендік қоры керемет, тек қана жер омыртқалыларының 835 түрі, омыртқасыздардың 100 мыңнан астам түрі белгілі, қазіргі кезде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 408 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 40 түрі, балықтардың 104 түрі және қосқұрлықтылардың 12 түрі белгілі. Қазақстанның зоологиялық потенциалы оның жағрафиялық жағдайымен территориясының кеңдігімен анықталады. Сонымен қатар жануарлардың табиғи бірлестігі орасан, мұнда орман-жазық, шөл, тау, су айналасындағы комплекстер жақсы көрсетілген. Жануарлар әлемінің алуан түрлігін сақтау көбіне табиғи қоршаған орта жағдайымен анықталады.

Антропогендік пресс, қазіргі кезде табиғи құбылыстар әсерінен жоғары мөлшерге жетті, Қазақстанның табиғаты мен жануарлар әлеміне көп әсер ете бастады. Тұрғындары көп және алуан түрлі жануарлар әлемі бар аудандар экологиялық тұрақсызданды. Ондағы асқынулар – табиғи, әлеуметтік, және әсіресе, экологиялық жағдайлар экожүйенің биоалуан түрлілігінің динамикалық бұзылуын және олардың сапалық және сандық өзгерістерінен көрінеді.

Қазақстанда табиғи ортаның кең және түбегейлі өзгерістері ХХ ғасырдың 50-ші жылдары болды. Тың жазықтармен бірге ғасырлар бойы құрылған жануарлар комплекстері жоғалып кетті, ал көптеген жерлерде дуадақтар мен безгелдектер толығымен жойылып кетті. Орталық және Солтүстік Қазақстанның шөлдері мен жазық-шөлдерінде жәндіктер әлемі шамамен 70% жойылды. Егер жоғарыда аталған факторлар осы жылдамдықта ары қарай әсер етсе, шамамен 2010-2015 жж аталған аймақтарда жәндіктердің түрлік құрамы 20-30% қысқарып кетуі мүмкін. Онда ауылшаруашылық пен жабайы өскен пайдалы өсімдіктер зиянкестері болатын жәндіктер үстемдік етеді.

Омыртқалы жануарлардың 80 астам түрі сиреп кеткені соншалықты, Қазақ ССР Қызыл кітабына енгізілген (бірінші баспа, 1078). Бұл процесс жалғасуда: Қазақстанның Қызыл кітабының екінші баспасына (1901) омыртқалылардың 120 түрі және алғаш рет – омыртқасыз жануарлардың 105 түрі енгізілген. Орталық Қазақстанның сирек жануарлары толық зерттелмеген. Қазіргі кезде Қазақстанның Қызыл кітабына осы аймақта тіршілік ететінсүтқоректілердің бес түрі (селевиния, бес саусақты ергежейлі тышқан, перевязка, манул, арқар) енгізілген. «Қызылкітаптық» құс түрлерінен бұл жерде шамамен 15 түрі ұя салады және кездеседі. Орталық Қазақстанда сирек жыртқыш құстардан змееяд, бүркіт, балобан ұяларында сирек олжалар белгілі. Көбірек қызығушылық тудыратыны – соңғы онжылдықтарда Қарқаралы тауларында табылған ергежейлі-бүркіттің ұялық көбейуі, бұл жағдай еліміздегі бұл түрлердің ұялық ареалы туралы көзқарасты өзгертеді.

Ергежейлі-бүркіттің Қазақстана сирек кездесетінін ескере отырып, олардың жаңа табылған жерлерін қорғауға алу мақсатты болар еді.

Жануарлардың көп түрлілері антропогендік себептен жаппай қырылудан қорғалмаған, бұған мысал: Каспий теңізінің жағалауында жазғы кездерде 1982-83 және 1987-1988 жылдары суда жүзетін құстардың қырылуы, ол кездерде жылына 1 миллионнан 3 миллионға дейін үйрек қырылды.

Республикада браконьерлік кең дамыған. Мысалы, 1995 жылы жануарлар әлемін қорғау бойынша мемлекеттік инспекциясымен 5,3 мың браконьерлік жағдай мен аңшылық ережесін бұзу жлағдайлары ашылған («каз.правда», 24.08.1995ж.). соңғы жылдары антилопа мен сайгактар жаппай жойылуда. Шығыс медицинасында қолданылатын мүйіздер тонналап шекарадан асырылып жатыр. Ұрылардың басынғаны сонша, қару қолданбайды, аңдарды оқшалау тұрған қорға айдап әкеліп мүйіздерін қырқып алады. Сайгактардың көбеюіне теріс әсер ететін құбылыстардан сайгактың арланы («мүйізділер») соңғы жылдары 18-20 пайыздан 10-12 пайызға дейін азайды, бұл браконьерліктің көбеюімен және жануарларды қорғаудың жеткіліксіздігіне байланысты. «Мүйізділердің» санының азаюы қазірде жануарлардың көбеюіне әсер етпейді, бірақ бұл тенденция сақталса көбеюге қауіпті.

Мұны ескере отырып, ҚР МН АН зоология және жануарлар генофонды Институты 1991-1996 жылдары арландарды атуға тыйым салуға мәжбүр болды. Қоршаған ортаға жоғары биологиялық белсенділігі бар және рұқсатты шектен жоғары хлорорганикалық пестицидтердің, ауыр металлдардың фтор және фосфор қоспаларының бақылаусыз енуі, адамдар мен жануарлар ағзасына ауыр патологиялық өзгерістер түрінде әсер етеді.

Біздің қызметкерімізбен Сырдария өзені бассейнінде, Алакөл өзендері жүйесінде балықтардың және құстардың жаппай улануы мен қырылуы, Өскемен және Сырдария өзеніндегі тоған шаруашылығы өндірісшілері мен олардың ұрпақтарынан зиянды ісіктер мен аномалиялар анықталған.

Радиоэкологиялық мәселе пайда болды, оны жан-жақты шешу өте маңызды және кейінге қалдырылмауы керек. Қарағанды мен Теміртаудың өндірістік ластануы салдарынан су ағзаларының түрлік құрамы лезде қысқарды, бентикалық ағзалардың 90түрінен 16 қалды, планктондық сүзгілердің 58 түрінен 32 қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет