Дәріс № 3
Тақырыбы: су омыртқасыздары
Дәріс жоспары:
Су омыртқасыздардың экологиялық маңызды түрлерінің топтары – ас және қорек ақуызының, медициналық және өндірістік шикізат көзі, оларды қолдану.
Еуроазия континентінің орталық бөлігін алып жатқан Қазақстан фаунасы бай. Тек омырқалы жануарлардың 837 түрі бары белгілі, одан басқа омыртқасыздардың – жәндіктер, өрмекшітиптестер, моллюсктер, гельминттер және қарапайымдардың ондаған мың түрі бар.
Түрлік алуандығы
Топ
|
Түрлік саны / түрдің әлемдік санының %
|
Құрттар
|
500/1.83
|
Моллюсктер
|
300/0.61
|
членистоногий
|
60000/2.97
|
Түрлік алуандығы және түр концентрациясы
Топ
|
Түрлік саны / түрдің әлемдік санының %
|
Құрттар
|
500/0.183
|
Моллюсктер
|
300/0.110
|
членистоногий
|
60000/21.91
|
Бұл құбылысты 1978 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Қазақстанның Қызыл кітабында жақсы көрсетілген. 1978 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтер бойынша бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 125 түрі (шамамен 15 %) және омыртқасыздардың 96 түрі (оның 85 түрін жәндіктер құрайды) енгізілген. (Қызыл кітапқа 1978 жылы сирек және жойылу алдында тұрған жануарлардың 87 түрі тіркелген). Соның ішінде «жойылу алдындағы» категорияға сүтқоректілердің 10 түрі мен құстардың 15 түрі жатқызылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 19 маусымдағы № 573 «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілетін омыртқасыз жануарлар түрлерінің Тізімін бекіту туралы» Қаулысы негізінде осы кітаптың 2 бөлімі «Омыртқасыз жануарлар» дайындалған, оған сирек және асажойылу алдындағы 96 түрі енгізілген.
Омыртқасыздардың ең қауіпті жағдайға ұшырағандары – коллекция жинаушыларға тасымалданатын көбелектердің (Lepidortera) және қоңыздардың (Coleoptera) комерциялық түрлері. Қорғауға жататын омыртқасыздардың 96 түрінен қауіпті жағдайдағысы – 11, оладың саны өте төмен және жойылу шегінде тұр. Қауіпті түрінің (40) саны көп, біра ареалдары үзілген. Осал түрлерінің (45) ареалы кең, бірақ түрлі жағымсыз факторлардан қысқарады. Кей жерлерде олар сиреп қалады, бөлек популяциялары жойылады. Омыртқасыздардың қауіпті және осал түрлері зерттеудің осы сатысында орманжазықтарда жоқ, жазықтарда – 34, шөлде – 76, ал тауда – 40, өзен жазықтарында және өзен жағалауларында – 7. Соңғы жылдары өрмекшілердің алуан түрлерінің уына сұрас жоғарылап кетті.
Омыртқасыз жануарлар әлеміндегі жағымсыз өзгерістер жәндіктердің 96 түрі, шаянтәрізділердің – 1, моллюсктердің – 6 және 2-инелі құрт кіретін Қазақстанның Қызыл кітабында өз бейнесін тапты. Бұл қауіп төніп тұрған түрлерінің барлығы емес екенін атап кету керек. Омыртқасыздардың басым бөлігінің саны өте аз, биогеоценоздағы кішігірім экологиялқ өзгерістің өзі оларды жойып жібереді және сәйкес экожүйенің қайтымсыз жойылуына әкеп соғады. Омыртқасыз жануарлар бойынша фауналық этап аяқталудан әлі алыс, бұл олардың алуан түрлілігімен (қазіргі күні шамамен 30 мың түрі тіркелген) және әлсіз зерттелуімен түсіндіріледі: жыл сайын протозоологтар, гельминтологтар және энтомологтар Қазақстанда ғылымға белгісіз ондаған түрлерін табады. Қарапайымдардың, жабайы аң гельминттерінің, қансорғыш кенелердің кейбір түрлері бойынша жалпылама фауналық мәліметтер жасалған; 30-дан астам монография мен жәндіктер мен жер моллюскілерінің маңызды топтары бойынша ақпарат жасалды. Дегенмен, еліміздің омыртқасыз жануарлары жартысынан көп анықталған, жақын онжылдықта зоологтардың маңызды түбегейлі ғылыми зерттеулері осыған бағытталған, мұның соңында еліміздің жануарлары туралы мәліметтерінің негізгі көзі болып табылатын «Қазақстанның жануарлар әлемі» 30-томның шығарылуымен шектелмек.
Түбегейлі зерттеулердің маңызды бағыты –шаруашылық қолданыстағы жануарлардың түрлері мен топтары әлсіз және бөлшекті зерттелген, зооқорының сандық жағын анықтау.
Еліміздің жәндіктері әлемінің өте бай қоры зерттелмей қалып жатыр, олардың пайдалы қасиеттері қолданысқа енбей отыр. Бұл жағынан тез дамып келе жатқан энтомологияның (техникалық энтомология) болашағы зор, оның бағыты берілген қасиеттермен жасанды көбейту, жәндіктер әлемін құру және жасау болып табылады. Дегенмен, антропогендік әсерлердің – тың жерлерді жалпы игеру, өзен арналарын қайта реттеу, өрт, пестицидтерді кең қолдану нәтижесінде жер және топырақ омыртқасыздарының, әсіресе жәндіктердің әлемі қатты зардап шекті. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай биік тауларында, сонымен қатар шолді жерлерде шектен тыс көп жайылым болуы салдарынан жәндіктердің көптеген түрлерінің сандары азайып кетті, Қазақстанның Қызыл кітабына енуге кандидат болды. Егер жоғарыда аталған факторлар осы жылдамдықта ары қарай әсер етсе, шамамен 2010-2015 жж аталған аймақтарда жәндіктердің түрлік құрамы 20-30% қысқарып кетуі мүмкін. Онда ауылшаруашылық пен жабайы өскен пайдалы өсімдіктер зиянкестері болатын жәндіктер үстемдік етеді.
Зооқорлардың бөлек топтарына келтірілген мысалдар осы қор дағы өзгерістердің теріс тенденциясына және қолдағы мәліметтердің аздығына куә. Біріншінің негізгі себебі – шектен тыс өнеркәсіп пен браконьерлік, биотоптары шектен тыс өзгерісі, өзен арналарын жасанды реттеу (Іле өзенінде Қапшағай су қоймасын жасағаннан кейін ондатраны дайындау жылына 1,7 миллионнан 54 теріге қысқарды), пестицидтер мен тұрмыс қалдықтарымен қоршаған ортаны ластау болып табылады.
Қазақстанда жабайы жануарлар әлемі өндірісі өте төмен деңгейде, сирек және жойылуға жақы жануарлар түрлерін жасанда түрде көбейту әдістері жұмысының және қорғау әдістерін жетілдіру мен республикадағы жануарлар әлемін дұрыс қолданудың болашағы бар.
Омыртқасыздардың экологиялық маңызды топтары – ас және қорек ақуызының, медицина және өнеркәсіп шикізатының көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |