Өрмекшітәрізділер түрлерінің сан алуандығы



Дата11.01.2017
өлшемі8,73 Kb.
#7362
  • Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
  • Орындаған: Жақыбаева Г.Ғ.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • “Жұптатасып-ойлан бөліс”
  • Оқушылардың сыныи тұрғыдан ойландыру мақсатында идеялармен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі.
  • І. Оқушылар ойланып жеке жауап жазады.
  • ІІ. Оқушылар жұптарға бөлініп, ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді.
  • ІІІ.Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптармен сыныппен бөліседі.
  • Өрмекші ұшатын бунақденелілер: шыбын, көбелек, өсімдік бітісімен, сондай-ақ әр түрлі қоңыздармен қоректенетіндіктен, жыртқыш жәндік болып есептеледі. Қорегін аулау үшін өрмекші құрсағының ұшындағы үш жұп өрмек сүйелдерінен бөлінетін жіп тәрізді бөлінді мен өрмек-ау тоқиды. Өрмек сүйелдерінің бір жұбынан – берік те жуантық өрмек; екінші жұбынан – қорегін аулайтын жабысқақ өрмек; үшінші жұбынан пілдеге жұмсалатын нәзік жіп тәрізді өрмек шығады.
  • Жаңа сабақ
  • Аулаушы торды аналық өрмекші тоқып әзірлейді. Өрмекші ең алдымен жуантық өрмектен көпбұрышты жақтау дайындап, одан аулаушы тордың тармақтарын созып, бірмен-бірін түйістіру арқылы өрмекау жасап шығады. Ауға түскен қорегін өрмекші өрмекаудың ортасынан созылған хабаршы жіптің қимылынан сезеді. Өрмекауға түскен шыбын бұлқынған кезде хабаршы жіп тербеледі де, өрмекші жасырынып жатқан жерінен қорегіне қарай ұмтылады.
  • БҮЙІ
  • ҚАРАҚҰРТ
  • ҚЫРШАЯН
  • Әлемдегі ең алып өрмекші
  • Әлемдегі ең үлкен өрмекші жайында не білесіз? Білмесеңіз, біз сізге бүгін сол өрмекші жайында әңгіме қозғайтын боламыз. Ең алдымен өрмекшілердің орта өлешемін анықтап алайық. Олардың барлығы 4-6 сантиметрде тұрақтап тұр. Әлемдегі ең үлкен өрмекші атануға бұл өлшем аздық етеді. Солай ма? Әлемдегі ең алып өрмекшіні табуымызға бір ғана кітап көмектеседі. Иә, ол – Гиннестің рекордтар кітабы. Бұл кітапқа жүгінетін болсақ, әлемдегі ең алып өрмекшінің Терафоза Блонда (Theraphosa blondi) екеніне кәміл сенеміз.
  • Қызықты әлемге саяхат.
  • Алғашқы түрін 1804 жылы француз энтомологы Латрейл жазып алған.
  • Сол түрге жататын екі жастағы бұл өрмекшінің құлашы 28 сантиметр болса, салмағы 170 грамды құрайды. Дегенмен мұндай түрлері жеке коллекцияларда да жиі кездеседі. Олардың көбеюі көп уақытты қажет етеді. Оның үстіне Терафоза Блонда өрмекшісін өзі мекен етіп жатқан жерден басқа жерге көшіруге қатаң тиым салынған.
  • Бұл ең үлкен өрмекші түрін 1965 жылы Венесуэлада экспедиция мүшесі Пабло Сан Мартин тапқан. Бұл өрмекші табанының құлашы 28 сантимерге жеткен. Бұл өлшеммен түстік астың тәрелкесін толық жауып қалуға болады.
  • Өрмекшілердің мұндай түрлері тек Суринами тропикалық орманына жақын жерлерден және Гайана мен Француз Гвинеясында ғана кездеседі. Бірақ осыған ұқсас түрлері Венесуэла мен Бразилияда да тіркелген.
  • Бұл тіршілік иелері тор жасап алып, терең індерде мекен етеді. Ең алып өрмекшілер кесіртке, құрбақа, бақа, тышқан аулап жеуге өте епті. Тіпті олардың кішкентай жыландарға да шабуыл жасауға батылы жетеді.
  • Оқушылармен жұмыс жасау:
  • “ДЖИГСО” әдісі.
  • (Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.)
  • І.Топқа тапсырма. Бүйі жайында сипаттама.
  • ІІ. Топқа тапсырма. Қарақұрт жайында сипаттама.
  • ІІІ. Топқа тапсырма. Қыршаян.
  • І топқа. көрініс көрсету.
  • ІІ топқа. Әңгіме құрау.
  • ІІІ топқа.Өрмекшінің атынан монолог құрау.
  • Шығармашылық жұмыс.
  • Қорытындылау: “Сиқырлы микрафон”
  • Рефлексия: “Білім ағашы” Стикерлер таратылады.
  • Бағалау: Суммативті бағалау.
  • Үйге тапсырма: Өрмекшілер жайында қызықты мәлмет жинақтап келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет