КҮНІ:
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жануарлардың әртүрлілігімен, олардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру, негізгі жүйелік топтарға жіктеу арқылы білім беру ә) Дамытушылық: Жануарлардың сан алуандығын өсімдіктермен салыстыра отырып, оқушылардың ой – өрістерін арттыру, дамыту б) Тәрбиелік: Оқушыларды жануарларға қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауға, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни экологиялық тәрбие беру
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Сабаққа даярлау
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақты бастамас бұрын жануарлар әлемі туралы видеоролик көрсетіледі. Осыдан сұрақ туындайды:
1. Жануарлардың өсімдіктермен салыстырғанда саны қанша?
2. Неліктен әрбір жануарлардың сыртқы пішіндері әртүрлі?
Греция ойшылы Аристотель б.з.д. 384-322 жж аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген. Карл Линней (1707 – 1778) Қосарлы атаутізімді енгізді. Мысалы: Ақ түбітті үйқоян, Күміс түсті үйқоян, Ақкіс үйқояны. «Ақ түбітті», «Күміс түсті», «Ақкіс» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Барлығына ортақ – екінші атау «Үйқоян». Жозеф Питон де Турнефор (1656-1708). ХVІІ ғасырдың соңында класс ұғымын енгізді. 1825 жылы француз зоолог-анатомы Анри Мари Бленвиль «Тип» терминін ұсынды.
Жануарларды жіктеу сызбанұсқасы: түр- туыс- тұқымдас- отряд -класс –тип- жануарлар дүниесі
Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеудегі айырмашылықтар: Өсімдіктерде Жануарларда Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі
Ашықтұқымдылар бөлімі Қарапайымдар типі
Бүрлі өсімдіктер класы Плазмалылар класы
Қылқан жапырақтылар тұқымдасы Тамыраяқтылар тұқымдасы
Қарағай туысы Амеба туысы
Түрі – кәдімгі қарағай Түрі – кәдімгі амеба
ІV. Бекіту Тест
1. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы А) ботаника в) зоология С) гельминтология Д) Анатомия
2. Жүйелеудің атасы деген атқа ие болған кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк
3. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр
4. Класс ұғымын енгізген кім? А) Бленвиль в) Турнефор С) Линней Д) Ламарк
5. Төменгі сатыдағы жануарларды тап. А) қандауырша в) құстар С) сүтқоректілер Д) балықтар
6. Омыртқасыз жануарларды тап А) жорғалаушы в) қосмекенділер С) бунақденелілер Д) қабықтылар
7. Ғаламшарымыздағы жануарлар саны А) 1млн в) 1,5млн С) 1,5мың Д) 1мың
8. Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады? А) Жіктеу в) Жүйелеу С) топтау Д) Біріктіру
9. Жүйелеудегі ең жоғарғы өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр
10. Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк
V. Жұмбақ жануарлар
1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. (қораз)
2. Бұл үй жануары Библияда аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. (Мысық)
3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)
4. Бұл таңғажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. (Кенгуру)
5. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді. (Кірпікшелі кебісше)
VІ. Сергіту сәті Жануарлардың қызықты сәттерінен видеоролик тамашалау
VІІ. Үйге тапсырма 1. «Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу» тақырыбын оқу 2. Жануарлардың сан алуандығын зерттеуде үлес қосқан ғалымдар туралы іздену 3. Жануарлар мен жәндіктердің әртүрлілігі жөнінде сурет салу
VІІІ. Қорытынды
1. Жануарларды дене құрылысының ерекшеліктеріне байланысты неше топқа бөледі?
2. Желілер типі деп неге аталған?
3. Адамдар жануарларға жата ма?
4. Қосарлы атаутізімді енгізген және жүйелеудің атасы деп кімді айтаыз?
5. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасын ата
ІХ. Бағалау Үй тапсырмасын ұқыпты орындап, сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалаймын
КҮНІ:
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуы
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуын оқытып, меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушының ой - өрісін , білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа , әдемілікке , адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі : Сұрақ – жауап, түсіндіру , өздік жұмыс, әңгімелеу тест тапсырмалары , жұппен жұмыс.
Типі: Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері. «Көңіл күй»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Шыңға шығу» стратегиясы
1.Қосарлы атаутізім дегеніміз не?
2.Жүйелеу атасы кім?
3.Жануарларды жіктеуде Аристотельдің қосқан үлесі қандай?
4.Жануарларды жүйелеу дегеніміз не?
5.Жануарларды жіктеу дегеніміз не?
6.Жануарларды жүйелеуге үлес қосқан ғалымдар?
7.Популяция дегеніміз не?
В) «Орнын тап» стратегиясы.
Отряд, түр, тұқымдас, дүние, дүние тармағы, класс, туыс.
ІҮ. Жаңа тақырып. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуы
18 ғасырдың аяғы – 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін салды.
1825 жылы француз зоологы А.Бленвиль жануарлар жүйеленіміне тип деген ұғымды енгізді. 19 ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның «Зоология философиясы» (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының ғылыми теориясы баяндалды.
Зоологияның дамуына 19 ғасырдың 30-жылдары неміс биологтары М.Шлейден мен Т.Шванн ашқан жасуша теориясын ашты.
Қазақстан зоологиясы
Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі.
20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді.
Ү. Бекіту тапсырмалары: А) «Түртіп алу» стратегиясы.
Ж.Кювье . А.Бленвиль ,Ж.Б.Ламарк , М.Шлейден мен Т.Шванн
В) Кестемен жүмыс:
Махмұт Қашқари
Ш. Уалиханов
Х.Досмуха медов
Л.С.Берг
Рефлексия. Жануарлар әлемі.Дельфин- ұнады, кит- бейжай, акула- қорқыныш.
ҮІ. Үйге тапсырма: . Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның ҚР ғылым ретінде дамуы
ҮІІ. Бағалау.
КҮНІ:
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Кәдімгі амеба тірі ағза ретінде. Сыртқы және ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Кәдімгі амебаны мысалға ала отырып, құрылысы қарапайым жалған аяқтылар класына тән ерекшеліктерді анықтау
Дамытушылығы: Оқушының ой - өрісін , білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа , әдемілікке , адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі : Сұрақ – жауап, түсіндіру , өздік жұмыс, әңгімелеу
Типі: Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері. «Көңіл күй»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Шыңға шығу» стратегиясы
1.Қосарлы атаутізім дегеніміз не?
2.Жүйелеу атасы кім?
3.Жануарларды жіктеуде Аристотельдің қосқан үлесі қандай?
4.Жануарларды жүйелеу дегеніміз не?
5.Жануарларды жіктеу дегеніміз не?
6.Жануарларды жүйелеуге үлес қосқан ғалымдар?
7.Популяция дегеніміз не?
В) «Орнын тап» стратегиясы.
Отряд, түр, тұқымдас, дүние, дүние тармағы, класс, туыс
ІҮ. Жаңа тақырып.
Амёба (гр. Lodosea – өзгергіш) – қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм кейде одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге тән
Амёбадың көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бір клеткадан құрылады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амёбаның дене мөлшері 20 – 700 мкм шамасында. Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасындацитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған қорегі әрбір 5 – 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады. Амёбалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амёбадың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды. Амёбадың кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың организмінде, сондай-ақ адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы – дизентерия Амёбасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз ауруына шалдықтырады
АМЕБАЛАР. ҚАРАПАЙЫМ АМЕБАЛАР
Тұщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін амебалар жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі. Амебалардың түрлері өте көп, тек теңізде ғана тіршілік ететін, қайырылған теңіз түбіндегі қалдықтар мен жыныстар арасынан бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын, диаметрі 0,1 мм-ден 20 сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты шұрықденелілерді кездестіруге болады. Жалаңаш амебалар, бақалшақьы амебалар және теңіз тамыраяқтылар класына жатқызылады. Бұлардың дене пішіні, құрылысы, тіршілік әрекетінде өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ болғандықтан, жалғанаяқтылар класына топтастырылады. Біз осы кластың өкілі, кез келген тоқтау суларда кездесетін қарапайым амебамен танысамыз.
Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Бұл – жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері мм-дің 1/5-3/4 бөлігіндей болады. Қарапайым амебаның негізгі мекені – су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнба. Оның тұрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі шырыштан құралады. Денесінің мөлшері өте кішкене болғандықтан, қарапайым амебаның құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол бірте-бірте созылады да, жалғанаяққа айналады. Амеба жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді болғандықтан, амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде тамыраяқтылар деп те атайды. «Амеба» гректің сөзі, қазақша баламасы – «өзгергіш» деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда болып, қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп отырады.
Қоректенуі. Амеба денесінің кез келген жерінен пайда болатын жалғанаяқтарымен тек қозғалыр қоймай, қорегін (ұсақ балдырлар, бактериялар) де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсінділері оны екі жағынан орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамшылары – асқорыту сөлі бөлініп, қоректің түйірі орналасқан жерде вакуоль пайда болады. Вакольдің ішіндегі асқорыту сөлі қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған бөлігі дененің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Сол кезде асқорыту вакуолі жойылып кетеді.
Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Цитоплазмаға сіңген оттегі ондағы қоректік заттарды өте қарапайым заттарға айырып, тотықтырады да, суға амеба денесіндегі көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Амеба денесіндегі тотығу нәтижесінде ағзаға қажетті, оның тіршілік әрекетіне қажетті энергия бөлінеді. Денедегі заттардың тотығуы да жануға ұқсас, бірақ одан айырмашылығы: жылу мен жарықты жалын ретінде бөлмейді.
Зәр шығаруы. Зат алмасу туралы ұғым. Амебаның арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ. Тіршілік әрекеті кезінде цитоплазмада әр түрлі зиянды заттар да ериді. Ол зиянды заттар амебаның бүкіл денесі арқылы сумен бірге цитоплазмаға түседі. Зиянды заттар ерітіндісінен цитоплазмада көпіршік – жиырылғыш вакуоль пайда болады. Микроскоп арқылы зер сала қарасаңдар, жиырылғыш вакуольдің 1-5 минут сайын бірде үлкейіп, бірде кішірейіп тұрғанын байқайсыңдар. Амеба вакуольге жиналған зиянды ерітіндісін көпіршікті жиыру арқылы мезгілімен сыртқа шығарып отырады. Сөйтіп жиырылғыш вакуоль амебаның денесіндегі суды, сонымен бірге ерімей қалған қоректік зиянды заттарды дененің кез келген жерінен сыртқа шығарып, цитоплазманы уланудан сақтайды, яғни зәр шығарады. Суда еріген оттегінің амеба денесінде тотығуы, оттегінің зиянды заттарға дейін қоректі тотықтыруы химиялық өзгеріс болып табылады. Ағзадағы барлық зат атаулылардың және энергияның өзгеруі, яғни химиялық реакцияның жиынтығы зат алмасу деп аталады. Табиғаттағы кез келген тіршілік иесі өз денесінде және айналадағы ортада зат алмасу құбылысы тежелсе, одан әрі тіршілік ете алмайды. Зат алмасу арқылы қоректік заттар ыдырап, энергияға айналады да, бейорганикалық заттардың қосылыстары жинақталған кезде басқа заттар түзілу арқылы жасушаның әрекеті күшейе түседі.
Көбеюі. Амебалардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді.Жыныссыз көбею амеба денесінің тең бөлінуі арқылы өтеді. Бұл кезде алдымен амебаның ядросы екіге бөлініп, денесі созылады да, жаңа пайда болған бір-бір ядромен екі жаққа ажырайды. Пайда болған екі жасушаның – екі жас амебаның біреуінде ғана бұрынғы жиырылғыш вакуоль сақталады, екіншісінде ондай вакуоль жаңадан түзіледі. Сөйтіп, амеба бөліну арқылы көбейеді.
Циста түзуі. «Циста» грекше «кистис», яғни «қаптама» дегенді білдіретін сөз. Қолайсыз жағдайға тап болған кезде амебаның денесі жұмырланып, сыртын қалың тығыз қабат қаптайды да, қоректенуін тоқтатады. Осындай тығыз қабықша циста деп аталады. Цисталанған амеба суқойманың суы суалса да, айналадағы температура күрт өзгерсе де төзеді. Цистадағы амеба жел арқылы басқа суқоймаларға оңай таралады
Ү. Бекіту тапсырмалары: А) Кестемен жұмыс
Қоректенуі
|
|
Тыныс алуы
|
|
Зәр шығаруы
|
|
Көбеюі
|
|
Циста түзуі
|
|
ҮІ. Үйге тапсырма: . Кәдімгі амеба тірі ағза ретінде. Сыртқы және ішкі құрылысын оқып келу
ҮІІ. Бағалау.
КҮНІ:
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Мақсаты Ауру қоздырғыш дизентериялық амеба және безгек паразитімен таныстыру, олармен күресудің алдын алу шаралары туралы білімдерін тереңдету
Міндеттері
1. Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қоздыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру; 2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Еркін сөйлеп, ойын жеткізуге, салыстыра білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын ояту; 3. Жаңа білімді игерте отырып, санитарлық - гигиеналық тәрбие беру
Түйінді идея Ауру қоздырғыш қарапайымдардың тіршілігімен, күресу шараларымен танысу
Сабақтың түрі Саяхат сабақ
Нәтиже: Оқушылар қарапайымдылардың ауру қоздырғыш түрлерімен танысады, жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады
Ұйымдастыру Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Ынтымақтастық атмосферасын құру
Көшбасшы болу, топқа бөлу, амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, топтық)
Психологиялық сәт
Ұраны: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»
Сурет-карточкалар арқылы топқа бөлу:
І топ: «Амеба»
ІІ топ: «Эвглена»
ІІІ топ: «Кебісше»
Қолданылған модульдер Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Білу «Өткенге шолу» аялдама АКТ, СТО
І. Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын қайталау: Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өте ақылды жәнеқарапайым болған екен. Патшаның үш ұлы болған, олардың мінез - құлқы мен жаратылысында өзгешіліктер болыпты. Үлкені - бір орында тұра алмайтын, соған сай мінезі де құбылмалы екен. Ортаншысы - өте сәнқой болыпты, күндіз жасыл көйлек кисе, түнде ақ көйлек киіпті. Үнемі төбесінен бір тал үкісі түспепті. Ал кішісі - ерекше пысық болыпты, оның әдемі кірпіктеріне қызықпаған ел қалмайды. Тіпті екі «жүрегі» болғанға ұқсайды. Бірақ, осы үш ұлдан көптеген елдер зиян шегіпті де, патшаға арыз айтушылар көбейіпті. Сонда әбден шаршаған патша халыққа мынандай үндеу тастапты: « Менің ұлдарымның бойында ерекше қасиеттері бар, кімде – кім сол қасиеттерін тапса, бас уәзірім болады»- депті. Ал, қане ойланайық! Кім тапқыр екен?
Амеба, Эвглена, Кебісше туралы, оның қасиеттерін, маңызын таныстырады
Бірін-бірі қолдайды
Кәдімгі амеба Жасыл эвглена Кірпікшелі кебісше
Сабақтың тақырыбы. §41. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға ішекқуыстылар типін түсіндіріп, білімдерін тереңдету, түрлерімен таныстыру.
ә) дамытушылық: Оқушыларға ішекқуыстылардың түрлерімен таныстырып, білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін, ізденімпаздығын дамыту.
б) тәрбиелік: оқушылардың игерген білімдерін ортаға салуға, ойын еркін жеткізуге, сөз мәнерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Аралас
Сабақтың өту әдісі: СТО, ауызша, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, суреттер,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ғажайып ондық
1. Инфузория деген не?
2. Бодо неліктен жануар текті қарапайымға жатқызылады?
3. Бодо қалай қозғалады?
4. Қантышқақ амебасынан қандай зиян келеді?
5. Ұйқы ауруының қоздырғышы?
6. Хроматофор грекше қандай мағына береді?
7. Лямблияның дене тұрқы қанша?
8. Безгекпен ауырған адамның дене қызуы қанша градус болады?
9. Кірпікшелі жәндіктерде ядро қандай қызмет атқарады?
10. Споралылар типіне қандай жәндіктер жатады?
Кесте толтыру
III. Өткен сабақты пысықтау.
Біржасушалы жәндіктер:
Споралы ----- Кірпікшелі --- Талшықты
IV. Жаңа сабақты баяндау.
Ішекқуыстылар типі
Гидроидтар класы, сцифоидтар класы, маржан полиптер класы. Жалпы сипаттамасы
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір - бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты жануарлар тобына жатады.
Екіншіден - энтодерма кабатындағы клеткалары қуыс ішіне аскорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.
Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін - медузалар болып топтасады.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама - қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол - полиморфты, ал бірдей болса - мономорфты колония болады.
Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - аткыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Ішеккуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000 - ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, коңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм - ден бірнеше см - ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, алып медузаның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м - ге дейін жетеді.
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпак алмасуы - метагенез арқылы дамиды.
Ішеккуыстылар типі үш класка бөлінеді: гидроидтар класы - сцифоидтар - және маржан полиптері. (суреттері)
V. сабақты бекіту.
№ 14 Тұщы су гидросының сыртқы құрылысы және тіршілігімен танысу
Құрал - жабдықтар: 1) 2 - 3 оқушыға бірден келетіндей етіп ұлғайтқыш әйнек әзірлеу;
2) сапты инелер 3) 2 - 3 оқушыға бірден келетіндей, ішінде гидрасы бар сынауық.
1 Гидраны кез келген суы таза тоқтау судан тауып алып, зертханалық жұмысқа әзірлеу. Қажетті гидраны үлкен шыны ыдыста ұстауға болады.
2. Сынауықтағы су өсімдігіне жабысып тұрған гидраны ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Гидраның сыртқы құрылысымен танысу. Гидраның қалай бекінгенін анықтап қарау. Дәптерлерге суретін салу. Гидраның қармалауыштарын жазып, созылуы да, бүрісіп домалана жиырылуы да мүмкін. Екі жағдайды анықтап көріп, дәптерге бейнесін сызып алыңдар.
3. Шыны ыдыстағы су өсімдігінде жабысып тұрған гидраны тітіркендіріп, нәтижесін анықтау. Гидраның сабақшасымен қармалауыштарын созу кезеңінде денесіне ине шаншу. Гидраның оған қалай жауап қайтарғанын бақылау.(Оқушылар ұлғайтқыш әйнек пен гидраның денесіне ине шанышқанда қалай тітіркенетінін нақтылы көре алады. )
4. Сабақтан тыс уақытта гидрамен мынадай тәжірибелер жасауға болады.
1) гидраның қорегін қалай аулайтынын бақылау; 2) гидраның адымдап жүруін қадағалау (бұлар ды бақылау үшін гидраны 1 - 2 күн қоректендірмей, ашықтыру керек. Сонда қорекке тез ұмтылады және жүретін болады).
Мағынаны тану.
Лоторея ойыны
«Алтын таға»
● Обелияның суретін құрастыру.
● Мынау қандай ішекқуысты?
● Қызыл маржанды сипаттау?
● Гидра сәйкестендіру ішкі және сыртқы құрылысы?
● Ішекқуыстылардың аттарын жазу?
● Артық сөзді табыңыз?.
«Білгенге маржан»
● Маржан деген не?
● Риф деген не, оның қандай түрлері бар?
● Актинияның гидрадан айырмашылығы неде?
● Гидра қандай жолмен көбейеді?
● Құлақты медузаның диаметрі неше сантиметрге жетеді.?
VI. Қорытынды
Денесі өте көпжасушалардан тұратын жәндіктермен жануарлар көпжасушалылар деп аталады. жүйке жасушалары жүйке торын түзеді. Ішекқуыстылардың барлығында атпа жасушалары болады. Олар суда жыртқыш, суда, көбінесе теңізде өмір сүреді.
VII. Оқушы білімін бағалау
VIII. Үйге тапсырма §41 оқып келу.
Кестені толтыру
Белгілері --------------------------------------- Актиния --------------------- Тамырауыз медуза
1. Мекен ортасы
2. Жемі және ұстау әдісі
3. Астың қорытылатын орны
4. Қозғалуы
5. Дене пішіні
6. Денесінің реңі
7. Дене симметриясы
Достарыңызбен бөлісу: |