Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Өтегенова Шарбану Мұхамбетиярқызы
Сабақтың тақырыбы: Біржасушалы қарапайымдылар
Өткізілу күні:
Пәні: Биология
Сынып-7
Мақсаты: Қарапайымдылардың жіктелуі, түрлері ,құрылысы, тіршілік әрекеті ,
табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру
-
Білімділік: Бір жасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қоздыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру, қарапайымдардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру, қызығуын арттыру.
-
Дамытушылық: Қарапайымдылардың көптүрлілігі туралы көзқарастарын кеңейте отырып , өз беттерімен қорытынды жасай білу, салыстыру, сараптау, сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту;
-
Тәрбиелік: Қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы және бейімделушіліктері туралы түсіндіре отырып, олар да табиғаттың құрам бөлігі деген көзқарас қалыптастырып, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Проблемалық
Ұйымдастыру әдісі: Зерттеу- ізденушілік
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың жоспары:
1.Оқушылардың қызығушылығын ояту. Миға шабуыл (Қарапайымдылар тақырыбын ашу)
2. Қарапайымдылаға тән қасиеттермен танысу видеоларды қарау арқылы зерттеу жұмысын жүргізу;
3.Зерттеу жұмыстарының қорытындысы;
4. Сабақты қорытындылау (жазбаша тапсырма- кесте толтыру).
5. Бағалау;
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, ынталандыру.
ІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Слайд №1«Тірі ағзалар» Сұрақтар :
-
Алдымыздағы слайдқа назар аударайық, қандай қорытынды жасар едіңіздер?
Жауап:Тірі ағзалар патшалығы
-
Барлық тірі ағзаларға ортақ белгі?
Жауап:Барлық тірі ағзалар жасушадан түрады, жасуша тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі.
-
Тірі ағзаларға тән қасиеттерді есімізге түсіреміз
«Адасқан хаттар » өсімдік және жануар жасушасының құрылысын сипаттау
Көрсеткіштер
|
Жасыл өсімдіктер
|
жануарлар
|
Қоректену типі
Зат алмасу
Жасунықтық жасуша қабығы
Өсуге қабілеттілігі
Қозғалыс та болуы
Қорек іздеудегі белсенділігі
Қоректік тізбектегі маңызы
Мүшелер жүйесі
|
Автотрофты
Ағзалық заттардың ыдырауы
Бар
Өмір бойы өседі
Тропизм, таксис
Белсенді емес
Продуценттер
Вегетативті, генеративті
|
Гетеротрофты
Қоректік заттардыңыдырауы
Жоқ
Жас шағында өседі
Белсенді қозғалады
Белсенді қорек іздейді
Консументтер
Сомалық , жыныстық
|
Сұрақ: Бір ғана жасуша тірі ағза бола ала ма? / слайд -1/
Оқушылар жауабынан кейін тақтаға сабақтың тақырыбы шығарылады.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады.
Қарапайымдылардың ашылу тарихынан үзінді.
І. Базалық білімді қайталау
Сұрақ Жасуша органоидтарын, олардың қызметін есімізге түсіреміз.
-
Жасуша қабықшасы
-
Цитоплазма
-
Ядро
ІІ. Жаңа сабақ
Тек қана қарапайымдыларға тән қасиеттер:
-
Қозғалуы
-
Жиырылығыш вакуоль (ішкі орта тұрақтылығын сақтау)
-
Көбеюі
-
Қоректенуі
-
Тітіркенгіштігі
-
Цисталануы
«Ғалымдар сөйлейді » біржасушылылардың тарихы туралы оқушылар мәлімет береді.
Қарапайымдылардың жіктелуі:
Әр тип өкілдеріне, ерекшелігін қарастырамыз
Қарапайымдылардың типтерге жіктелуі олардың қозғалысына негізделген.
Мысалы : Тамыраяқтылар, талшықты қарапайымдылар, кірпікшелі қарапайымдылар,
Енді саркодалар класына тоқталайық.
Класс тармағы:Тамыряқтылар, сәулелілер, күнтәрізділер
Достарыңызбен бөлісу: |