Өткізген: биология-химия пәні мұғалімі Ж. Б. Курмангалиева. География-биология пәні мұғалімі



Дата19.05.2018
өлшемі96,78 Kb.
#40529
Өткізген: биология-химия пәні мұғалімі Ж.Б.Курмангалиева.

География-биология пәні мұғалімі:



Имангалиева Ж.Қ.

Химия-биология пәні мұғалімі:



Бегайдарова Г.Б.


Сыныбы: 6 «Б»

Күні 18 қантар 2016 жыл

Тақырыбы


Шымтезек мүгі. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Мүктәрізді өсімдіктерді қорғау.


Мақсаты


-шымтезек мүгінің жалпы сипаттамаларымен танысу; қандай табиғат зоналарда кездесетінің анықтау.

-құрылыс ерекшеліктерін талдай отырып, не себепті «ақ мүк», «шымтезек мүгі», «сфагнум» деп аталуын қорытындылау;

- шымтезек мүгінің маңызымен таныса отырып, батпақты жерлерде жинау ерекшеліктерін менгеру. Шымтезектен алынатын өнімдермен танысу.


Күтілетін нәтиже

А Шымтезек мүгінің қандай табиғат зоналарда кездесетінің, жалпы сипаттамаларын біледі.


В. Неліктен ақ мүк немесе шымтезек мүгі деп аталуының себебін құрылыс ерекшеліктерін талдай отырып қорытындылайды.


С. Шымтезек мүгінің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын беле отырып, қолдану үшін өмірде шымтезек мүгін жинау ерекшеліктерін менгереді. Шымтезектен алынатын өнімдер туралы біледі.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, слайд-презентация, бейнеролик, шымтезек мүгінің кеппешөбі, географиялақ карта, шымтезектен алынған заттардың жинақмалары, Петри табақшасы, су, маршруттық карта, кеңейтілген тапсырма, бағалау парағы.

Пән аралық байланыс

Биология, география, химия, экология, қазақ тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


5

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.




Салемдеседі, қөңіл-күйлерін білдіріп,топқа бөленеді.

Сабақты қабылдауға бағытталады.



Тұсаукесер


5-7

Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.

Шеңберге тұрып «Мүктәріздестер бөлімі туралы не білеміз?» деген сұраққа шеңбер бойынша әр оқушы бір мәлімет айтуы керек. (қаталанбауы шарт)

Бүгінгі тақырыппен танысытырып, мақсатын анықтау.
Сулы жер емес, құрлықта емес.

Қайықпен жүзе алмайсын, жаяуда жүре алмайсын. 

(жауабы: батпақ)

Қалай ойлайсыңдар неге мен сізге бұл жұмбақты жасырдым.



Шеңбер бойынша не біледі, еске түсіріп мәліметтерді қайталамай айтып шығады.
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазып,, мақсатын анықтайды.

Жұмбақ жауабын табады.


Сұраққа ойланады. Ойларын айтады. (Себебі шымтезек мүгі батпақты жерлерде өседі)



Негізгі бөлім


5

10

5



Ендеше жер бетінде батпақты жерлер қай зоналарда кездеседі, қандай түрлері болады, қандай өсімдік жамылғысы кездесетіні туралы бізге география пәні мұғалімі Имангалиева Ж.Қ. баяндап береді.

«Басбармақ» әдісі бойынша формативті бағалау

Биолог өзім: - Ендеше, алдымыздағы сол шымтезектің кеппешөбімен танысып, берілген тапсырмаларға жауап іздейміз.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру.

Маршруттық картамен жұмыс

Микроскоппен жұмыс жасаған кезде жұмыс жасау ережелерін бақылау.

Формативті бағалау: басбармақ әдісі.

Видеоролик көрсету. «Орманға барған кезде шымтезекті қалай жинау керек»

Кеңейтілген тапсырма орындату.

1 тапсырма: орманға барған кезде адам батпақты жерлерде өзін қалай ұстау керек?

2 тапсырма: жиналған шымтезек мүгін кептіріп сақтау ерекшеліктерін және қолдану аясын тұжырымдау.

Критерий арқылы бағалау


Оқушылар георгафиялық картадан батпақты зоналарды тауып анықтайды. Қорытынды жасайды. Біздің Қазақстанда батпақты жерлер қай жерде кездесетіні туралы ой түйеді.
Кеппешөптерді зертеп, шымтезек мүгінің құрылысымен танысады. Сұрақтарға жауапты мәтіннен керекті мәлеметтерді тауап жұппен жауап береді.

Жұпта зерттеушілік әңгіме өрбітіп, кеппешөпті зерттеп жұмыстанады, тәжірибені орындап, қорытындылайды.


Видеороликті қарайды.

Жеке тапсырма орындайды. Бағалау критерийлері бойынша тапсырманы жұпта өзара бағалайды.



Қорытынды


10

-неліктен шымтезек мүк деп аталады?

-шымтезек деген не? Оның табиғатта, адам үшін маңызы бар ма?

-Ендеше шымтезектің қолдану аясын, шымтезектен қандай заттар алынады, осы туралы бізге химия пәнінің мұғалімі Бегайдарова Г.Б. баяндап береді.

«Басбармақ» әдісі бойынша формативті бағалау


Сөздікпен жұмыс

Рефлексия. Синквейн

Бағалау.

Үйге: §35, ҚР кездесетін мүктер (іздену жұмысы) Венн диаграмма құрастыру. (Жасыл мүк пен шымтезек мүгін салыстыру.)



Шымтезек мүк пен жасыл мүктің айырмашылықтарын айтады.

Сұрақтарға ойланып жауап береді.


Мәліметті тыңдайды, бағыттаушы сұрақтарына жауап береді.


Жаңа сздердің қазақша-орысша-ағылшынша аудармаларын тауып сөздікке жазады.

(мүк, шымтезек мүгі, шымтезек, ризоид)

Синквейн жазады.



Қорытынды бағаларын айтады.

Сабақтың талдауы







Тақырыбы

Оқыту мақсаты

Бағалауға ұсыныс




Шымтезек мүгі

Орманды батпақты жерлерде кездесетін шымтезек мүгін жинау ерекшеліктерін меңгерту

1-тапсырма бойынша орманға барған кезде адам батпақты жерлерде өзін қалай ұстау керекгігі жайлы мәліметтерді және шымтезек мүгін жинау ерекшеліктерін білуі қажет
2-тапсырма бойынша жиналған шымтезек мүгін кептіріп сақтау ерекшеліктерін және қолдану аясын тұжырымдай білуі қажет.

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер...

Оқушы оқу мақсатына талпынды, егер...

Орманды батпақты жерлерге барған кездегі өзі қалай қиіну керектігі және өзін орманда қалай ұстау керектігі туралы толық жаза алды (үштен кем емес)

Орманда батпақты жерлерде іске асырылатын жұмыстарды үштен кем жазды, өзімен алынатын негізгі заттарды атады, бірақ олардың себебін негіздеп, түсіндіре алмады.

Әр іс-әрекетіне незігдеме келтірді

Орманға барарда өзіне қажетті алынатын заттарды атады (төрттен кем емес)

Алынған заттарды мақсатты түсіндіре алды.

Зерттеу жұмысы «Шымтезек мүгінің құрылысы»

Маршруттық карта

  1. Не істейміз:  Шымтезек мүгінің кеппешөбімен танысыңдар. Сабағын, жапырағын және қауашағын табыңдар. Сабағына назар аударыңдар.  Сфагнумнің бұтақтарының ұштарын үлкейткіш әйнекпен қарап қауашағын табыңдар. Суретін дәптерге салыңдар. (оқулықта 118 бет, 92 сурет А, Ә)

Қорытынды: Сұрақтарға жауап бер.

  1. Шымтезек мүгінің сабағы қандай?

  2. Неше түрлі жапырақтары болады?

  3. Споралары қай жерде пісіп жетіледі?



  1. Не істейміз. Бір жапырағын алып заттық шыныға орналастырып су тамыз. Жабын әйнекпен жауып, микроскоп астында қара. Екі түрлі жасушаларын тап. Жапырақтың ішкі құрылысын суретін сал. (оқулықта 118 бет, 92 сурет Б)

Қорытынды.  Сұрақтарға жауап бер:

  1. Хлорофилі бар жапырағы қандай қызмет атқарады?

  2. Жапырағындағы өлі жасушы қандай қызмет атқарады?

Тәжірибе жасаңдар. Петри табақшасына 1-2 мл су құйып ішіне шымтезек мүгінің бірнешеуін салыңдар, не байқадыңдар.

Қорытынды жасаңдар. Судың сіңуі қандай жасушаларға байланысты?

Зерттеу жұмысы «Шымтезек мүгінің құрылысы»

Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі

«Бекітемін»

Директордың ОТІЖ орынбасары

Қ.С.Мухамбетжанов

­­­­­­­­­­­­­____________________
«_____» _________2016 ж
Сабақтың тақырыбы:

Шымтезек мүгі. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

(кіріктірілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары)

Биология,география,химия пәндері

6 сынып

Өткізген: биология-химия пәні мұғалімі Ж.Б.Курмангалиева.

География-биология пәні мұғалімі:

Имангалиева Ж.Қ.

Химия-биология пәні мұғалімі:



Бегайдарова Г.Б.



2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет