Тәуелсіз Қазақстанның
жетістігі
Тәуелсіз Қазақстанның
жетістігі
29 тамыз 1991 жыл – Семей ядролық полигонының жабылуы
Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.
Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
16 желтоқсан 1991 жыл – Тәуелсіздік күні
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
2 наурыз 1992 жыл – Қазақстан БҰҰ-на қабылданды
Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі атанды. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көпвекторлы сыртқы саясат бағытын ұстанып келеді.
6 шілде 1994 жыл – астана күні
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға аян. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қояды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді.
1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
2019 жылдың көктемінде елорда атауы тағы өзгерді. Қазақстанның екінші президенті 2019 жылы 20 наурызда ұлықтау рәсімінде ел астанасын республиканың тұңғыш президентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды.
30 тамыз 1995 жылы референдумда Қазақстанның Конституциясы қабылданды
1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді
1999 жылы ЖОО талапкерлері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді
1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды
1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бекітілді, 2012 жылы «Қазақстан -2050» стратегиясы таныстырылды
2000 жылы Қазақстандағы ең үлкен жоба – Қашаған мұнай-газ кен орыны іске қосылды
2017 жылы Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, 2018 жылы БҰҰ –на төрағалық етті
Қазақстан 100-ден астам елге 2500 тауар экспорттайды
Қазақстанда туу көрсеткіші 60%-ға артты, қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 64 жастан 72 жасқа ұлғайды
100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, 1500 ден аса мектеп, 2700 ден аса балабақша қолданысқа берілді
2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (ОБСЕ) председателі болды, 2010 жылы 1 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті
2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Астана және Алматы қалаларында ҮІІ қысқы азия ойындары өткізілді
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 70-ке жуық олимпиада жүлдесін алды
2012 жылы Қазақстан әлемнің 50 бәсекеге қабілетті экономика қатарына енді
2017 жылы Қазақстанда халықаралық, мамандандырылған EXPO көрмесі өтті
2014 жылы Еуразиялық экономикалық Одақ Қазақстанның бастамасы бойынша құрылды
2015 жылы Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров (1991 жылы алғаш ғарышқа шықты) пен Талғат Мұсабаевтың (1994-2001 жылдар аралығында 3 рет ғарышқа шықты) ізін жалғап 3-ші қазақ Айдын Айымбетов ғарышты бағындырды
2015 жылы Қазақстан халықаралық сауда ұйымының толыққанды мүшесі атанды
2015 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның бастамамасымен БҰҰ-ның бас ассамблеясы ядросыз әлем құрудың жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемнің 182 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
2018 жылы Ақтауда каспий саммиті өтті
Қазақстан халықаралық жетекші ұйымдарға мүше – БҰҰ, ЕЫҚҰ, ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ
2018 жылы 25 қарашада Қазақстан алғаш рет «Евровидение-2018» балалар байқауына қатысты
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланды және жүзеге асырыла бастады
2019 жылы 9 маусымда Тәуелсіз қазақстан тарихында екінші президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды
2018 жылы Димаш Құдайберген «I’m singer» байқауына қатысып Қазақстанды әлемге танытты
Назарларыңызға
рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |