Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау



Дата19.12.2016
өлшемі77,96 Kb.
#4140
түріСабақ
Сынып сағатының тақырыбы: Қауіпсіз ғаламтор

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін        нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерінқалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың түрі:  түсіндіру /пікірталас/
 

 І . Сабақтың барысы:
1.Шаттық шеңбері

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу

2.Қызығушылық ояту

видео-ролик көрсету



  1. Мағынаны тану

а) Топтық жұмыс (постер қорғау)

ә) топтық жұмыс (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс)



  1. Ой толғаныс

«Алтын қағида» әдісі арқылы

5.Кері байланыс

Қылауша, күннің көзі арқылы

ІІ.    Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу

—  Жүргізілген сауалнамаға назар аудару.

—  ғаламтор пайдаланып көрдіңіз бе?

—   ғаламтор балалар үшін қауіпсіз дегенге келісесіз  бе?

 Балалар, бүгінгі сабағымыз тақырыбы қандай болмақ?

 ІІІ.  Мағынаны тану.

Мұғалім:   ғаламтор туралы кіріспе.

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
                                                                                                                                            

Топтық жұмыс. Постер  қорғау.

                           І –ші топ ғаламтордың  пайдасы туралы айтады. Дильназ

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Интернет  мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор

Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан – жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.



  Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана – сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес              

 ІІ–ші топ ғаламтордың   зияны туралы айтады. Азамат

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы – ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық – зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық – зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады.

Балалар ойлап тапқан 7 жаңалық.                                                                                                                                                        Топтық жұмыс   \ тви шоу, радио бағдарлама,  көрініс.\

  «      Алтын қағида  »  ережесі
«
Сен есіңе сақтап ал»


  • Қауіпсіз ережелерді ескеруді,

  • Әр 20 – 25 мин. көзге жаттығу жасауды;

  • Көзбен компьютердің арасы 60 – 70 см болуын;

  • Компьютер алдына кактус гүлін қоюды;

  • Ғаламторға тәуелді болмауды;

  • Жат киноларға көңіл бөлмеуді



  • МҰҒАЛІМ СӨЗІ «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
    Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,
    Пайда не залал ма ескерілмек,
    Көргенің естігенін есепке алса,
    Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, жұмыс жасадық.


Жер халқының келешегі жас буын, яғни  сіздер!   Сіздердің мәселе лерің шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен   мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де бол са   өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз.!

Қорытынды: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

 
7 ЖОББББММ
Қауіпсіз ғаламтор
8 «А» сынып

Жауапты: Имамағзам Азамат

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет