Сөж тақырыбы: «Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілінің экспрессивтілігі: дыбыстық ерекшелігі, ортаға бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері туралы ой толғау» Орындаған: Алмас Аружан



бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі22,23 Kb.
#189770
  1   2
Байланысты:
стилистика


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: «Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілінің экспрессивтілігі: дыбыстық ерекшелігі, ортаға бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері туралы ой толғау»


Орындаған: Алмас Аружан
Қабылдаған: Сейталиева Қ


Алматы, 2023ж
Публицистикалық стильдегі шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болып, бұқараға ықпал ету сипаты басым келеді. 
Қоғамдық өмірдегі жаңалықтар, өзгерістер туралы жұртшылықты құлағдар етіп, қоғамдық пікір қалыптастырады. Публицистикалық стильдің барлық жанрларына ортақ 
мынадай қызметтері айқындалған: 
- ақпараттық (түрлі деректер мен хабарларды жеткізу); 
- түсініктеме-баға берушілік (берілетін деректер көбінесе 
түсіндірумен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп 
отырады); 
- танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи және ғылыми 
материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, 
оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады); 
- ықпал ету қызметі (көпшіліктің саяси-әлеуметтік көз-қарасына, санасына әсер етушілік); 
- гедонистикалық (әдетте, мұндай қызмет көңілді хабарларды жеткізу кезінде байқалады, әсіресе, радио мен телевизия арқылы кез келген хабардың тыңдарман мен көрермен-
дердің көңіл-күйін көтеретіндей, эстетикалық қажетін өтейтіндей тартымды, әсерлі жүргізілуі). 
Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық сипаты 
төмендегідей: 
- ақпараттың жедел қабылдануы
- хабардың толыққанды жеткізілуі; 
- баяндаудың: 
а) нақтылығы; 
ә) фактографиялылығы; 
б) логикалылығы; 
в) ықшамдылығы; 
г) экспрессивті-эмоционалдылығы; 
ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі. 
Публицистикалық стильдің (бұқаралық ақпарат құралдарының) жазбаша түріне мерзімді баспасөз (визуалдық), ауызша түріне радио (аудиалдық), теледидар хабарлары, деректі кино (аудиовизуалдық) жататыны белгілі. Ал жанрлық түрлері: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет және сұхбат, т.т. Әрқайсысының өзіндік сөз қолдану ерекшелігі, экстралингвистикалық, тілдік-стильдік сипаты (белгілері) айқындалады. Басты стильдік сипаты: мұнда қолданылатын сөз үндеу мәнінде жұмсалады. Сөз эмоционалды-экспрессивті сипатта болады (еңбек ардагері, дем беруші, көшбасшы, нық қадаммен, т. б.). Тілдің осындай эмоционалды-экспрессивтілігі жағынан көркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі көрінеді.
Публицистикалық стильдің әдеби ауызша түріне радио-теледидардан берілетін хабарлар жатады дедік. Зерттеушілер телехабарлардың құрылымы тетрададан (төрттіктен) тұратындығын атап көрсетеді: 
- сөйлеу тілінен; 
- табиғи дыбыстан; 
- музыкадан; 
- көріністен (М.Серғалиев). 
Олай болса, аудиовизуалдық хабарлардың адресаттары көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне байланысты ол хабарлардың тілдік сипаты да әр түрлі дәрежеде көрінеді.
Публицистикалық стильдің барлық түрлеріне ортақ лингвистикалық ерекшеліктер төмендегідей: лексика мен фразеологияда – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер (хабар, репортаж, ереуіл, демократия, сұхбат, диктор), бағалауыш лексикалық бірліктер (ұлтжандылық, көшбасшысы, бәсекеге қабілетті, ұрпақтар сабақтастығы, ақпараттар ағыны т.т.), ілгеріде келтірілген эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, перифразалар (көгілдір экран, ақ халатты абзал жан, қара алтын, дала кемесі т.б.), стандарт тілдік бірліктер (арнайы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгімелейді, т.т.); грамматикада – қосарлы сөздер (бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық т.б.), бұйрық рай тұлғалы сөздер (жүзеге асырайық, оңды нәтижеге жетеміз, іске жұмылдырылсын), сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, әртүрлі қайталамалардың, көркемдік құралдардың қолданысқа түсуі, ықшамдалған сөйлемдер мен түрлі синтаксистік құрылымдардың пайдаланылуы, өзге де стиль түрлеріне тән белгілердің кездесуі жиі байқалады. Мәселен, ақпараттың толық әрі нақты жеткізілуін қамтитын синтаксистік құрылымдарға негізделген баспасөз тіліне қарағанда, теледидардан көрсетілетін жаңалықтар мен ақпараттар легі қысқа әрі нұсқа 
үлгісіндегі сөйлемдермен жеткізіледі, онда стандарт тілдік бірліктер, дәстүрлі қалыптасқан сөз үлгілері жиі жұмсалады: 
Бүгінгі көретіндеріңіз; Арнайы тілші репортажы; Назарларыңызға ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтары; Тікелей эфирде «Хабар» арнасының қорытынды жаңалықтары; Хабарымызды жалғастырамыз; Тілшіміз әңгімелейді; Ендігі кезек 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет