Тақырыбы: «Біз – космос дәуірінің ұланымыз» Мақсаты



бет1/3
Дата29.11.2016
өлшемі1,66 Mb.
#2785
  1   2   3
Тақырыбы: «Біз – космос дәуірінің ұланымыз»

Мақсаты:

1.Білімділік: бүкіл еліміз адамзат баласының ғарышқа тұңғыш жол салуының және ғарышқа ұшу арманының орындалуын тұлғалар арқылы байланыстырып анықтау;

2.Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділіктерін,ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге,ғарышкерлерді құрметтеуге,экологиялық апаттардан қорғауға тәрбиелеу;

Әдісі : әңгімелесу,сұрақ – жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға салу,ғарыш туралы ән, би, сөзжұмбақ шешу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа.
Тәрбие сағатының барысы:

Қызығушылығын ояту. «Құс жолы» әнінің музыкасы естіліп тұрады

Ой қозғау.

  • Әуенді тыңдап отырғанда көз алдарына не елестеді?

(Оқушылардың жауаптары)

Мұғалімнің әңгімесі



- ХХ-ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи-қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген атпен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар. Оның біріншісі қазақ елінің ұйтқи соққан замана желінің қаталда қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.
1– оқушы . Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған «Біз- космос дәуірінің ұланымыз» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!


2 – оқушы. Бүгін дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 52 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, Қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.
3- оқушы. 1957 жылы Ғарышқа жол 4-қазанда ашылды.

Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды.

Жер спутнигімен «Лайка» атты ит ұшырылды.
4- оқушы. 1959 жылы 12-қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды.
5- оқушы. 1961 жылы Москва уақыты бойынша 12 сағатта бұрынғы Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып, адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқтағанын хабарлады.

Ғарышқа бірінші рет Россия азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткеннен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен.


6- оқушы. 1963 жылы: 16 шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер- орыс қызы Валентина Терешкова ұшты.

Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш айлағы Қазақстанның Байқоңыр жерінде орналасқан.


7- оқушы.
- Сүрінген бабам сан рет,

Космосқа қарай барам деп.

Қойынында мылқау тірліктің,

Қандай сыр барың білем деп.

Адами қиял осылай, аспанға ұшып , әрі ұшты,

Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.


8- оқушы.

- Иә, қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары - содан бері ғарышкерлер ғарышта болып қайтты.



Мұғалімнің әңгімесі.

-Неліктен космодром «Байқоңыр» болып атанған?

1961жылы 12 сәуірде Гагарин қазақ жерінен ғарыш әліміне ұшып шықты. Ол бірден бірнеше дүниежүзілік рекордтар жасаған күні авиациа және космоанавтика халықаралық ұйымдары «Гагарин қайдан, нақты қай жерден ұшып шықты, оның рекордтарын ресми тіркеу үшін ұшқан жерін нақты айтыңыздар» деген талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Торетам стансасынан ұшқанын білдірмес үшін сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр деген елді мекенді еске түсіріп, Гагарин ұшқан жерге соның атын бере қойған.Содан тұңғыш ғарышкер ұшқан жер Байқоңыр аталып, қазақ сөзі әлемге таралып кетті.


  • «Жер -адамның бесігі, бірақ адам бесікте өмір бойы құндақталып жата бермейді ғой. Бір кезде ол аспанға шырқап ұшады. Және сол бірінші ұшатын адам біздің Кеңес елінің адамы болады!»- деп айтқан кім?

-Ұлы ғалым, космос ғылымының негізін қалаған Константин Эдуардович Циолковский

9- оқушы.

- Сазарып жатса Сарыарқа ,

Бетпаққа оны балама.

Шындарға жарық космосын,

Жақын боп шықты далама.

Өкпелей бермей өткенге,

Ұғып қой ұрпақ бақытты.

Түн болса бабаң ғарышқа,

Түнліктен қарап жатыпты.
10 – оқушы.Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынады. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия , медицин салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.

11- оқушы

Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Әубәкіров ағаның,

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин,

Салған жолды жалғаған.


12- оқушы

Тоқтар ағам- жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан

Аумай қалғым келеді.

13- оқушы

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.
14- оқушы

Бабасындай асауға,

Салған құрық-бұғалық,

Ұшақтарды сынауға,

Артқан еді құмарлық.
15- оқушы

Жұмбақ әлем,

Жұмбақ жұлдыз,

Олар көп.

Ғарышкерлер,

Біреуіне қонар кеп,

Қонып тұрып,

Адам ойы мазасыз,

Сұрар тағы,

Бұдан әрі не бар?- деп


16- оқушы

Қанат берді еліміз,

Ұлы Отанның ері біз.

Ертең- ақ Марсқа барамыз,

Ұшамыз біз Айға да,

Ұшамыз біз ғарышқа,

Ғарышкер де боламыз
17- оқушы.

Сайра бұлбұл, көкейден ән төгілсін.

Жырға бөле даланың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер



Көтерді қазағымның мәртебесін





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет