Тақырыбы: «Біз – космос дәуірінің ұланымыз» Мақсаты



бет2/3
Дата29.11.2016
өлшемі1,66 Mb.
#2785
1   2   3
Би : «Ғарышта»
Көрініс: «Марстан келген қонақ»
Марстан келген қонақ:

- Сәлеметсіздерме, балалар? Сабақтарың қалай, жақсы оқып жүрсіңдер ме? Сендерді біраз сырттан бақылап отырдым, қызықты кеш өткізіп жатырсыңдар-ау осы.


1 оқушы. Хош келіпсіз! Төрлетіңіз! Біздің сізден білгіміз келетіні көп.

М: Ендеше, сұрақтарыңызды қойыңдар, мен жауап беруге дайынмын.


2-оқушы: Марс планетасы туралы қысқаша айтып берсеңізші.

М: -Марс Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен. Марс планетасы диаметрі бойынша Жерден екі есе кіші.. Марста жағдай қатал. Экваторда жазды күннің өзінде температура 00-тан сирек көтеріледі, ал түнге қарай шытынаған аязға (-70, -1000Сқа) дейін төмендейді. Кей кезде Марста бірнеше айға созылатын тозаңды дауыл болып тұрады. Марстың магнит өрісі жердікінен өте әлсіз.


М: Кешірерсіздер, мені достарым шақырып жатыр. Бізде артық жүріс деген, бос іспен шұғылдану деген болмайды. Сондықтан менің уақтым тығыз, мен жаңа жаңалықтар ашу үшін уақтымды жұмсаймын. Сендер тамаша балақай екенсіңдер. «Ғарышкер боламын» деген оқушының талабы жақсы екен. Ғарышта көк туларыңыз желбірей берсін.

Сәт, сапар сіздерге, достар! Сау, болыңыздар!

Оқушылар: Сау болыңыз!
Марфуға Айтқожақызы “Қос ғарышкер” өлеңінен үзінді:

Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем,

Үзілген үмітімді жалғап кетем!

Ақынға да кеңістік,ғарыш керек,

Көз жұмбасам ерлікке,самғап бекер!
Қос ғарышкер,қос батыр,қос жұлдызым,

Мерейлі етіп тұрсыңдар,достың жүзін.

Тағы да озып келсін Талғатым деп,

Аспанның бәйгесіне қостым бүгін!


Қазақстандық ғарышкерлер,халық қаhармандары – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы мәліметтер беріледі.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979).

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.


1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Марапаттары

Қазақстанның:

«Халық Қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

«Отан» ордені (1995)
Ой қозғау

- Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім?

-Т.Мұсабаев. Ол 1994ж.135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998ж. Орбитада 7 ай жүріп, 7рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас-аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғыйығымен бетпе-бет өткізді

- «Біздің ғарышкерлер біз салған жолды Ресей Федерациясымен бірге жалғастырады деп ойлаймын. Біздің еліміздің аумағында ең үздік, ең ірі, Әлемде ең көп ұшыру жасайтын космодромның орналасуы тегіннен тегін емес. Әлемнің барлық ғарышкерлері Байқоңырды екінші Отан санайтындықтарын бүкіл дүниежүзіне айтып, жар салады. Осы орайда Ресей Федерациясы космонавтика саласында Қазақстанның ең негізгі стратегиялық әріптесі болып қала бермек», - дейді Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев.


Хор : «Космонавт боламыз»


Қорытынды . «Ғарышкер» сөзжұмбағын шешу.

1) Қазақтың ғарышқа екінші ұшқан ғарышкері (Талғат)

2) Қазақстандағы ғарыш айлағы (Байқоңыр)

3) 9 планетаның бірі (Марс)

4) Байқоңыр қаласының бірінші іргетасы қаланған ай (Мамыр)

5) Ю.Гагариннен кейін ұшқан ғарышкер әйел. (В.Терешкова)

6) Жерге ең жақын жұлдыз (Күн)

7) Гректің сөзінен аударғанда «адасушы жұлдыз» деген мағына беретін сөз (Планета)



8) Біздің өмір сүріп жатқан планетамыз (Жер)

«



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет