Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі кезгі қорларын бағалау



бет14/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі кезгі қорларын бағалау.

Дәріс жоспары: жануарлар мен фауна қазіргі қорын бағалай әдістері. Эксплуатацияланатын популяцияларды қайта қалыптастыру әдістері.
Республикада биоалуантүрлілікті сақтау табиғат ортасының жағымдылығы – біздің осы Жерде тіршілік етуіміздің негізі. Қазіргі кезде Қазақстандағы экологиялық ауыр жағдай, сонымен қатар аңшылық, балық, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының кризистік жағдайы қысқа уақытта жануарлар әлемін түбегейлі-қолданбалы зерттеу керек екенін көрсетеді. Қазақстан зоологтарының алдында тұрған түбегейлі зерттеулердің келешкті бағыттары: жануарлар әлемінің биоалуан түрлілігін зерттеу және сақтау; жануарлардың қор түрлерін тиімді пайдалану. Қазақстанның жануарлар әлемін зерттеуде доцент Н.Ержановтың басшылығымен КарГУ мамандары қатысады. Олар 1994 ж. ҚР Үкіметімен (08.94ж. № 918) мақұлданғанбиологиялық алуан түрлілік туралы халықаралық Конвенция мәселлері мен мақсаттарына сай. Жануарлар әлемінің алуандығы бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізу үшін ҚР ҰҒА зоология Институтында белгілі бір ғылыми дайындамалар бар.

Омыртқалылардың түрлік құрамы мен таралуы анықталған, кейбір шаруашылық маңызды жануарлардың және сирек жануарлардың тіршілігі мен тәжірибелік мағынасы зерттелген. Мысалы, соңғы 5-7 жылда республикада сайгактар саны тұрақты және 900-950 мың бас құрайды. Осындай сан болғанда, шығынсыз жыл сайын 15-20% кәсіптік жануарларды алуға болады. Қазіргі кезде Қазақстанда еліктің саны – 30 мың, қабан – 10 мың, тау текесі – 20 мың, марал – 15 мың дарақ.

Осы жануарлардың қоры жыл сайын 12-15 тонна ет дайындауға мүмкіндік береді.

Республика асыл терілі аңдарға бай. Мысалы, 60 жылдары өзен құндызы көрші Ресейдің Оренбург облысынан Батыс Қазақстан облысы территориясына ауысқан. Осы аймақты қорғау нәтижесінде құндыздың саны жылдан-жылға тез өсуде және 1994 жылы саны 2,5-3,0 мың дараққа жетті. Бұл жануармен Батыс Қазақстанның барлық дерлік су қоймалары толықтанған және олар Орал өзені маңындағы ормандарға үлкен зиян тигізе бастады. Санын қайта толықтыруына байланысты өзен құндызы Қазақстанның Қызыл Кітап тізімінен алынып тасталынды.

Қазіргі кездегі санына қарағанда Батыс Қазақстан облысында жыл сайын 180-200 бас жануарды аулауды жоспарлауға болады, ол популяцияның 12-15% құрайды. Қазірде қасқырлардың (қор – 100 мың) және шиебөрілердің (46-50 мың) санының көбеюі үлкен мәселе болып тұр. Қазақстанда бұл жыртқыштармен күресу қазірде № 1 мәселе, тек ауыл шаруашылығы емес, сонымен қатар асыл кәсіптік және сирек аң түрлерін сақтауда маңызы зор.

Қазақстанның орнитофаунасында құстардың 500 түрі бар, олардың 140 астамы аңшылық кәсіптікке жатады. Олардың нақты қор мөлшері анық емес. Шамалап санағанда Қазақстанда тіршілік ететіндер – 7-8 млн., тағы 8-10 млн республика территориясымен мезгілдік құстар көшеді.

Жануарлар қорын қорғау және тиімді пайдалану мақсатында жалпыремспубликалық және аймақтық мәселелерді шешу қажет. Жануарлар әлемін қорғау, өндіру және пайдалану туралы Заңында және Үкіметтік арнайы Қаулыларда жазылған жануарлар әлемін пайдалану және жабайы жануарлар тіршілік ету ортасын қорғау нормативтер бойынша жануарлар әлемі тізімдемесін жасау керек. Көптеген жағдайда жоғалған түрлерді (құлан, Пржевальск жылқысы) қайта жандандыру мәселесін шешу керек. Қорғалжын қорығы, оның дара қызғылт фламинго тобымен ерекше назар аударуды талап етеді.

Бұл жалпы және аймақтық мәселелер тізімінің шешімі Қазақстанның жануарлар әлемін сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді, бұл адамдар мен жануарлардың тіршілік ортасын комплексті жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді экологиялық бағдарламалар жасау қажеттілігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет