Дәріс № 15
Тақырыбы: Қазақстан алуантүрлігін сақтау бойынша ұлттық стратегиясы.
Дәріс жоспары:
Жануарлар әлемі мен фаунаны тиімді пайдалану - тіршілік ортаны сақтаудың маңызды шарты.
Өсімдіктер әлемін қорғау және тиімді пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының Заңдылығы және нормативті-құқықтық құжаттары.
Қазақстан Республикасының 2004 ж. 9 шілдедегі № 593-ІІ «Жануарлар әлемін қайта жандандыру, пайдалану, қорғау туралы» Заңы.
Заң жануарлар әлемін қорғау, пйдалану және қайта жандандыру облысында қоғамдық қатынасты және жануарлар әлемін пайдалануды реттейді, жануарлар әлемін және оның биологиялық түрлілігін, адамның түрлі экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындажануарлар әлемін тұрақты пайдалануға бағытталған.
1 бөлім. Жалпы баптар
1 бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі түсініктер
Осы Заңда келесі негізгі түсініктер қолданылады:
Балық қорын және басқа су жануарларын мемлекеттік басқарудың бассейндік принципі (ары қарай – бассейндік принцип) – балық қорын және басқа су жануарларын балықшаруашылық су қорларында әкімшілік-территориялық бөлуге тәуелсіз балықтар мен басқа су қорын өндіру ерекшеліктерін ескере отырып басқарудың бірыңғай жүйесі;
Биологиялық негіздеме – жануарлар әлемі мен тіршілік ортасына әсер етуге қабілетті шаруашылық және басқа әрекеттке немесе жануарлар әлемін пайдалануға ғылыми негізделген қорытынды;
Жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлігі - бір түрдің шегінде түрлер арасында және экологиялық жүйедегі жануарлар әлемі объектілерінің алуан түрлілігі;
Биологиялық-экономикалық зерттеу – аңшылық және балық шаруашылығын тиімді жүргізу және жануарлар әлемі объектілерін ұйғарынды алуды анықтау мақсатында жүргізілетін территория мен акваторияны биологиялық және экологиялық бағалау;
Шаруашылық ішілік аңшылық құрылғы – аңшылық шаруашылықтың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, бонитировка, инвентаризация, жануарларды санау, биотехникалық және эксплуатациялық шара бойынша іс-шаралар комплексі, осының негізінде аңшылық шаруашылықты жүргізу жоспары жасалады.
Шаруашылқ ішілік балық құрылғысы - балық шаруашылық су қоймаларының табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, балық қорын есептеу, балық-мелиоративті жобалау және эксплуатация шаралары бойынша іс-шаралар комплексі, осының негізінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары жасалады.
Егерь – егерьлік қызмет жұмысшысы, бекітілген аңшылық аймақтарда және балықшаруашылық су қоймаларында жануарлар әлемі объектілерін қорғауды жүзеге асырады;
Егерьлік қызмет – аңшылық шаруашылық және балық шаруашылық ұйымдардың құрылымдық бөлімі, бекітілген аңшылық аймақтарда және балықшаруашылық су қоймаларында жануарлар әлемі объектілерін қорғауды жүзеге асырады;
Жануарлар – құрғақта, суда, әуеде және топырақта табиғи еркіндік жағдайындағы жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосқұрлықтылар, балықтар, моллюсктер, жәндіктер және басқалар);
Жануарлар әлемі – Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты немесе уақытша қоныстанған және континенттік шельфі мен Қазақстан Республикасы экономикалық зонасына жататын табиғи ресурс жануарлары;
Зоологиялық жинақ – тұлып, жұмыртқа, жануарлар әлемі объектілерінің бөлшектері мен препараттарын, соның ішінде ғылыми, мәдени-танымдық, оқу-тәрбие және эстетикалық құнды болып келетін зообақ, цирк, зоологиялық питомник, аквариум, океанариум жабайы аңдарын жинау;
Жануарлар әлемі объектілерін алу – жануарлар әлемін пайдалану рұқсаты негізінде (балық шаруашылығы су қоймаларынан әуесқойлық (спорттық) балық аулаудан басқа) табиғи еркіндік жағдайында табиғи тіршілік ортасынан алу (аулау, атып алу);
Жануарларды жасанды көбейту – жануарлар әлемі объектілерін қаумауда немесе жартылай еркіндікте ұстау және көбейту;
Интродукция – жануарлар түрі дарағын мақсатты немесе кездейсоқ олардың тіршілік ортасынан алып шығу;
Аңшылық шаруашылық категориясы – аңшылық аймақ өнімділігі, қорғау және өндірістік іс-шара қасиеті белгілері бойынша аңшылық шаруашылығын классификациялық бөлу бірлігі, шаруашылық аралық аңшылық құрылғы негізінде аңшылық шаруашылығына иемдендіріледі;
Шаруашылық аралық аңшылық құрылғы – аңшылық меншікті бекіту алдында жүргізілетін шекараны анықтау, ауданын есептеу,жануарлар әлемін және тіршілік ортасының жағдайын анықтау;
Жануарлар әлемінің объектісі – жануарлар дарағы немесе популяциясы;
Жануарлар әлемін қорғау – жануарлар әлемін, тіршілік ету ортасын, биологиялық түрлілігін сақтауға бағытталған іс-шара, жануарлар әлемін тұрақты пайдалану және өндіру, сонымен қатар қорғау, өндіру және пайдалану бойынша құқық бұзушылықпен күресу және алдын алу іс-шаралары;
Жануарлар әлемінің тіршілік ортасын қорғау – тұрақты тіршілік ету және жануарлар әлемін табиғи еркіндік жағдайында өндіру мен қорғауға бағытталған шара;
Аңшылық шаруашылық – жануарлар әлемі объектісін тұрақты пайдалану, тіршілік ортасын сақтау, оларды қорғау және өндіру бойынша шаруашылық іс-шара түрі;
Жануарлар әлемін пайдалану - жануарлар әлемі объектілерін, олардың пайдалы қасиеттерін тіршілік ортасынан алып немесе алмай пайдалану;
Жануарлар әлемін қолданушылар - осы Заңмен жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат етілген физикалық тұлға немесе юристтік тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |