Жасқа байланысты өкпенің гистологиялық құрылысының өзгерістері



Дата19.03.2022
өлшемі24,04 Kb.
#136224
Байланысты:
видео 3 каз



Жасқа байланысты өкпенің гистологиялық құрылысының өзгерістері

Өкпе әдетте 20 жасқа дейін жаңа альвеолаларды шығарады. Осыдан кейін өкпе тінінің бір бөлігін жоғалта бастайды яғни альвеолалар саны азаяды және сәйкесінше өкпе капиллярларының төмендеуі байқалады. Өкпе эластин ақуызының тіндерінің жоғалуын қоса алғанда, әр түрлі факторлардың әсерінен кеңею мен жиырылу қабілетін жоғалтады.


40 жастан кейін бірте- бірте өкпе құрылымдарының қартаюы басталады альвеоларлық қалқалар тегістеледі, өкпе альвеолдары ұсақталады, альвеолдық жолдар бір бірімен тұтасып кетеді ,ацинустардың өлшемдері ұлғаяд .
50-60 жастан кейін өкпенің тіндік емес стромасының коннекторының шамадан тыс өсуі, бронхтардың қабырғасына тұздардың шөгуі,әсіресе базальды мембанада. Мұның бәрі өкпе экскурсиясының шектелуіне және негізгі газ алмасу функциясының төмендеуіне әкеледі.
Егде(60-70) жаста сегментаралық бронхтардың ұзындығы мен қуысының диаметрі азғана төмендейді, кейде олардың қабырғасында томпаюлар қалыптасады, пішіні бұралаңқы болып кетеді. Өкпелердің респираторлық бөлімінде альвеолдар саны азаяды, альвеолдық қаңқасының эластикалық талшықтары бұзылады, құрамында коллаген талшықтары басым дәнекер тінді стормасы ұлғаяды. Осы өзгерістер нәтижесінде өкпелердің серпімділігі төмендеп, дем шығару кезінде альвеолдарының қайтуы жеткіліксіз болғандықтан, олар кеңейе бастайды. Сонымен бірге калибрі ірі бронхтарда тұздар шөге бастайды Осылардың бәрінің нәтижесінде тыныс алу қимылдары шектеледі және өкпенің газ алмасу функциясы төмендейд .
70 жастан кейін өкпенің артерияларында өзгерістер болады соның бірі артериялық тамырлардың тығыздалуы.

Жастар мен қарттардың өкпесінің гистологиялық айырмашылығы.
Жас адамдар мен қарт адамдар өкпесінде гистологиялық айырмашылықтар өте көп мысалы: жас адамдардың өкпесіндегі базалді мембраналар саны қалыпты деңгейде ал қарт адамдар өкпесіндегі базальді мембраналар саны салыстырмалы түрде азайған, кірпікшелі жасушалар ұзындығы қарт адамдарда қысқарған,кілегейасты бездің деформациялануы яғни өзгеруі. Клар жасушалары өзгеріске ұшрамайды, қарттарда альвеоларлық қуыс кең болады жастардікіне қарағанда.

Өкпенің қартаю кезіндегі гистологиялық тұрғыда қалыпты өкпе мен паталогиялық өкпе айырмашылығы.
Қалыпты өкпе мен патологиялық өкпені гистологиялық тұрғыдағы айырмашылығын зерттеу үшін(ХОБЛ) Созылмалы обструктивті өкпе ауруын(ӨСОА) алдым.
ӨСОА егде жастағы және кәрілік жастағы адамдар арасында кең таралған
Еуропа мен АҚШ - та 65 жастан асқан адамдар арасында ӨСОА таралуы ерлерде 7-ден 34% - ға дейін(олардың ішінде 25 -43% темекі шегетіндер және 5-23% темекі шекпейтіндер)және әйелдерде 6-дан 15% - ға дейін(9-18% темекі шегетіндер және 4-14% темекі шекпейтіндер)
Айырмашылығына келер болсақ қалыпты альвеолларға қарағанда паталогиялық альвеолдар көлемі ұлғаяды, қабырғалары бұзылады, бронхтар деформацияға ұшырайды және қақырыққа толы болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет