Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Балықтар класы түрлерінің түрлік алуандығы және түрлік концентрациясы



бет6/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)

Балықтар класы түрлерінің түрлік алуандығы және түрлік концентрациясы


Түрінің саны

эндемика

Түрінің әлемдің мөлшерінен %

1 мың кв.км –ге түрінің саны

117

1

0,61

0,04


Жойылу қаупіндегі түрлердің саны


Барлығы

Қызыл Кітапқа енген

Іс жүзінде жойылған

Қауіпті жағдайда

Салыстырмалы тұрақты жағдайда

27

14

2

3

10

80 жылдардың соңына дейін республикамыздың ішкі су қоймаларында балық аулау 85-95 мың тоннаны құраған, оның ішінде 45-50 мың тоннасы Орал-Каспий бассейніне келеді. Соңғы жылдары барлық жерлерде балық аулау екі есе қысқарды.


Әсер етуші факторлар

Қазақстанның су флорасы мен фаунасының жағдайына ауыл және коммуналдық шаруашылықпен, өнеркәсіппен және көлікпен байланысты эвтрофикация және ластану процесстері әсер етеді. Тұрғындар санының көбеюі өзен мен өзен алқабының өзгеруіне, су жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Сулы ортаның химиялық ластануы су флорасы және фаунасының: бактериялар, балдырлар, балықтардың қырылуы мен өміршеңдігінің бұзылуына әкеп соғады.

Су объектілері экожүйесінің (көлдер, өзендер, су қоймалары) деградациясы келесілердің есебінен болған:


  1. Химиялық және биологиялық ластану (балықтың 21 түрі сырттан әкелінген)

  2. Органикалық қалдықтармен ластану салдарынан су қоймаларының эвтрофикациясы.

  3. Суаруға су жинау және өзен арналарын реттеу.

  4. Биоресурстарды бақылаусыз қолдану кезінде жаңашыл өндірістік (бағалыларды жеткіліксіз аулаған кезде, аса шаруашылық бағалыларды шектен тыс аулау) салдарынан биоценоздардың сапалық қайта құрылуы.

Бұл су флорасы мен фаунасының қырылу қаупіне; балық қаумдастығы құрамының бұзылуына; су ағзаларының тіршілік ету, балықтардың көшуіне және уылдырық салу жағдайының нашарлауына, су қоймаларының биородукциялық потенциалының төмендеуіне әкеп соқты.

Қазақстанның Қызыл Кітабына балықтың 14 түрі енгізілген.

Орал-Каспий бассейніндегі каспий итбалығы мен бекіре балықтардың көбею жағдайы үрей тудырады. Орал өзені мен теңіздің мұнай өнімдерімен, өнеркәсіптің тазартылмаған қалдықтарымен ластануы, балықсумелиоративтік жұмыстар көлемінің төмендеуі, браконьерліктің өсуі соңғы он жылда бекірелердің қоры төмендеуде. Табиғи уылдырық салу орындары қысқарды. 1992 жылмен салыстырғанда Орал өзенінде бекірелерді аулау 4 есе азайды. Ақсерке мен шипті Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізу бойынша сұрақ қарастырылып жатыр. 2000 жылдың сәуір-мамыр айларында каспий итбалығының жаппай қырылуы анықталды, оның себептері әлі де анықталмады. Каспий шельфінде мұнай алу бойынша зерттемелердің көбеюінен жағдай одан ары нашрлауы мүмкін. Бұл сұрақтар арнайы зерттеулерді қажет етеді.

Республикада 40 пайыздан жоғары қорғау құрылғысыз су қоймалары әрекет етеді, нәтижесінде жас балықтардың маңызды бөлігі суарылатын алқаптарда және түрлі су қолданылатын агрегаттарда қырылады.

Республикада балық қорын басқару бойынша қолданылатын шаралардан кіріспені атап өтуге болады, ол 1998 жылдан бастап жыл сайын санын және балық шаруашылық су қоймаларында балық аулау мен жайы теңіз аңын (итбалық) аулау шегін алудың ғылыми негізделген нормасын бағалау, сонымен қатар, осы шектеулерді (квота) тендер (байқау) бойынша таратуды ұйымдастыру негізінде Үкіметпен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998ж. 28 шілдедегі № 211 Қаулысымен су жануарларын өндірістік қолдануға ставкалар және еліміздің балық шаруашылық су қоймаларында спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауға рұқсат алу ақысы бірінші рет бекітілді, балық шаруашылығын басқару аумағында нормативті құқықтық актілерді келістіру жүріп жатыр.

Қазіргі кезде республикада өндірістік тағайындалған 15 балық аулау кәсіпорны жұмыс істейді: (9 балық тәлімбағы, 3 уылдықта-өсіру шаруашылығы, 2 бекіре балық зауыты, Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы). Барлық балық шаруашылықтары экономикалық факторлар әсерінен зоналық балықөнімділігін және жас балықтар мөлшерін елеулі төмендетті. Балықшаруашылық су қоймаларын балықтандыру қаржының жеткіліксіздігінен көбіне, 1-2 жасқа жетпеген жас балықтар есебінен болады, бұл өндірістік шаралар әсерін төмендетеді.

Қысқа уақытта бекірелерді Орал-Каспий балықшаруашылық бассейніндегі табиғи уылдырық шашу орындарына түсу үшін, Орал өзені дельталық бөлігіндегі, балық жүру арналарындағы: Яицк (Орал өзені), Коневск, Гонюшинск және Жаркосинск (Кигач өзені) тереңдіктерін ескере отырып жағдай жасау бойынша мелиоративтік-техникалық жұмыстар жүргізу керек.

Балық аулау бойынша бақылау күшейтілуде. Қайта ұйымдастырылған қоршаған ортаны қорғау Республикалық инспекциялық басқармасы құқық қорғау қызметтермен бірге Іле-Балхаш және Орал-Каспий бассейндерінде балықтардың уылдырық шашу мерзімінде табиғат қорғау заңдылығын сақтау бойынша комплексті тексерулер жүргізеді.
Дәріс № 6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет