Еріш Нұрбол Амантайұлы КӘсіптік практика бойынша



бет1/2
Дата12.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#38913
  1   2
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы


Еріш Нұрбол Амантайұлы
КӘСІПТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША

әдістемеік нұсқау
050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне арналған

Қостанай, 2011



Құрастырушы:

Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының аға оқытушысы Еріш Нұрбол Амантайұлы.


Рецензенттер:

Өндеу технологиясы мен стандарттау құжырасының аға оқытушысы Байканов М.Ж

М.Дулатов атындағы ҚИПУ техникалық сервис кафедрасының доценті, т.ғ.к. Хасенов У.Б.
Еріш Н.А.

Кәсіптік практика бойынша әдістемелік нұсқау.

Әдістемелік нұсқау. – Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011., 34 б.

Әдістемелік нұсқау 050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған.


А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Аграрлық-биологиялық факультетінің Әдістемелік кеңесімен бекітілген. ____201_ж. № __. хаттама



1 Кәсіптік практика туралы жалпы ережелер
Кәсіби практика окыту процесінде алынған, практикалық дағдысының қалыптасуын, теориялық білімді бекітуге, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге мақсатталған, университетте кәсіптік практиканың келесі түрлері бекітілген:

  • оқу;

  • өндірістік;

  • диплом алдындағы және т.б.

Практиканың оқу пәнімен теңестірілген статусы бар және студенттің білім траекториясын құрастырушы болып табылады. Студент практика бағдарламасын орындауы үшін қажетті теориялық базалық курсты игере алған жағдайда ғана практиканы оқытудың жеке жоспарына қосады.

Білім алушының жолдамасы практиканың барлық түріне, практиканың өту мерзіміне, практиканың жетекшісі және практиканың өту базалары жоғары оқу орнының басшысының бұйрығымен ресімделеді.

Практикалардың жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, мамандықтың жақсы спецификасын білетін және практика базасының қызметін білетін тағайындалады.

Практика базасын регінде анықталған мекемелермен шарт жасау негізінде, сонымен қатар жеке тәртіпте өтініш, сұраныс-хаттарының және жеке шарт негізінде өткізіледі.

Практика материалдары істер номенклатурасының жазба бұйрығына сәйкес шығарушы кафедрада сақталады.
Білім алушы практика барысында міндетті:
- жоғары оқу орнымен тағайындалынған нысаны бойынша, практика бағдарламасын толық орындауға, практика күнделігін жүргізуге;

- практика базасына сәйкес ішкі тәртіпке бағынуға;

- еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздікті және өндірістік санитария ережелерін оқып, қатаң түрде сақтауға;

- кафедра тапсырмаларына сәйкес оперативтік қызметіне қатысуға;

- практика жетекшісіне, практика базасы жетекшісінің барлық практика тапсырмаларының орындалынған туралы, қолы қойылған, тағайындалынған нысаны бойынша жазбаша түрде есеп, күнделік тапсыруға.

Студент кәсіптік практиканы өткен кезде практиканың оқу бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстардан бас тартуға құқы бар.

Дәлелді себептермен практикаға келмеген студент (растайтын құжаттар болған кезде), оқу үрдісін үзбей кафедраның мерзімімен белгіленген ректордың бұйрығына сәйкес практикадан өтеді. Сонымен қатар практиканың оқу уақыты екі есеге өседі. Оқытудың кредиттік жүйесінде практикаға дәлелсіз себеппен келмеген немесе практикадан «қанағаттанарлық емес» бағасын алған студент келесі академиялық мерзім кезеңінде ақылы негізде өтуге құқы бар, сонымен қатар төлеу құны А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ағымдағы оқу жылына бекітілген бастапқы бір кредит құнына сүйене отырып анықталады.

Практика бойынша академиялық берешегі бар студент қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберілмейді және оқу жоспары мен оқу бағдарламасын орындамағаны үшін оқудан шығарылады.


2 Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерінің кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге факультеттің жалпы практика жетекшілері жауапты болады.

Оқушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру 4 сатыны қосады: даярлық, пропедевтикалық, тұжырымдық және қорытынды, олардың әр біреуі оқушыларды кәсіптік қызметке практикалық дайындауда өзіндік міндеттерін таратады:

- даярлық сатысы – практиканың оқу жұмыс бағдарламаларын бекіту және әзірлеу, тапсырма жүйесін, қызмет нормативтерін және бағаларын, практикадан өтуге базалық шарт жасасу, практика базасын анықтау және оларға студенттерді бөлу, бұйрық жобасын дайындау, бағыт сілтейтін конференциялар, семинарлар өткізу, практикаға дайындалу бойынша практикумдар;

- пропедевтикалық (танысу) сатысы – студенттерді практика өтетін базамен, оның құрылымымен, кәсіптік қызметті тарату үшін қажетті әкімшілік және нормативтік құжаттамалармен, ішкі тәртіп ережелерімен және негізгі әдістермен, мекеменің жұмыс бағытымен және принциптерімен таныстыру. Практика кезеңінде студенттің жеке жұмыс жоспарын құрастыру;

- қалыптастыратын сатысы – кәсіптік қызметтің бекітілген бағдарламасын тікелей жүзеге асыру. Практикалық және зерттеу тапсырмаларының жүйесін орындау, есеп құжаттамаларын жүргізу, кәсіптік білімін және машығын жұмыспен өтеу, теориялық білімдерін практикалық жұмысқа бекіту;

- тұжырымдық сатысы – практикалық қызмет нәтижелерін рәсімдеу: есептер жазу, практиканттардың күнделіктерін және есеп құжаттамаларының басқа да түрлерін бекіту, оған қоса студенттің практикалық қызметін баллды-әріпті жүйемен бағалау, пікір (мінездеме), кафедра меңгерушісінің бекітуімен комиссия алдында есепті қорғау (комиссияға кіреді: кафедра меңгерушісі, практиканың жалпы және топтық жетекшілері, практиканы ұйымдастыруды қамтамасыз ететін оқытушылар) практика бағдарламаларын орындау тұжырымымен конференция қорытындысын өткізу.

Кәсіптік практика бойынша бағдар сілтеу және қорытынды конференция факультеттің басшысымен (жалпы) практиканың топтық жетекшілерімен бірлесе өткізіледі.

Профильдеуші кафедраның топтық жетекшілерімен келісімі бойынша бағдар сілтеу және қорытынды конференция уақытын факультет басшысы белгілейді және факультеттегі сабақ кестесіне қосады.
Конференцияда деканның өкілдері, факультеттен практика жетекшілері, практиканың жалпы университеттік жетекшілері қатысады.

Бағдар сілтеу конференциялары практика басталғанға дейін 7-10 күн бұрын практиканың жұмыс бағдарламасымен, оларды практикаға бөлу бойынша бұйрықпен және университеттен практика жетекшілерімен таныстыру мақсатында өткізеді.

Бағдар сілтеу конференцияларында студенттерді практиканың мақсаттары мен міндеттерімен, оның мазмұнымен, міндеттерімен және практикант студенттің құқықтарымен, кәсіптік этика сұрақтарымен және орындаушы пәндермен таныстырады, практика кезеңінде ықылас және белсенділікке бағдар беріледі, есеп құжаттамаларын тапсыру мерзімі және қорытынды конференция өткізу уақыты хабарланады.

Берілген практиканың түрін өткізу және ұйымдастыруға жауапты кафедра бағдар сілтеу конференциясына практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқау, есеп құжаттамаларының үлгілері және практикадан өту үшін студенттерге берілетін тапсырмаларды дайындайды.


3 Қорытынды конференция практиканың қорытындыларын шығару бойынша есеп беруді қоғаудан кейін 14 күннен соң, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін анықтау мақсатында, оларды шешудің механизмін дайындау және алда тұрған кәсіптік қызметке қолайлы жағдай қалыптастыру үшін өткізеді.

Қорытынды конференцияда практиканттардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады: қабарға газеті, тақырыптық қабырғалардың макеттері, фотоальбомдар, видеоматериалдар және т.б.

Конференцияда топ болып практикадан өткен студенттердің, сондай-ақ жекелеген студенттердің де жарыс сөздері (бір топтан бір адам) тыңдалады. Сондай-ақ, кафедра бойынша практика жетекшісі, мүмкіндік болған жағдайда практика базасы бойынша жетекшілер де тыңдалады. Сонымен бірге, кафедра меңгерушісі практиканың жалпы қорытындысы мен кәсіптік практиканың бағаларын хабарлайды.

Қорытынды конференцияда озық студент-практиканттарды ұйым және факультет атынан кәсіптік практиканың тапсырмаларын орындаудағы жауапкершілігі, бастамашылдығы, шығармашылық көзқарасы үшін марапаттауға болады.

Конференция материалдары берілген форма бойынша міндетті түрде хаттамалармен рәсімделеді (ПҚМУ 04.06.00-2005) және қорытынды конференциядан соң 2-3 күннен кейін білім беру менеджменті мен бақылау басқармасына практиканы ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі есеппен бірге тапсырылады.

Мамандықтары бойынша қызмет істеп жатқан сырттай нысанда білім алушылар кәсіптік және педагогикалық практикалардан босатылады. Білім алушылар бұл жағдайда кафедраға жұмыс орындарынан олардың кәсіби қызметтері көрсетілген анықтама мен мінездеме тапсырады.




  1. Кәсіптік практиканың түрлері мен ұзақтылығы

Күндізгі және сырттай оқу нысандарында практика түрлері мен ұзақтылығы бірдей (білім беру бағдарламаларына сәйкес).

Қысқартылған білім беру бағдарламалы мамандықтарда кәсіптік және диплом алды практикалары ғана өткізіледі, оның ұзақтылығын негізгі білім беру бағдарламасы бойынша өткізілетін практиканың аналогиялық түрінің ұзақтығымен салыстырғанда 1 аптаға қысқартуға болады.

Кәсіптік практика мамандықтың оқу жоспарларына, академиялық күнтізбелеріне және практика бойынша жұмыс бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.

Өндірістік практика – өндірістік практиканың немесе толық теориялық оқыту қарастырылатын арнайы пәндердің циклі оқытылып біткеннен кейін ұйымдастырылады;
Кәсіптік практика келесі түрлерге бөлінеді:

- оқу (есептеуіш, далалық, клиникалық, технологиялық археолого-этнографиялық, фольклорлық, диалектологиялық; оқу-таныстыру). 1-2 (2-3) курстарда ұйымдастырылады. Практиканың ұзақтығы ереже ретінде 2-3 аптаны (оқу жұмыс жоспарына сәйкес) құрайды. Өндірістік практика – арнайы пәндер немесе теориялық оқыту циклін аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады.



Өндірістік практиканың ұзақтылығы сәйкесті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен анықталады;

- педагогикалық практика – арнайы пәндер циклін аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Педагогикалық практиканың ұзақтылығы сәйкесті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен анықталады;



- диплом алды практикасы - диплом жұмысын (жобаны) дайындау мен жазу үшін қарастырылған. Оның мазмұны диплом жұмысының (жобаның) тақырыбымен анықталады. Кейбір мамандықтар бойынша диплом алды практикасы мақсаты мен міндеті, мазмұны, сонымен бірге өткізілу уақыты бойынша кәсіптік практикамен сәйкес келуі мүмкін;

Диплом алды практикасының ұзақтылығы мамандықтардың жалпы білім беру стандарттарының диплом жұмысын (жобасын) жазуға бөлінген академиялық сағаттары мен кредиттері мөлшерімен анықталады;

Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайындағы практикалардың ұзақтығы аптамен анықталады. Осы мақсатта практиканың кредиттік көлемі практика түріне сәйкес акдемиялық сағатына көбейтіледі және студент жұмысының практикадағы апта бойындағы жұмысының ұзақтылығына яғни, 30 сағатқа бөлінеді, (бір күндегі 6 сағат аптадағы 5 күнге көбейтіледі).
5 Кәсіптік практиканың мазмұны

Практикада білім алушылар таңдаған мамандығының профиліне байланысты белгілі бір мекеме немесе ұйым жағдайында меңгереді:

- өндірістің технологиясын;

- өнім сапасын стандартизациялау мен бақылауды, еңбек өнімділігі мен тиімділігін көтерудің резервтерін анықтау бойынша шаралар;

- құрал-жабдықтар, аппараттар, есептеу техникасын, бақылау-өлшеу приборлары мен құралдар, өндіріс процестерінің механизациясы мен автоматизациясын;
6 Практика базалары

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нде практиканы ұйымдастыру мамандықтардың оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбелерге сәйкес базалық және жеке келісім-шарттар, сұраныс хаттар, практика өту орнынан өтініш негізінде жүзеге асырылады.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ типтік келісім-шарттың формасына (Ф.4-16.1) сәйкес практика базаларымен келісім-шарт бекітеді. Келісім-шарттардың бекітілу уақыты:

- өндірістік практика базаларымен, сондай-ақ оқу және оқу-танысу практикалары сыртқы ұйымдарда өткізілетін болса, оқу жылы басталғанға дейін кем дегенде 1 ай бұрын;

- педагогикалық практикалар базаларымен оқу жылы басталғанға дейін кем дегенде 2 ай бұрын;

- практиканы жекелеген тәртіпте өткізу үшін (Ф.4-16.1) практикаға дейін кем дегенде 2 ай бұрын;

- Барлық келісім-шарттар кафедрада арнайы журналға тіркеледі

Оқу және оқу-танысу практикаларының базалары болып оқу орындары, оқу шеберханалары, зертханалар, полигондар, тәжірибелі шаруашылықтар, клиникалар, компьютерлік кластар және ЖОО-ның оқу-көмекші бөлімшелері, сонымен бірге болашақ профессионалдық қызметке сәйкес ұйымдар. Оқу және оқу-танысу практикаларын өткізу үшін сыртқы ұйымдармен сәйкес келісім-шарттар жасалады.

Жалпы орта білім беретін, кәсіби бастауыш, орта кәсіби білім беретін ұйымдар педагогикалық практикалардың базалары болып табылады.

Оқытылатын мамандықтың профиліне сәйкес ұйымдар өндірістік практикалардың базалары болып табылады.


7 Кәсіптік практиканы оқу-әдістемелік басқару

Кәсіптік практиканы оқу-әдістемелік басқару, оқу жоспарларының, практика бағдарламаларының орындалуы және оны жүргізілу сапасын бақылауды университеттің сәйкес (профильді) кафедралары жүзеге асырады.

Кәсіптік практиканы оқу-әдістемелік басқару иерархиясы ұйымдастырулық бағыну және басқару функцияларының үш деңгейінен тұрады:

- кәсіптік практиканы ЖОО жетекшісі;

- кәсіптік практиканың факультеттегі (жалпы) жетекшісі;

- кәсіптік практиканың топтық жетекшілері.



Топтық жетекшілер келесі функцияларды жүзеге асырады:

- практиканы өту орнын анықтау бойынша студенттермен алдын-ала жұмысты жүргізеді, практика туралы өтініштерді жинайды, декан және факультеттегі жетекшілерімен бірге оларды қанағаттандыру туралы мәселені шешеді;

- практика базаларының әкімшілігі мен студент-практиканттар арасындағы қарым-қатынасты реттейді;

- практиканы факульттегі жетекшімен бірге бекіту және қорытынды конференцияны, жұмыс мәжілістерін және әдістемелік семинарларды ұйымдастырады;

- практика кезеңінде жұмысты жоспарлауда, практика барысы мен нәтижелерін талдауда студенттерге жеке көмек көрсетеді;

- кәсіби іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне дайындау кезінде студенттерге кеңес береді;

- олардың жоспарларын, конспектілерін, күнделіктерін тексереді және бекітеді, студенттермен негізгі жұмыс түрлерінің орындалу сапасын бағалайды;

- кәсіби жұмыс тәртібін студенттермен орындалуын қадағалайды және студенттермен жұмыстың орындалу кестесін бақылайды;

- студенттердің есептік құжаттарын жинайды және талдайды;

- есепті қорғау бойынша комиссия жұмысына қатысады;

- студенттің сынақ еітапшасына және сынақ тізіміне кәсіби практиканың бағасының уақытылы қойылуына жауап береді;

- практика қорытындысын, студенттердің дайындығының кемшіліктерін талдайды және есепті факультеттегі практиканың ортақ жетекшісіне береді (практика аяқталғаннан 7 күннен кеш емес).


8 Кәсіптік практиканың нәтижелерін бағалау

Оқу, оқу-танысу, өндірістік және педагогикалық, диплом алды практикалары аяқталғаннан кейін білім алушылар сәйкес кафедраларына есеп тапсырады. Есепті практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында студент есебін қорғайды. Практика бағдарламасы, күнделіктер, есептер, пікірлер комиссияның құзырына беріледі.

Комиссия құрамына: практиканы ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ететін кафедра оқытушылары, ЖОО-нан және мүмкіндік болса мекемеден жетекшілер де кіреді.

Кәсіптік практика бойынша қорытынды баға студенттің практикадағы жұмысының (Практиканың ағымдағы рейтингі) және студенттің есеп қорғауының (Есеп қорғау рейтингі) нәтижелерінен құралады. (Балдарды бөлу үлгісі кестеде берілген). Бұл үшін келесілерді есепке алу керек:

Практикаға бір жетекші белгіленген жағдайда (оқу практикасының түрлері бойынша) қорғалатын нысан бойынша білімдерін көрсетулеріне және есептің рәсімделуіне сәйкес ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша баға қойылады;

Практикаға екі жетекші бекітілгенде (ЖОО-нан және практика базасынан) қорытынды баға практика кезіндегі студент жұмысы үшін практика базасы жетекшісі пікірінде көрсетілген баға негізінде (оның қорытынды бағадан үлес салмағы 40%-ды құрайды) және жоғары оқу орны бойынша практика жетекшісі ұсынған үлес салмағы қорытынды бағаның 60%-н құрайтын қорғау бағасының негізінде қойылады.


ПРАКТИКАНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯЛАРЫ




п/п

Бақылау түрі

Бақылау формасы

Рейтинг

1

АБ

Қатысу

10

2

АБ

Кафедрадағы практика жетекшісінің тапсырмаларын орындау

20

3

АБ

Кәсіпорындағы практика жетекшісінің тапсырмаларын орындау

20

4

АБ

Кәсіпорын қызметіне қатысу

10




АБ барлығы




60

5

ҚБ

Есептің мазмұны және рәсімдеу

20

6

ҚБ

Есепті қорғау

10

7

ҚБ

Сұрақтарға жауаптар

10




ҚБ барлығы




40




Барлығы




100

Оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды практикалары бекітілген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады және практика бойынша емтихандық ведомоске, студенттердің сынақ кітапшаларына қойылады және деканат арқылы тестік-емтихандық бақылау жүйесіне енгізіледі. Практика бойынша баға ОPA балын есептегенде ескеріледі.

Кәсіптік практиканың қорытындылары міндетті түрде кафедра отырысында талқыланады. Практиканың жалпы қортындылары факультеттің кеңесінде және оның әдістемелік кеңесінде практика базаларының өкілдерінің қатысуымен талқыланады.
9 Практиканттың есептік құжаттары

Практиканттың есептік құжаттары мыналардан тұрады:

- практиканың мазмұны мен практикалық қызметтің ерекшеліктерін есепке алатын бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған, есеп беру формалары және күнтізбелік уақыттары анықталған практиканың жеке жұмыс жоспары; жоспарға практиканың университеттен бұйрықпен бекітілген жетекшісінің қолы қойылуы керек (жоспардың жобасы В қосымшасында берілген);

- күнделікті толтырылатын практиканың күнделігінде (формасы А қосымшасында берілген), орындалатын жұмыстың мазмұны мен мінездемесі көрсетіледі, күнделікті практика жетекшісі күнде тексеріп тұрады, ал практика аяқталғаннан кейін ұйымның мөрімен расталады.

- мекемеден және университеттен болған практика жетекшісінің пікірі (практиканттың күнделігіне жазылады), практика кезеңіндегі студент қызметінің жағымды және жағымсыз жақтары, оқу бағдарламасының және алға қойған мақсатқа жетудегі студент жұмыстарының орындалу деңгейі көрсетіледі. Практикаға балдық баға қойылады (максимум 100 балл);

- кафедраға тапсырылатын және болашақта қорғалатын студент есебі; есепте практика өту кезеңіндегі нақты орындалған жұмыстардың мәліметі, сондай-ақ практика базаларының суреттелуі (зертханалар, цехтер, бөлімшелер және т.б.), оның қызметінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ қорытындылар мен ұсыныстар (мұқабалық беттің үлгісі М қосымшасында берілген).

Практикалық қызметінің кәсіби дайындығы сапасына деген өз сараптамасы келесі мінездемелі аспектілер бойынша практикант есебінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады:


  • кәсіптік практика барысында қандай тапсырмаларды орындадыңыз?

  • жеке жоспар қаншалықты орындалды?

  • нені үйрендіңіз, қандай қабілеттер мен дағдыларға ие болдыңыз?

  • нені түсіндіңіз, болашақта не бойынша жұмыс істеу қажеттілігі бар?

  • қандай оқу ақпараты мейлінше пайдалы болды?

  • қандай білім жеткіліксіздігі сезілді?

  • қандай қиындықтар кездестірдіңіз?

  • өзіңіздің кемелденген практикалық қызметіңізде нені өзгертер едіңіз?

  • кафедра, факультет, университет жетекшілерінің маман даярлау істеріне деген тілегіңіз қандай?

Есеп жазудың талаптары пратиканы өткізу бойынша жұмыс оқу бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауда көрсетіледі.

Жазғы кезеңде өткізілген практика жөніндегі студенттер есептері бірінші академиялық кезеңнің бірінші аптасы ішінде кафедраға тапсырылады. Практиканы оқу жылы бойында өткізген жағдайда (академиялық кезеңнің ортасында немесе аралығында) – ол аяқталғаннан кейін бір аптаның ішінде тапсырылады.

Кәсіптік практика бойынша есептерді қорғау практика аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей немесе кесте бойынша семестрдің басында өткізіледі.

Студенттердің практика бойынша есептері студенттің ЖОО-нда оқыған жылдарында шығарушы кафедрада сақталады, одан кейін актімен санаттан шығарылады. Санаттан шығару кафедра меңгерушісінен, практика жетекшілерінен және тұлғалардан, кафедрадағы іс жүргізуге жауап берушіден құралған комиссияның актісі негізінде жүзеге асырылады.


10 Оқу практикасы

10.1 Практиканың мақсаты:

Студенттер кәсіптік-практиканың бірізділігі мен жүйелілігінің принциптерін, практикалық қызметтен алған теориялық білімдерінің үйлесуі, кәсіптік-тәжірибелік жеке өтілі университетте оқу жылдарының барлық кезеңінде кәсіптік- практикалық қызмет жүйесіне студенттерді қосуды талап етеді.

Кәсіптік тәжірибе бірқатар қызметтерді орындайды:

- таныстыру (ақпараттық);

- бейімделу;

- бағдарлық;

- оқыту;

- тәрбиелік;



  • дамыту;

  • диагностикалық;

  • ынталандыратын.

Студенттер болашақ кәсібінің мазмұнын түсіну, өндірістің ұйымымен танысу, технологиялық процесстермен, еңбек шартымен, талаптарымен танысу мақсатында элеваторлық, жемазықтық, диірмен, жармалық, наубайханалық, кондитерлік және макарондық өндіріспен танысу сипатын алып жүретін және аталған кәсіпорындарда оқу тәжірибесін өтеді.

10.2 Практиканың міндеті:

Оқу практикасының міндетіне танысу және оқыту кіреді:



  • шикізатты ақырғы жоғары сапалы өнімге өңдеудің технологиялық үрдістердің негізгі кезеңдерін, астықты ұн және жармаға өңдеу және сақтаудың технологиялық үрдістерін, нан, макарон және кондитер бұйымдарын өңдірудің технологиялық үрдістерін, барлық технологиялық кезеңдер стандарт талаптарының орындалу көзқарасынан бағалануы керек.

  • шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды және бұйымдарды механикалық өңдеуге арналған технологиялық машиналар мен жабдықтар;

  • элеваторлардың, диірмендер, жарма зауыттары, жемазықтық зауыттар, нан зауыты, кондитер және макарон фабрикаларындағы бақылап-өлшейтін құралдар мен приборларды;

  • өңдеу өндірістерінің дайын өнім шығымын және ассортиментін;

  • өңделетін шикізаттың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

  • дайын өнімдер, технологиялық процесстер, шиізат сапасы және бақылау әдістері мен тәсілдері

  • кәсіпорындардағы дайын өнімдер, технологиялық үрдістерді, шикізат сапасын санитарлы-гигиеналық бақылау;

  • қоршаған ортаны ластайтын көздерді және қатты қалдықтармен және ауа, су ортасын ластауды азайту бойынша іс-шаралар;

  • еңбек жағдайын сау және қауіпсіз қаматамасыз ету және енгізу;


10.3 Практиканың пререквизиттері:

Химия, математика, инженерлік сызба, физика, стандарттау


10.4 Практиканың мазмұны:

Оқу тәжірибені өту кезінде оқушылар міндетті:



  • профильдеуші кафедралармен бекітілген және қарастырылған тәжірибе бағдарламасының тапсырмаларын толығымен орындауға;

  • кәсіпорынның, ғылыми зерттеу ұйымының, мекемелердің, клиникалардың ішкі еңбек ережелеріне бағынуға;

  • еңбек қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтау және оқу;

  • жетекшілермен, әдіскерлермен өткзілетін жұмыстық жиналыстарға, жоспарламаларға, топтық кеңестерге, әдістемелік сағаттарға қатысу;

  • орындалатын жұмыстың және оның нәтижелеріне штаттық жұмыскерлермен қатар жауапкершілік жасау;

  • кәсіпорынның әкімшілігінің немесе әдіскерлерінің талаптары бойынша өзуақытында және ұқыпты түрде тәжірибеге арналған жұмыс материалдарды, тәжірибеден өтушінің күнделігін, талап етілетін барлық есептерді ұсыну;

  • бағдарлық кафедралардың тапсырмалары бойынша рационализаторлық, өнертапқыштық, зерттеу және операциялық жұмыстарға қатысу;

Оқушылардың құқығы бар:

- практика бағдарламасына қарасты емес жұмыстарға қатыспауға;

- әр 6 күн жұмыс ітегеннен кейін демалыс алуға;

- даулы жағдай туған кезде кәсіпорынның әкімшілігінен, оқу орнынан көмек сұрауға;

- мамандық бойынша ақы төленетін қызметке вакансия болған кезде қабылдануға;

- бекітілген тәртіпте практиканың қорытынды бағасына наразылық білдіру.



10.5 Практикадан өтушінің құқықтары мен міндеттері

Кәсіптік практиканы өту кезінде оқушылар міндетті:



  • профильдеуші кафедралармен бекітілген және қарастырылған пракитика бағдарламасының тапсырмаларын толығымен орындауға;

  • кәсіпорынның, ғылыми зерттеу ұйымының, мекемелердің, клиникалардың ішкі еңбек ережелеріне бағынуға;

  • еңбек қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтау және оқу;

  • жетекшілермен, әдіскерлермен өткзілетін жұмыстық жиналыстарға, жоспарламаларға, топтық кеңестерге, әдістемелік сағаттарға қатысу;

  • орындалатын жұмыстың және оның нәтижелеріне штаттық жұмыскерлермен қатар жауапкершілік жасау;

  • кәсіпорынның әкімшілігінің немесе әдіскерлерінің талаптары бойынша өзуақытында және ұқыпты түрде тәжірибеге арналған жұмыс материалдарды, тәжірибеден өтушінің күнделігін, талап етілетін барлық есептерді ұсыну;

  • бағдарлық кафедралардың тапсырмалары бойынша рационализаторлық, өнертапқыштық, зерттеу және операциялық жұмыстарға қатысу;

Оқушылардың құқығы бар:

- тәжірибе бағдарламасына қарасты емес жұмыстарға қатыспауға;

- әр 6 күн жұмыс ітегеннен кейін демалыс алуға;

- даулы жағдай туған кезде кәсіпорынның әкімшілігінен, оқу орнынан көмек сұрауға;

- мамандық бойынша ақы төленетін қызметке вакансия болған кезде қабылдануға;

- бекітілген тәртіпте тәжірибенің қорытынды бағасына наразылық білдіру.


11 Өндірістік практика

11.1 Практиканың мақсаты:

Жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіптік тәжірибесі еңбек нарығында кәсіптік құзыреттілік және бәсекеқабілеттілікті қалыптастыруда маңызды роль ойнайды.

Кәсіптік тәжірибе – бұл жоғары білікті кәсіптік мамандар дайындау жүйесінің жетекші әлементіне кіреді:

- тәжірибелік білімді және машықты академиялық білімдерін ауыстыруға;

- кәсіптік-өндірістік қызмет саласына болашақ мамандарды бейімдеу;

- жеке патенциалын өзіндік тарату және кәсіптік мүдделерін тереңдету және жеке бағыттығы;

Кәсіптік тәжірибе жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық және өндірістік болып қажетті екі түрмен ұсынылады.
11.2 Практиканың міндеті:

Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты – оқытылған пәндер бойынша жұмыс үрдісінде дәрістік материалдарды және зертханалық, тәжірибелік жұмыстар орындауда алған теориялық білімдерін бекіту.

Өндірістік және технологиялық тәжірибе тәжірибелік машықпен және өндірістік-технологиялық үрдістермен теориялық білімдерін толықтыруға, жоғары білікті мамандар дайындауға жағдай жасайды.
11.3 Пререквизиттері

Физика, теориялық механика, Өлшеудің жалпы теориясы, Сапа аудиті. Сапасны сараптау, қызметтерді сертификаттау, зерттеу бақылау және қауіпсіздік, квалиметрия, құжаттамамен қамтамасыздандыру.


11.4 Жеке тапсырмалар:

1.Кәсіпорынның даму тарихын дайындау

2.Өндірістің (өңдеудің) технологиялық сызбасын өнімді (шикізат) дайындау

3. Өнімді өндіріске қабылдау кезіндегі негізгі және қосымша шикізатты дайындау

4. Шикізат сапасына және дайын өнімге қойылатын талаптар

5. Шикізаттың және дайын өнімнің сапасын анықтаудың әдістері мен әдістемесі.

6. ИСО 9001-2008 сериялы стандарттардың негізінде СМЖ жүйесін енгізу

7. НҚ саны және олардың көкетестігін анықтау

8. Зерттеу лабораторияларының құзытерін растайтын құжаттардың саны

9. Өлшеу құралдарын тексеру графигінің саны

10.Кәсіпорындардың қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды ұйымдастыру (цех, бөлім, зертхана)

11.Кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жағдайы және оны ұйымдастыру (цех, бөлім, зертхана)

12. Кәсіпорынның (цех, бөлім, зертхана) жұмысын жақсарту бойынша қорытынды мен ұсыныстар
11.5 Есеп құжаттарына және есепті қорғауға қойылатын талаптар:

Есеп құжаттары өзіне қосады:

- тәжірибенің топтық әдіскерінің тізімдемесі бойынша берілген мамандық бойынша бекітілген кәсіптік тәжірибенің бағдарламасы негізінде құрастырылатын тәжірибе кезеңіндегі кәсіптік қызметтің жеке жоспары. Жоспар тәжірибелік қызмет түрлерін және тәжірибе мазмұнын, күнтізбелік мерзімдерді анықтауды, есеп беру түрлерін ескеру қажет;

- тәжірибеден өтушінің жасалған жұмыстың мазмұны мен сипаты көрсетілген күнделікке өзіндік талдау беріледі. Жазба күн сайын жүргізіледі. Күнделік жүйелі тексеріледі және топтық әдіскерлердің қолы қойылады, содан кейін тәжірибенің соңында кәсіпорынның мөрі қойылады;

- тәжірибе мерзімінде кәсіптік және басқа да қызметте оң және теріс жақтарын көрсететін тәжірибе өту орнынан мінездеме. Тәжірибе нәтижесіне баллдық баға қойылады;

- кафедраға тапсырылатын тәжірибе есебі және әрі қарай қорғауға.

Тәжірибеден өтушінің есебінің басты бөлімі кәсіптік негізгі қызметті таратудың жеке сапасының өзіндік талдауы болып табылады және тәжірибе қызметінің нәтижелері келесі аспектілермен сипатталады:

Кәсіптік тәжірибе кезінде қандай тапсырмалар орындадың?

Жоспар орындадыңба, оның алдында не жасадың?

Не үйрендің, қандай машықтарды меңгере алдың, нені жете түсіндің, әрі қарай қалай жұмыс жасау қажет?

Қандай оқу ақпараты аса қажет болды? Қандай білімнің жетіспеушілігін бақыладың? Қандай қиындықтар қайшы келді? Болашақ мамандарды әрі қарай дайындау кезінде неге көңіл бөлу керек? Өзіңнің болған тәжірибелік қызметіңде нені өзгерткің келеді?

- жалпы қорытындылар, ережелер, ұсыныстар.

Педагогикалық тәжірибе туралы есепті кафедраға тәжірибе аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде тапсыру қажет. Жаз мерзімінде өткізілген тәжірибе туралы студенттердің есебі қыркүйек айының келесі оқу жылы мерзімінде кафедраға тапсырылуы қажет. Диплом алдындағы тәжірибе өткен студенттер дипломдық жұмыстарының бөлімдерін тапсырады. Өндірістік тәжірибе туралы есепті тәжірибе аяқталғаннан кейін 10 күн мерзімінде кафедраға тапсырулары қажет. Тәжірибе туралы есеп тәжірибе өту кезеңінде студенттің нақты орындаған жұмыстары туралы мағлұмат, сонымен қатар кәсіпорынның (цех, зертхана, бөлім) қысқаша тарихын және ұйымның қызметі, еңбекті қорғау мәселелері, экономикасы, қорытынды мен ұсыныстар болуы қажет.

11.6 Қорытынды өткізу

Қорытынды және бекітілетін конференциялардың уақытын факультет басшылығымен және профилдеуші кафедралардың әдіскерлерімен келісім бойынша белгіленеді және факультеттің оқу кестесіне (немесе сессияға) қосады.

Конференцияға барлық әдіскерлер және деканаттардың өкілдері қатысады және әкімшіліктердің өкілдері, кәсіпорындар мен мектептердің сағат алушы әдіскерлері шақырылады.

Бекітіту конференциялары студенттерді тәжірибе бағдарламаларымен және тәжірибе базасы бойынша оларды бөлу туралы бұйрықпен таныстыру мақсатында өткізіледі. Бекітілетін конференцияларда декан, жоғары оқу орнының және факультет басшылары, профильдеуші кафедралардың әдіскерлері, жоғары оқу орнының кітапханашылары сөз сөйлейді. Студенттерді кәсіптік тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен, оның мазмұнымен, студенттердің міндеттерімен, кәсіпорын, мектеп жұмысының ерекшеліктерімен және тәртібімен, қызметтің кәсіптік саласымен және қазіргі мәселелерімен, орындалатын пәннің және кәсіптік әдеп сұрақтарымен таныстырады; кәсіптік қызметтің әртүрлі аспектілерін ынталы және белсенді таңдауда тәжірибе жинау үшін жұмысқа күш жинауға бағдар береді; студенттерді кәсіпорындар, мектептерге бөлу туралы бұйрықпен таныстырады және сыртта тәжірибе өтетін студенттерге кәсіптік тәжірибенің жолдамасы беріледі. Бекітілетін конференцияға тәжірибе кезеңінде студенттерге профильдеуші кафедралардың тапсырма пакеттері, есеп құжаттарының үлгілері әдістемелік әдебиеттер көрмесі дайындалады.

Қорытынды конференция тәжірибе қорытындысын өткізу мақсатында өткізіледі; оның сандық және сапалық нәтижелерін анықтауды, ұйымдардың мәселелері және кәсіптік тәжірибенің жүрісі, олардың жолдарымен механизмдерінің шешімі. Оған төменгі курс студенттері, базалық мектеп, кәсіпорындардың өкілдері шақырылады. Конференцияда тәжірибеден өтуші топтардың есептері тыңдалады, әдіскерлер сөз сөйлейді. Факультет басшысы жалпы қорытынды өткізеді, кәсіптік тәжірибенің бағаларын хабарлайды. Студенттер тәжірибеден өткен кездегі кейбір қиыншылықтарды, оларды жеңу жолдарының мүмкіндіктерін айту қажет және кәсіптік тәжірибе өткізуді ұйымдастыруды жақсарту туралы ұсыныстар қалыптастыру.

Қорытынды конференцияда кәсіптік тәжірибе өту кезеңінде жемісті және ынталы жақсы жұмыс жасағаны үшін мектептің, кәсіпорынның және факультеттің атынан студеттерді көтермелеу қажет. Конференцияда ұсыныс бөлімінде міндетті қалыптастыру хаттамасы жазылады.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссияның жіктеу бағасымен студент сынақ тапсырады (есебін қорғайды). Комиссия құрамына кіреді: оқытушы, тәжірибе өткізетін жетекші курс, жоғары оқу орнынан мүмкіндігінше кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі.

Кәсіптік тәжірибенің қорытындысын кафедрада талқыланады. Тәжірибенің жалпы қорытындылары жоғары оқу орнының оқу Кеңесінде және факультет Кеңесінде тәжірибе базасының өкілдерімен өткізіледі.

Тәжірибе бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағанттанарлық емес баға алған студент студенттік демалыс кезінде қайты тәжірибеден өтуге жіберіледі немесе оқу үрдісін үзбей тәжірибе өтеді (өз есебінен), немесе жоғарғы оқу орнынан шығарылады. Белгіленген тәртіпте студенттердің қатарына қалпына келтіруге құқығы сақталады.
12 Диплом алды практика

12.1 Диплом алды практиканың мақсаты:

1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;

Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

- ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

- зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

- нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

12.2 Диплом жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар

Диплом жұмыстың тақырыптары (жоба) қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы қажет. Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет .

Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі (жоғары оқу орнының). Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды. Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі. Диплом алдындағы практика аяқталысымен диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар

Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады. Диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады.

Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:

1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді (қосымша 3);

2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.

6) диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына (жобаға) тігіледі. (қосымша 7) Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі (қосымша 2). Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады. Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жобаның) орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.

Инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс (жоба) негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т.б.). Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.

Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

Диплом жұмысын (жобасын) студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.


12.3 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

Дипломдық жұмыс (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми констультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.

Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба), пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен диплом жұмысының (жобасының) қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.



12.4 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойыншамемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.
15.5 Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 7 июня
    .1999 г. № 389-1 с изменениями и дополнениями, внесенными в соот­
    ветствии с Законами Республики Казахстан от 11.06.2001 г, № 207-11;
    от 09.07.2004 г. № 597-Н; от 31.01.2006 г. № 125-III;

  2. Закон Республики Казахстан «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004г. № 603-П ЗРК

3. Типовые правила деятельности организаций, реализующих
образовательные программы высшего профессионального образова-­
ния, утвержденные постановлением Правительства Республики Ка­
захстан от 2 марта 2005 г. № 195;

4. ГОСО 5.03.001-2004 «Государственный общеобязательный
стандарт образования Республики Казахстан. Образование высшее
профессиональное. Бакалавриат. Основные положения», утвержден­
ные приказом Министерства образования и науки Республики Казах­
стан от 30 апреля 2004 г. № 380 с изменениями № 1 от 23.09.2005 г.
№ 644 и № 2 от 1.8.08.2006 г. № 454;

5. Правила перевода и восстановления обучающихся в орга­
низациях образования, дающих начальное профессиональное, среднее
профессиональное и высшее профессиональное образование, утвер­
жденные приказом Министерства образования и науки Республики
Казахстан от 13 января 2005 г. № 13;

6. Правила проведения текущего контроля успеваемости, про­
межуточной и итоговой государственной аттестации обучающихся в
организациях образования, утвержденные приказом Министерства
образования и науки Республики Казахстан от 7 сентября 2006 г. №
481;

7. Правила кредитной системы обучения в организациях обра­
зования, дающих высшее профессиональное образование, утвержден­
ные приказом Министерства образования и науки Республики Казах­
стан от 9 декабря 2005 г. Хн 753.

СТУДЕНТТЕРГЕ ЕСКЕРТПЕ
1. Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің органикалық бөлімі болып табылады және оның өз мақстатры бар: таңдаған мамандығы бойынша өндірістік жағдайда жұмыстың тәжірибелік машығын басқару, институтта оқыған кезіндегі студенттің алған теориялық білімін бекіту.

2. Студент өндірістік тәжірибеден өту кезінде өндірістің жағдайы мен көрсетілген нақты талаптарымен тәжірибе бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның барлық тапсырмаларын орындауы, ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне толығымен бағынуы қажет.

3. Тапсырылған жұмысты өздігінен тастап кетуге, жұмыстың орындалуын кейінге қалдыруға студенттің құқығы жоқ.

4. Тәжірибе бағдарламасының тапсырмасына сәйкес есеп құрастырумен жүйелі жұмыс жасауы және тәжірибе аяқталғанға дейін тәжірибе есебінің аяқталуы қажет.

5. Студенттің күнделікті толтыру тәртібі:

а) күнделіктегі жазбалар тәжірибе өту графигінің тапсырмасына сәйкес болуы қажет;

б) студент күнделікті күнде толтыруы қажет және жетекшісі аптасына бір рет қарауы қажет;

в) күнделікке студенттің барлық орындаған жұмыстары жазылады;

г) күнделікті сәйкесті бөлімдерді тәжірибе жетекшісі толтырғаннан кейін кафедраға есебімен бірге тапсырады.

Тәжірибе туралы есеп күнделіксіз қорғауға жіберілмейді. Күнділік түсінікті жазумен толтырылады.




Қосымша 1
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аграрлық-биологиялық факультеті
«Өңдеу технологиясы және стандарттау» кафедрасы
КҮНДЕЛІК
_______________ практиканың 20_____- 20 ______ оқу жылына.

___________ факультетінің, ______________ курстың студенті

Мамандығы__________________________________________________________

Тегі _______________________________________________________________

Аты ________________________________________________________________

Әкесінің аты ________________________________________________________

Практика ______________________________________________________

Практиканың күнтзбелік мерзімдері

Оқу жоспары бойынша: басталуы _______________ аяқьалуы ______________

Практикаға келу күні __________________ 20 ____ ж.

Практика орнынан кету күні ______________ 20____ ж.



Практиканың жетекшісі

Кафедрадан__________________________________________________________

Қызметі _____________________________________________________________

Тегі ________________________________________________________________

Аты ________________________________________________________________

Әкесінің аты ________________________________________________________


Кәсіпорыннан практиканың жетекшісі

Қызметі ____________________________________________________________

Тегі _______________________________________________________________

Аты ________________________________________________________________

Әкесінің аты ________________________________________________________

Қосымша 2

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

П. Касьянов

____________________

«____»_________ 20 ___ж.


Жеке тапсырма:

1. Кәсіпорын туралы және оның даму тарихын жазу.

2. Өндірістің технологиялық сызбаны (өңдеу) өнім (шикізат) жазу

3. Өнімді өндіру кезінде қолданылатын негізгі және қосалқы шикізатты жазу

4. Дайын өнімнің және шикізаттың сапасына қойылатын талаптар

5. Дайын өнімнің және шикізаттың сапасын анықтаудың әдістемесі мен әдістері.

6. ИСО 9001-2001 сериялы стандарттар негізінде СМЖ жүйесін енгізу және өндірістің жағдайын талдау.

7. НҚ саны және олардың көкейтестілігі

8. ЗЛ құзыреттігін растайтын құжаттардың қолда бары.

9. Өлшеу құралдарын тексеру графигінің қолда бары

10.Кәсіпорындарда (цехтар, бөлімдер, зертханалар) қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды ұйымдастыру

11. Кәсіпорындарда (цехтар, бөлімдер, зертханалар) қоршаған ортаны қорғау жағдайы және ұйымдастыру

12. Кәсіпорындардың (цехтар, зертханалар) жұмысты жақсарту жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар.


Практика тапсырмасын алған студент __________________________________

«______» ______________20 _____ж.




Қосымша 3
ПРАКТИКАДАН ӨТУ КЕСТЕСІ

Күні

Жұмыс түрлері

(үрдістердің, кезеңдердің )


















































































































































ҰЙЫМДАСТЫРУЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСУ

(ЖИНАЛЫС, СЕМИНАР ЖӘНЕ С.С.)



Күні

Қандай мәселелер бойынша



































































КӘСІПОРЫНДА ҚАТЫСҚАН ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ



Күні

Дәріс тақырыбы

Сағат

Дәріскердің аты-жөні және қызметі




































































































































Кәсіпорынға техникалық көмек көрсету бойынша жұмыстарға қатысу; жұмыстардың қысқаша сипаттамасы және олардың мәні______________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу; нәтижелерді қысқаша сипаттау

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Қосымша 4
СТУДЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТАТМАСЫ
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Практика жетекшісі __________ / __________ /

м.о.

Қосымша 5
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аграрлық-биологиялық факультеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы


«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

____________ П. Касьянов


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қостанай қаласының базар және көтерме сауда орындарында жеміс – жидек өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша техникалық регламент талаптарын сақтау

мамандығы 050732 – «Стандарттау, метрология и сертификаттау»


Орындаған Т. Полищук

Ғылыми жетекшісі


б. ғ. к., доцент. П. Касьянов

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­




Қостанай 2011
Қосымша 6

Дипломдық жұмысты дайындау кестесі





р/с


Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі

Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі

Ескерту

1

Дипломдық жұмыстың жоспарын және әдебиеттер тізімін құрастыру

11.01.2010




2

Әдебиеттер көзімен жұмыс істеу және қолданылған әдебиеттер көлемін жазу

28.01.2010





3

Нақты мәліметтерді өңдеу, кестелерді құрастыру және оларды талқылау

17.02.2010




4

Экономикалық тиімділік бойынша бөлімді жазу

15.03.2010




5

Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлімді рәсімдеу

9.04.2010




6

Жұмыс рәсімдеу және тексеруге тапсыру

13.05.2010




7

Кафедраға тысталған жұмысты тапсыру

20.05.2010



8


Кафедрада жұмысты алдын ала қорғау

26.05.2010




Тапсырманы беру күні _______________________________
Кафедра меңгерушісі ________________________ (тегі, аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ________________________ (тегі, аты-жөні)

Тапсырманы орындауға алды

студент _________________________ (тегі, аты-жөні)

Қосымша 7

А. Байтұрсынов Қостанай мемлекеттік университеті


Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы
Мамандығы: 050728 – Өңдеу өңдірістерінің технологиясы

Оқу бағдарламасы және түрі: Негізгі оқу бағдарламасы, күндізгі оқу түрі


БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

_________ П.Касьянов

____ __________ 201__г.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет