Ерітіндіге есептер



бет2/6
Дата05.12.2023
өлшемі35,38 Kb.
#195076
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ерітіндіге есептер-emirsaba.org

Концентрация
1.Массасы 240 г суда 10 г натрий гидроксиді ерітілді.Алынған ерітіндінің тығыздығы 1,04 г/мл.Ерітіндідегі натрий гидроксидінің молярлық концентрациясы-(1 моль/л)
2. Массасы 80 г 15% күкірт қышқылына 10 г су қосқанда алынатын қышқылдың концентратциясы-(13)
3. Магний сульфаты дәріханада «ағылшын тұзы» деген атпен сатылады.Оның 25 г бір ретте 1 л суға езіп ішкізіп,іш тазалайды.Осы ерітіндінің пайыздық концентрациясы-(2,4%)
4. 2 молярлы 50 мл NaOH ерітіндісі 25 мл тұз қышқылы ерітіндісімен бейтараптандырылған.Тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясы.-(4 моль)
5. 150 г 10% H2SO4 ерітіндісіне 300 г 5% H2SO4 ерітіндісін қосты,алынған ерітіндінің концентрациясы-(6,67%)
6. Күкірт қышқылының көлемі 500 мл,тығыздығы 1,12 г/мл массалық үлесі 4,9% ерітіндісі берілген.Ерітіндінің молярлық концентрациясы-(0,560)
7. 1 л ерітіндіде 42,5 г натрий нитраты болады.Ерітіндінің молярлық концентрациясы-(0,5)


Көлемге есептер
1.Йодтың этил спиртіндідегі 5% ерітіндісінің 1 кг дайындау үшін қажетті йодтың массасы мен этил спиртінің көлемі (P=0,79г/см3)- (50 г,1,2*10)

2. Криолит балқымасындағы 510 кг Al2O3 электролиздегенде катод пен анодтағы шығымы 80% -ды құрайды.Анодтағы өнімнің көлемі-(134,4 м3)


3. Құрамында 88% FeS бар,100 г миниралға тұз қышқылы әсер еткенде бөлінетін күкіртсутек газының қ.ж көлемі-(22,40л)
4. Құрамында 2,3 г натрий мен 1,95 г калий бар құйманы сумен әрекеттестіргендегі бөлінген сутек газының көлемі-(1,68 л)
5. Көлемі 30 м3 күкірт (IV) оксидін тотығу үшін жұмсалатын ауаның көлемі –(75 м3)
6. Құрамында 88%FeS бар 100 г миниралға тұз қышқылы әсер еткенде түзілетін күкіртсутектін шығымы теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда 80%-ті құрайды.Бөлінген күкіртсутек газының қ.ж көлемі-(17,92л)
7. 61,25 г калий хлоратын ыдыратқанда шығымы 65% болса түзілетін газдын қ.ж көлемі-(10,92л)
8. 1 моль күкірт (IV) оксиді тотығуы үшін қажетті ауаның қ.ж көлемі (ауа 20% оттектен тұрады)-(56л)
9. Құрамында 10 г натрий гидроксиді бар ерітіндіні бейтараптануға жұмсалған күкіртсутектің көлемі-(5,6л)
10. 4 л сутек хлормен әрекеттескеде түзілген хлорсутектің көлемі-(8л)
11. Өнімнін практикалық шығымы 78 болса, 0,36 моль тотықтырғыш калий перманганаты мен тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінген газ көлемі-(15,7 л)
12. Массасы 121 г марганец (IV) оксиді мен тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген газдың көлемі-(31,15 л)
13. Al2O3=2Al+1.5O2 теңдеуі бойынша 30% қоспасы бар 2 кг бокситті электролиздегенде анодта бөлінетін газдың көлемі-(461,18 л)
14. 32 л сутек пен 10 л азот әрекеттескенде шығатын өнімнің шығымы 10% болса,аммиактын көлемі-(2 л)
15. Адамның терісіне тиіп кеткен хлорофос немесе карбофосты зарарсыздандыру үшін 3%-ті мүсәтір спиртінің ерітіндісі қолданылады.2,1 кг осындай ерітіндіні дайындау үшін қажетті аммиактың көлемі-(40,32)
16. Массасы 6 г көмірді концентрлі күкірт қышқылына салғанда бөлінген көмір қышқыл газының көлемі –(11,2)
17.18 кг глюкозаны спирттік ашытқанда түзілетін тығыздығы 0,789 кг/м3 этил спиртінің көлемі –(11,66 м3)
18. Массасы 6,4 мыс концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген күкіртті газдың көлемі-(2,24 л)
19. Зертханада массасы 148 г кальций гидроксидіне аммоний хлоридін қосқанда түзілген аммиакпен әрекеттескенде оттектің көлемі-(112 л)
20. Құрамында 20% қоспасы бар 8 кг кальций карбидінен алынатын ацетиленнің көлемі-(2240л)
21. Натрий карбонатының көлемі 27 л көмірқышқыл газын алу үшін жұмсалған тығыздығы 1,1 г/мл ,20% тік тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі

22. Құрамында көлемі бойынша 90% метан,4% этан,3% пропан,2% бутан,0,5% азот,0,5%көмір қышқыл газы бар 500 л газды жағуға кеткен ауа көлемі (ауадағы оттектің көлемдік үлесі 0,2)


23. Құрамында 10% қоспасы бар 40 г марганец (IV) оксидін алюминотермиялық әдіспен алынған марганецті тұз қышқылымен әрекеттестіргенде бөлінген газдың көлемі
24. 10,2 г күкіртсутектің көлемі
25. 33,6 л пропанды қ.ж дегидрлегенде түзілген пропин толық жанғанда бөлінген көміртек (IV) оксидінің қ.ж көлемі-(100,8л)
26. Қалыпты жағдайда 50 л пропанды жағу үшін қажетті ауаның көлемі (ауадағы оттектің көлемі 21%)-(1190,47 л)
27. Массасы 200 г 6% қоспасы бар мырыш алдамшысын(ZnS) жаққанда түзілген күкірт (IV) оксиді толығынан сінірілу үщін қанша көлем 20-тік тығыздығы 1,225 г/мл NaOH ерітіндісі керек?-(633мл)
28. Реакцияның термохимиялық тендеуі бойынша CH3COOC2H5+5O2=4CO2+4H2O+2726 кдж 1505 кдж жылу түзілген болса,реакцияға түскен оттегі мен ауаның көлемі (ауадағы оттек 20%)-(61,8л,309л)
29. Құрамында 10 г натрий гидроксиді бар ерітіндіні бейтараптануға жұмсалған күкіртсутектің көлемі-(5,6л)
30. .Реакцияның термохимиялық тендеуі бойынша CH3COOC2H5+5O2=4CO2+4H2O+2726 кдж,1505 кдж жылу түзілген болса реакцияға түскен оттегі мен ауаның көлемі (ауадағы оттегі 20 %)-(61,8 л,309л)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет