Құрамында 10% қоспасы бар 294 г құмнан 100 г кремний алынды.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда өнімнің шығымы(81%)
Көлемі 34 л аммиак өршіткі қатысында тотыққанда 29 л азот (II) оксиді түзілді.Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы(85%)
2,32 г темір қағын сутекпен тотықсыздаедырғанда 1,12 г темір алынса,темірдің шығымы(67%)
Құрамында 4% қоспасы 50 г бар көмірді жаққанда түзілген газды кальций гидроксидінен өткізгенде 350 г кальций карбонаты түзілсе,теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда реакция өнімінің шығымы-(87,5%)
Құрамында 4% қоспасы 50 г бар көмірді жаққанда түзілген газды кальций гидроксидінен өткізгенде 350 г кальций карбонаты түзілсе,теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымы-(87,5%)
Зат мөлшері 1,5 моль аммиак күкірт қышқылымен әрекеттескенде массасы 63 г аммоний сульфаты түзілді.Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы-(64)
Көлемі 67,2 л ацетиленді гидраттағанда альдегид алынды.Ол тотығып 157,5 г сірке қышқылы алынды.Өнімнің шығымы-(87,5)
Массасы 16 г алюминий карбиді гидролиздегенде көлемі 6,72 л метан бөлінді.Метанның теориялық мүмкіндікпен алғандағы шығымы-(90)
28 г кальций оксидінен 76 г кальций нитраты алынды.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымы-(93%)
45 кг глюкоза ашығанда,40 кг сүт қышқылы түзілді.Өнімнің шығымы-(88,89%)
Көлемі 10 л азот сутегімен әрекеттескенде 15 л аммиак түзілсе,оның шығымы-(75%)
Массасы 10 г натрий гидроксиді кремний оксидімен әрекеттескенде 11,2 кг натрий силикаты алынды.Натрий силикатының теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы-(73,4%)
Құрамында 15% изопренді бар көмірсутектің 200кг қоспасынан 6 кг каучук алынды.Каучуктың теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы-(20)
Лабороторияда 25,2 м3 ацетиленнен 18,72 кг бензол алынған,өнімнің шығымы-(64%)
Лабороторияда 129 г хлорэтаннан 85 г этанол алынған,алынған этанолдын шығымы-(92,4%)
Көлемі 300 л табиғи газдан ацетилен алынды.Газдағы метанның көлемдік үлесі 96%.Егер шығымы 65% болса,қанша көлем ацетилен түзілді(93.6 л)
Өнім шығымы теориялық мүмкіндікпен 75% құрайтын болса,тұз қышқылының артық мөлшері 5,4 г алюминиймен әрекеттескенде бөлінетін сутек көлемі(5,04 л)
1 т целлюлозадан 1 т целлюлоза трицетаты алынған болса,өнімнің шығымы(0,562%)
19.Көлемі 3 л азот пен сутекті әрекеттестіргенде 0,75 л аммиак алынады.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда аммиактың шығымы (12,5%)