Эритроциттер (грек erythros қызыл және kytos ыдыс) адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер



Дата29.05.2024
өлшемі13,84 Kb.
#202995
Байланысты:
ЭРИТРОЦИТ


ЭРИТРОЦИТ ДЕГЕН НЕ? .

 Эритроциттер ” (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. .
.
Адам ЭРИТРОЦИТІНІҢ пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диаметрі 7 – 8 мкм. .
.
Дені сау адмадарда:
- ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., - әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. .
.
жүкті әйелдер мен балаларда эритроциттердің көрсеткіші басқа
.
кез келген анализ көрсеткіштері тәрізді эритроциттер көбейіп немесе азаюы мүмкін.
. .
эритроциттердің қалыптыдан артық болып көбеюі де патология
.
Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 80-125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Эритроцит түзіліп, сондай мөлшерде, өз тіршілігін жойып отырады). .
.
ЭРИТРОЦИТТЕР ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ? . 1. Эритроциттер өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, яғни газ алмасу процесі қызметін атқарады
.
2. ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді,
.
3. қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді.
.
Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — ГЕМОГЛОБИН кұрайды.
.
Эритроцитоз - эритроциттердің қалыптыдан тыс көбеюі. Қандай жағдайда кездеседі:
1.ағзаның сусыздануы (күн ыстықта, қызбада, іш өту,құсу)
2. Оттек жетіспейтін жағдайда
3. Темекі шегетін адамдарда т.б
Негізгі симптомдары:бас ауру,бас айналу,жиі мұрын қанауы т.б
.
Эиитропения - эритроциттердің азаюы. Әлсіздік, тез шаршағыштық,құлақта шу пайда болуы,тері бозғылттығымен сипатталады. Қай кезде кездеседі?
.
1Жедел қан жоғалту (жарақат немесе операция)
2Созылмалы қан кету (ішкі ағзалардан немесе етеккірдің ұзақ келуі)
3 Ағзаға жеткіліксіз мөлшерду түсуі
4Сіңуінің нашарлауы В12 витамин,фолий қышқылы жетіспеушілігінде
.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет