1-айналымға керекті құжаттар: Эссе – Сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды, кәсіби мақсаттарыңыз бен мансаптарыңызды, оқудан тыс уақытта немен айналысатыныңызды сипаттайтын, отбасыңыз бен оның құндылықтары жайлы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасыңыз жайлы қысқаша әңгіме. Онда осы бағдарламаға не себепті өтінім беріп отырғаныңызды және болашақта алған біліміңізді қалай қолданатыныңызды әңгімелеуіңіз керек. Эссе көлемі 2-3 беттен аспау қажет, оны үміткердің қолдан жазып немесе компьютерде теріп, соңында аты-жөні мен қолын қоюы тиіс.
Орта білім жөніндегі аттестат немесе колледжді бітіруі жайында диплом. Үміткерге аттестат/диплом әлі берілмеген болса, онда ол 9, 10 сынып табельдерінің/толық бітірген соңғы курста алған бағалары бар сынақ кітапшасының парақтары. Байқаудың 2-айналымынан табысты өткен үміткерлер аттестатты/дипломды алған бойда өткізеді.
ҰБТ нәтижелерін растайтын сертификат (бар болған жағдайда). Тапсырылатын пәндер – математика және география, кем дегенде 80 ұпай.
Үлгі бойынша толтырылған ұсыныс хаттары (екіден артық, я кем болмау керек). Ұсыныс хатты мұғалім, сынып/топ жетекшісі, мектеп директоры, завуч толтырады. Үлгі гугл-формада жүктелген.
Дипломдар, мадақтау, марапаттау қағаздарының сканы (бар болған жағдайда, бес данадан артық емес)
Байқауға қатысушысы интернаттық мекеме түлегі болса, мына құжаттар қажет: интернат мекемесі түлегі екенін растайтын анықтама / ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік / ата-ана құқығынан айыру туралы анықтама.
Отбасындағы кәмелетке толған әр адамның жеке куәлігі (екі жағы), кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігі.
Отбасының құрамы жөнінде ақпарат (egov.kz-тағы жеке кабинеттен скриншот түрінде қабылданады).
Отбасындағы кәмелетке толған әр адамның жылжымайтын мүлігінің бар-жоғын растайтын анықтамалар (ХҚО немесе egov.kz порталынан алынады).
Барлық жылжымайтын мүліктің нарықтық құны туралы есептеме (мүлікті бағалаумен айналысатын жеке компаниядан алынады).
Отбасындағы 18 жасқа толған әр адамның көлік құралының бар-жоғын растайтын анықтама (egov.kz-тағы жеке кабинеттен скриншот түрінде қабылданады).
Барлық тіркелген көлік құралының нарықтық құны туралы есептеме (мүлікті бағалаумен айналысатын жеке компаниядан алынады).
Отбасындағы кәмелетке толған әр адамның соңғы 12 ай ішінде алған табысы жайында анықтама (жұмыс орнынан алынады).
Отбасындағы кәмелетке толған әр адамның соңғы 12 ай ішінде жасаған жарналарын көрсететін зейнетақы шотынан үзінді (ХҚО немесе egov.kz порталынан алынады).
Отбасындағы кәмелетке толған әр адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені немесе тіркелмегені туралы анықтама (ХҚО немесе egov.kz порталынан алынады).