Байланысты: Программа образовательных грантов БесТірек 2023 каз
Егер келесі жағдай Сізге қатысты болса, онда оны растайтын мынадай құжаттар қажет: Егер отбасында жеке кәсіпкерлер болса, соңғы 12 ай ішінде тапқан табысы жайында декларация.
Егер ата-анасы жұмыссыз болса, онда оның әлеуметтік мәртебесін растайтын анықтама.
Егер отбасында мүгедектер, зейнеткерлер болса, онда ЖТСК–ның бекітімі, зейнеткер куәлігі және Зейнетақы төлеу орталығынан соңғы 12 ай ішінде төленген зейнетақысын көрсететін анықтама.
Көп балалы отбасы, нәрестені күтімімен айналысып отырған отбасы - соңғы 12 ай ішінде төленген жәрдемақысын көрсететін анықтама.
Толық емес отбасынан шыққан үміткерлер - Ата-анасының ажырасқаны туралы куәлік, Қайтыс болғаны туралы куәлік, Асырап алу жөніндегі куәлік, Алимент мөлшерін көрсететін құжат, Қамқоршысынан айырылғанымен байланысты куәлік, Жетімдігімен байланысты төлемдерді көрсететін құжат.
Өтінім орыс немесе қазақ тілінде тапсыруға болады. Барлық ақпарат пен құжаты бар өтінімдер ғана толық деп саналады. Небір құжаттың жоқтығы ұпайды азайтады және байқаудың келесі кезеңдеріне өтуге кедергі болуы мүмкін. Қор үміткердің қолданған байланыс сервисінің немесле Интернеттің дұрыс істемеуінен пайда болатын ақауларға жауап бермейді. Жалған ақпарат/құжат берген үміткер бағдарламадан шығарылады. Толық емес құжаттар қарастырылмайды! 2-АЙНАЛЫМ Бірінші айналымға жіберілген құжаттар негізінде өтетін іріктеу кезеңінен соң, үміткерлер интерактивті ойын түрінде өтетін байқаудың 2-айналымына шақырылады. Бұл айналым арнайы дайындықты қажет етпейді, алайда үміткерлер бар қабілеті мен машықтарын көрсете білулері тиіс. Топ ішінде және жеке тапсырмаларды орындау барысында олар басқалармен қарым-қатынас құра білу, жеке тапсырмаларды орындау, сабырлық, эмоционалды және ой-өрісін, іскерлік сияқты қабілеттерін көрсетуге даяр болулары абзал. Карантин жағдайында интерактивті ойын онлайн, zoom арқылы өтеді. Қор 2-айналым қандай форматта өтетіні жайында алдын-ала хабарлайды.
Үміткерлермен байланыс электрондық пошта, whatsapp/telegram, телефон арқылы жүзеге асырылады. Қор байқаудың әрбір кезеңінен соң, шыққан нәтижесі жайында үміткерлерді хабардар етеді. Әр үміткер өткен айналым нәтижесі жайында хат пен келесі айналым туралы нұсқаулықты оқығанын Қор қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Іріктеу кезінде үміткердің байланыс деректері өзгерсе, ол жайында Қор қызметкерлеріне хабарлауы тиіс.
Үміткерлер іріктеудің осы кезеңінен өту үшін айтылған уақытта Алматыға жетулері тиіс. Ойынға қатынасуға байланысты шығындардың басым бөлігін Қор өз мойнына алады; 1) қонақ үй/хостел шығындары; 2) жол шығындары (поез – купе/плацкарт немесе автобус); 3) түскі ас. Үміткерлер ойынның өтетін уақытын білген соң, кідірместен темір жол немесе автобус билеттерін сатып алулары қажет. Үміткер ары-бері жүрген жолының билеттерін үйге қайтып келгенше сақтағаны шарт, өйткені жол шығындары билеттердің түпнұсқалары болған жағдайда ғана өтеледі. Алматыға дейін билет Қор қызметкерлеріне өткізіледі, ал қайтар жолдың билетін үміткер үйіне жеткен бойда поштамен жіберуі тиіс.