Ержанова Р. К. 200 ж. Сжсб н/б Баяхметова Г. С. 200 ж. МақҰлданды әӘБ бастығы Головерина Л. Т. 200 ж



бет2/9
Дата28.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#35238
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Программаны шақыру



1-тәсіл

1) Пуск (Start) батырмасын шертіңіз;



  1. Менюде Программалар (Program) бөлімін таңдаңыз;

  2. суретшісі бар Microsoft Word программасын шертіңіз.

2-тәсіл

Егер сізде Microsoft Office программасы болса Word-ты «Офис Администраторы» («Администратор Офиса») тақтасынан батырмасын екі рет шерту арқылы іске қосуға болады.



Программадан шығу



1-тәсіл:

  1. Программа терезесінің оң жақ жоғары бұрышында орналасқан программаны аяқтау батырмасын шертіңіз.

  2. Егер жұмыс істеп жатқан құжат дискіде сақталмаса, келесі сұрағы бар сұхбаттық терезе шығады: Med-sum –да өзгерістерді сақтау керек пе? («Сохранить изменение в Меd-sum?»), бұл жерде Med-sum-құжат аты.

Егер жұмыс істеп жатқан файлды сақтағыңыз келсе «Иә» («Да-Yes») батырмасын шертіңіз, ол кезде сіздің файлыңыз Windows жұмыс тақтасында сақталады, егер сақтағыңыз келмесе «Жоқ» («Нет-No») батырмасын шертіңіз. Егер программаны аяқтау командасын бергіңіз келмесе («Отмена-Cancel») батырмасын шертіңіз.

2-тәсіл

Alt+F4 пернелерін қатар басыңыз. Бұл пернелер комбинациясы Windows-тың барлық программаларын аяқтайды.



3-тәсіл

Файл (File) менюінде Шығу (Выход-Exit) командасын орындаңыз. Бұл тәсілді редактор терезелерінің элементтерімен танысқан соң орындаған дұрыс.



4-тәсіл

Программаның терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышындағы-жүйелік менюінің батырмасын еі рет шертіңіз.


Ескерту 1

Пернелер комбинациясы деп 2 немесе 3 пернені қатар басуды айтады. Мысалы, Alt+F4 пернелер комбинациясы деп Alt пернесін басып тұрып, F4 пернесін қоса басуды айтады.

Курсор деп экранның ағымдық орнын көрсетіп тұратын белгіні айтады. Ол экранда жыпылықтап көрінеді. Пернетақтадан терілген символ курсор тұрған жерге жазылады. Экрандағы керек объектіні тез көрсету үшін тышқан қолданылады. Тышқанның екі пернесі болады (сол жақ, оң жақ).

Тышқан деп экранда тез қозғалуға арналған сайманды-қорапшаны сыртқы түріне қарап (сұр тышқанға ұқсайды) айтады, (ағылшынша – «mouse, орысша –«мышь»).Тышқанды үстелде қозғалтқанда, экранда оның көрсеткіші жүгіріп жүреді.

«Шертіңіз» деп тышқанның сол жақ пернесін бір рет басуды айтады.


Редактор терезесі


Word редакторын шақырған соң экранда келесі терезе пайда болады.

Сурет 1- Word редакторының интерфейсі
1-жол – терезені басқару батырмалары орналасқантақырып жолы.

2-жол – Word-тың меню жолы.

3-жол - Стандартты (Стандартная) саймандар тақтасы.

4-жол- Пішімдеу (Форматирование) саймандар тақтасы.

5-жол – Жатық сызғыш.

Жолдарды ең жоғарыдан бастап қарастырайық

Келесі жолдан Word-тың құжат терезесі басталады.

Құжат терезесінің оң жақ шеті мен төменгі жағында айналым жақтары орналасқан. Соңғы жол – жағдай жолы.

Тақырып жолында - жүйелік менюінің батырманы, Microsoft Word-программа аты, теріліп жатқан құжат аты және терезелерді басқару батырмалары орналасқан (терезені жабатын, терезені кішірейтіп немесе үлкейтетін, программаны аяқтайтын). Тақырып жолынан соң жатық меню орналасқан. Меню деп программада сөрсетілетін қызмет тізімі аталады. Жатық меню арқылы мәтінмен жұмыс істеуге арналған негізгі командаларды іске қосуға болады.

Мысалы, Файл менюін шертсек, экранда файлмен жұмыс істеу командаларынан тұратын тік меню пайда болады. Егер тік менюден тысқары жерді шертсек, экраннан меню жоғалады.


Ескерту 2

Бұдан былай Файл менюін таңдап, тік менюдің Сақтау (Сохранить) командасын орындау керек болса, Файл, Сақтау (Файл Сохранить) командасын орындау деп айтамыз.

Іске қосылған команданы, жұмыс істеп жатқан құжатты, істеп тұрған терезені бір сөзбен екпінді (активный) немесе ағымдық деп айтамыз.

Мәтін фрагментті деп мәтіннің кез-келген бөлігін айтады. Фрагмент бір символ, бір сөз, бірнеше сөз, бір абзац, бірнеше абзац т.с.с болуы мүмкін. Сол сияқты кез-келген объектінің бөлігін де фрагмент деп атайды. Мәтін фрагментін белгілеу деп фрагментті курсормен белгілеуді айтады. Фрагментті белгілеу үшін курсорды фрагментің басына қойып, курсорды фрагменттің соңына апару керек.

Word-тың анағұрлым жалпы амалдары үшін сайман тақтасы бар, онда жиі қолданылатын командаларды орындауға арналған батырмалар орналасқан Ол батырмалар суретшілері командалар тізімін қарастырылғанда көрсетіледі.

Келесі кестелерде жатық меню командаларының қызметімен таныстырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет