Тақырыбы: Математика –шахмат тақтасында Үлкен жол кішкентай қадамдардан басталады. Сол сияқты ғылымдағы үлкен жаңалықтардың басы-кішкентай ізденістер болып табылады. Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2014 жылғы 14-қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Халыққа Жолдауында «Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиістігін» баса айтқан болатын. Міне, осы айтылған машықтарды қалыптастыру мен дамытудың өте жолы –оқушыларды бастауыш сыныптан ғылымға жетелеу.Ғылым әлеміндегі алғашқы қадамдарының бірі «Математика –шахмат тақтасында» тақырыбындағы жобаға тоқталсақ. Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі спортпен жан-жақты айналысады да шахматтың спорттың бір түрі екендігін ұмытып кетеді, шахматты ойлау қабілеті үшін ғана керек деп ойлайды.Ерте жастан шахмат ойынына үйрету балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейтеді, өзінің ойларын еркін білдіруге мүмкіндік тудырады, мидың ойлау қабілетін кеңейтуге ықпал етеді, балалардың ынтасын шоғырландырады, еркіндікке тәрбиелейді. Жұмыстың мақсаты: Шахмат баланың ойлау, ой түю қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, болашақ ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қосатындығын анықтау. Міндетері: 1. Балалар арасында шахмат ойынына қызығушылықпен қарайтындардың танымдық қабілеттерін анықтау ; 2.Шахматтың балалардың ойлау қабілетіне позитивті әсер ететіндігін дәлелдеу; 3. Орта мектептегі шахматпен айналысатын оқушылардың білім сапасына зерттеулер жүргізу. Зерттеу объектісі: Шахмат ойнай алатын және шахмат ойнай алмайтын бастауыш сынып оқушылары Зерттеу әдісі: Сауалнама алу, шахмат тақтасындағы есептер шығару, берілген сараптама қорытындыларын жинақтау, әдебиеттер таңдау. Кіріспе «Шахмат ойыны ақыл ойдың дамуының басты себепкері ретінде бастауыш мектеп өміріне кіруі тиіс. Әрине сөз бастауыш мектеп туралы болып отыр, өйткені интеллектуалдық тәрбие бастауы бастауыш сыныптарда негізгі орын алғандықтан арнайы үлгілер мен әдіс түрлерін қажет етеді» В.А.Сухомлинский Шахматтың пайдасы: 1. Бала өз бетімен шешім қабылдай алатын болады; 2. Бала назар салуға дағдыланады; 3. Баланың кеңінен ойлау қабілеті дамиды; 4. Балада іс-әрекетін жоспарлау қалыптасады; 5. Шахмат мінез-құлықты тәрбиелейді; 6. Шахмат шығармашылыққа үйретеді. Шахмат ойынының шығу тарихы. Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат - ақыл-ой спорт түрі. 1969 жылға дейін қазақ тілінде дәстүрлі шатыраш (санскріт: chatur anga → пракріттер: chatur anja — төрт бұрыш → арабша: шатрандж) делініп келді. Ойынды 2 ойыншы ойнайды. Шахмат ережесінде ірі фигуралар ханзада бола алмайды. Тек пешка фигурасы ғана ханзадаға айнала алады. Шахмат ойынының бір ғана өкінішті жері бар, пешка фигурасы бірінші боп құрбандыққа шалынады. Ойынның басты мақсаты:Әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Шахмат ойынының басты мақсаты-қарсыластың тастарына шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Шахмат ойынының тіректері: Патша: 1 дана қалаған бағытында бір-бір қадамдап қана жүре алады. Ойынның басты кейіпкері болғандықтан, оған көп жүріп, соғыс майданына қатысудың керегі жоқ. Ол басқа тастар азайған кезде ғана майданға аттануы тиіс. Қалған уақытта барлығы бірігіп, патшаға жақсы қорғаныс қамтамасыз етулері керек. Уәзір: 1 дана алдында кедергі болмаған жағдайда алға да артқа да, оңға да, солға да, қиғашынан да жүру мүмкіндігіне ие. Уәзір деген аты айтып тұрғандай, патшаның ең жақын адамы, уәзірі. Қамал (тура): 2 дана аты айтып отырғандай, бұл – елдің қорғанысы, қамалы. Ол алға және артқа қарай жүреді. Алдында кедергі болмаған жағдайда, ақ шаршыдан қара шаршыларға аттап, төрт бағытта қадам баса алады. Піл немесе офицер 2 дана: қиғаштан ғана жүреді. Өзі тұрған шаршы қара болса, қара шаршылармен аттап, ақта тұрса, ақ шаршылармен аттап жүре алады. Шахмат ойынын ойлап тапқан адам үндіс болғандықтан, бұл тасты пілді әскерге теңеген болса керек. Піл пешкадан үлкен. Оның күші атпен пара-пар болып қалады. Кейініректе оның аты офицер болып өзгертіліп, заманымызға сай әскери шең берілген екен. Жылқы: бұл тастың жүрісі қызық. Ол «Г» әрпіне ұқсас жүреді.Піл мен қамалға (тура) қарағанда алысқа аттап бара қоймайды, қара шаршыдан аққа және керісінше аттап жүреді, алдында тұрған тастан аттап кетеді және өз жүрісінің артықшылықтары бар. Пешка: тек қана алға жүріп отырады. Артқа қарай қайта алмайды. Алғашқы қадамын бір шаршыдан аттап, екі шаршы қадам жасай алғанына қарамастан, оның қадамдары бір шаршыдан ғана тұрады. Басқа тастарды тек қиғашынан жей алады. Бұл сарбаздың жүрісі өте баяу, басқа тастардың алдында тұрып оларды қорғайды. Осы ұландардың бір артықшылығы сол – тұрған орнынан қарсыласының ең бірінші ұяшығына дейін жететін болса, пешка және патшадан басқа кез келген тасқа айнала алады. Еуропадағы ең ежелгі шахматтар Біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда Албаниядан табылған. Материалы: морждың азу тісінен жасалған Шахмат тақтасындағы есептер:
Жауабы: Ла8x Жауабы: Фh2x
Жауабы: Фb7x Жауабы: Фе7x
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, №209 Ануар Абуталипов атындагы орта мектеп оқушылары бағаларының мониторингі
Сауалнама: Шахмат ойыны туралы білесің бе? (2-4 сыныптар аралығы) Оқушы саны Шахмат ойнай аласың ба? Өз мектебіңде шахмат үйірмесінің болғанын қалайсың ба? Үйлеріңде шахмат тақтасы бар ма? Ия Жоқ Ия Жоқ Ия Жоқ 46 20 26 32 14 22 24