Ұма қабықтары Қуық асты безі Жыныс мүшесі (penis, phallos — грекше; ) — копулятивті мүше, үңгірлі денелерден және несеп шығару өзегінен тұрады. Мүшенің артқы бөлігі шат сүйегінің алдыңғы бетіне, жыныс мүшесінің түбірін (radix penis) құрай бекиді. Денесі (corpus penis) және басы (glans penis) болады. Жыныс мүшесінің терісі жұқа, қозғалмалы, басына өтерде күпек басы қосарланған түзеді. Басының жоғарғы жағында несепшыгару өзегінің сыртқы тесігі (ostium urethrae externum) ашылады.
Жыныс мүшесінің денесі 3 үңгірлі: 2 жұп жоғарғы (согрога cavemosa penis) және тақ төменгі кеуекті денелерден тұрады (corpus spongiosum penis). Әр үңгірлі дене цилиндр пішінді болып келеді. Олардың артқы шеттері үшкірленіп, жан-жағына жыныс мүшесінің аяқшасы (crura penis) түрінде шат сүйегінің төменгі тармақтарына бекиді. Үңгірлі денелер бір-бірімен медиалді беттері арқылы байланысқан және үңгірлі денелердің ақ қабығымен қапталып, жыныс мүшесіне қалқа түзеді.
Жыныс мүшесінің кеуекті денесі артынан буылтық түрінде (bulbus penis) қалыңдаған, ал алдыңғы жағынан жыныс мүшесінің басымен аяқталады. Төменгі дененің ішінде басында кеңейген қайық тәрізді ойысы бар несеп шығару өзегі өтеді. Жыныс мүшесінің үңгірлі және кеуекті денелері өзіндік (fascia penis) кеуекті тіннен құралған. Жыныс мүшесінің үңгірлі және кеуекті денелері терең және беткей шандырлармен қоршалған. Беткей шандырдың сыртында тері орналасқан. Жыныс мүшесі екі ілетін — беткей және терең, ол шат симфизінің төменгі бөлігінен үңгірлі дененің ақ қабығына баратын байламдармен бекітілген.
Гипоспадия-даму кемістігі,ол дистальдық бөлімдерде уретраның артқы қабырғасының болмауымен сипатталады.Бұл орайда несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі проксимальдырақ, жүгенше орнында , пенис дінінің артында, ұма мен шат аралығы өңірінде ашылады.Гипоспадия уретраның ең жиі кездесетін аномалиясы ,жаңа туған баланың жиі 150 баланың 11кездеседі.Аномалияның пайда болуына эмбриогенездік жүктіліктін7-14 апталығындағы кңнәраттар себепші болып,уретралық жүлгенің жабылуына апарып соғады.Эмбриогенезге ықпал етіп гипоспадияның дамуына әкелетін факторлар-ана организміндегі эндокриндік гормондық бұзылыстар,токсоплазмоз т.б.Гипоспадияның пенистің басындағы, діңіндегі,ұмадағы, шат аралығындағы формалары бар.