Еркіндік бала кезден бәрімізге таныс. Ата-аналарымыз қонаққа кетіп сіл еркіндік берілсе не болушы еді?! Үй шашылған, су төгілген, ыдыс-аяқ сынған көріністер тізіле береді. Сондықтан үлкен түгілі балаға ерік берілсе “бәрін қопарып тастайды”. Сондықтан абсолюттік еркіндік мүмкін емес нәрсе. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тыйым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тйыйым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдқ деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға аналады.