Еркіндікке бет түзеген көш- керуен Н. Тілендиевтің «Көш- кеуен»



бет1/9
Дата05.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#3255
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Еркіндікке бет түзеген көш- керуен

(Н.Тілендиевтің «Көш- кеуен» күйі)

Сахнаға қазақтың ұлттық киімін киген екі жүргізуші шығады.

1-Жүргізуші: ( күй аясында). Қазақ жері-түгін тартса майы шыққан дарқан дала! « Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап», бейбіт жатқан, алып даланың төскейі- түлік, қойнауы- мүлік!

Қазақ жері- Алатау мен Қаратау, Алтай мен Тарбағатай, Көкшетау мен Орал сынды таулары бар таулы жер!

Қазақ жері- Арал мен Каспий, Балқаш пен Байкал, Алакөл мен Жасылкөлдей көкшіл теңіздері бар- теңізді жер!

Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Есіл мен Нұра, Шу мен Талас, Арыс пен Ақсу, Лепсі мен Тентектей өзендері бар – өзенді жер!

Қазақ жері – тау мен тасты, мұз бен құзды жарып шығып, сай салада сылдыр қағып, Желмаядай желіп аққан бұлақтары көп - бұлақты жер! Ойында орман, қырында – қарағай қалғып тұрған, адырында ақбөкен, қиясында құралай ойнақ салған бұйрат- бұйрат белдер мен бетегелі белесінде- құлан босқан, тауларында текесі, асқарында арқары, аюы мен барысы, бұғысы мен бұлғыны ен жайлап өріп жүрген, елге- қоныс, малға- өріс болған түйенің талысындай далдиған алып дала!

2-Жүргізуші: Қазақ елі – сол даланы мекен еткен, отауынан – өн кетпейтін, ошағынан от сөнбейтін сауықшыл жомарт халық! Елінің төлейіне орай жері де жомарт.

Қазақ елі - сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі.

Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бибарыстың елі, үндіні билеген Бабырдың елі!

( Құрманғазының « Сарыарқа» күйі).

1 –Жүргізуші: 1723 жыл. Көктем. «Аланы жылқы, ақтылы қой айдаған» қазақтың биелері құлындап, қойлары қоздап жатқан қауырт шақ болатын.

Дәл осы көктемде жоңғар қақпасынан есетін игі желдің орнына Ебінің есегі соғып берсін Апталап соққан дауыл толас тапқанда сол Жоңғар қақпасынан Жоңғардың құмырсқадай қаптаған қалың қолы таудан құлаған тасқыңдай қазақтың кең даласына ақтарылды.



( Ақтабан шұбырынды көш слайд көрсетіледі)

2- Жүргізуші: Тоз –тоз болған ел шұбыра қашып, Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Кір жуып, кіндік кескен Атамекен артта қалды. Ботадай боздаған босқын ел жанарларын жас жуып, қан қақсады. Қарлыққан дауыспен үн салып " Елім - айлап" еңіреді. Жер аудара көшкен жалпақ жұрт жаппай із салған сансыз сүрлеудің сорабынан жалпиған жалпақ жол түсті.

«Елім- ай» әні.

1 –Жүргізуші: Ол – қара қазақ баласының жалаң аяғы қашап салған қара жол!

2- Жүргізуші: Ол- Қаратауды қазып асқан қасқа жол! Қан жоса болған қазақтың қаны сіңген қанды жол!

1 –Жүргізуші: Ол – ата – бабаларымыздың басынан кешкен шемен шежіресін шерткен шерлі жол!

(Сахнаға азып-тозған ақтабан шұбырынды көш жүріп өтеді)

Зар: Мынау заман, қай заман –қысқан заман,

Басымыздан бақ дәулет ұшқан заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.



Елім –ай, Елім- ай !..


( Н.Тілендиевтің « Көш – керуен» күйі).

2- Жүргізуші: « Даудан қашып жүріңдер, дүрлікпе тек!

Жаудан қашып, қор болып үрікпе,-деп,

Біріктірді қазақты Төле биі:

«Бақыт, жеңіс, азат күн – бірлікте !» - деп.

( Сахна пердесі ашылады. Он екі қанатты қазақ үйі. Төрде Ұлы жүздің ақсақал биі Төлені ортаға алып Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би мен Орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би отыр.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет