1-жүргізуші: Бүгінгі ерлік сабағының қонағы ҰОС ардагері оқушыларға өз тілегін айтсын.
2-жүргізуші: Соғыстың заңы қатал. Ол ешкімді аямайды. Бетпе – бет келген жауды аямауға тиіссің. Сол жас жігіттерді соғыс мына өмірге ойлы көзбен қарауға үйретті. Сондай ағаларымыздың бірі қонақта. Енді осы атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап, сол бір жылдары көзімен көрген ауған соғысының ардагерлерін әңгімеге тартайық (сұрақ қою)
1-жүргізуші: Бүгінгі Ерлік сабағына қатысушы ардагерлерге оқушылар естелік сыйлықтар тапсырады.
2-жүргізуші: Жақсының әр кез болатұғын ауласы,
Ерлік мінездің қазақта көпқой арнасы,
Оқ пенен оттан қан кешіп елін қорғаған,
Бауыржан мен Қасымдардың сен жалғасы
1-жүргізуші: Арылтып жаудан жеріңді
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді. Ұлы жеңіске қол жеткізген жауынгерлер ерлігі мәңгілік үлгі, тәрбие.
2-жүргізуші: Иа, қара жерді дөмбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен ханға сінген қаһармандығы әлем алдында тағы әйгілі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 65 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне 65 жыл уақыт өтсе де , соғыс қан төгісін басынан кешірген адамдар соғыс салған азат пен қасіретті бүгінгі күнге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да ұмытылуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |