2 жүргізуші:Атырау қаласында, батырлардың туып өскен жерлерінде оларға мектеп көше аттары беріліп,мұражайлар ұйымдастырылған,ескерткіштер орнатылған.
1 жүргізуші:Біздің ауданымызда қанша Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагері бар екен?
Тарихшы:Исатай ауданында 7 Ұлы Отан соғысына қатынасушы мен 4 Ұлы Отан соғысының мүгедегі болды.Олар:Аққыстау селолық округінде:Исақұлов Хисметолла,Шолимов Есқали,Мұханбетов Мақаш,Тұшықұдық селолық округінде Өтеғалиев Үмбет,Маңғыбаев Нәби,Жантілеуов Қалыбай,Беркалиев Мұхат,Забурын селолық округінде Ғұбашев Ережеп,Нарын селолық округінде Ғалиев Әліп,Исатай селолық округінде Бөлекбаев Көшер,Қамысқала селолық округінде Қабиев Ғатау.
Тарихшы:Исатай ауданы бойынша Ауған соғысына 11 жауынгер қатысты.Олар Аққыстаулық-Мұратов Есім,Мусин Болатжан,Қазыбаев Теміржан,Рысқалиев Нұрқуат,Әбуов Жомарт,Тұшықұдықтық-Садихов Дабысқали,Абдолов Айболат,Қамысқалалық-Мұхтаров Әлмұрат,Құмаров Қадіржан,Хасанов Арсылан,Жанбайлық-Тастанов Жантемір.
2- Жүргізуші: Зерттеу барысында ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен Ауған соғысына қатысушы интернационалист жауынгерлердің фотосуреттері мен өмірбаяны туралы қысқаша мағұлмат, олардың ордендері мен медальдары және құжаттарынан көрме ұйымдастырдық.т Бұл туралы жас археолыгымыз не дейді екен?
Археолог: №1 стенд. Ауылымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы баяндайды.
Аудандық «Нарың таңы» газетінде Ғатау ағамыз туралы жазылған мақалалар туралы. Ауылымыздағы Ауған соғысына қатысушы интернационалист – жауынгерлер туралы қысқаша мағұлмат береді.
Өлкетанушы: нарың таңы газеті 07.05.2009ж Ғатау ағамыз 1922 жылы Орал (казіргі Батыс Қазақстан) облысының Жанқала ауданындағы №12 ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Елбасына күн туған сол бір жылдары он тоғызға жана туған өрімдей жас жігіт екен. Сол он тоғызында қолына қару алып, майданға аттанған ол Прибалтика, Украина, Беларуссия республикаларын жаудан азат етуге қатысқан. Әйгілі Пурск шайқасында атқыштар бөлімшесінің командирі болған майдангер жан алысып, жан беріскен алапат ұрыстардың бірінде жарақат алып, елге ІІ топтағы мүгедек болып оралды. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы осындай жанқиярлық әрекеттерімен ІІІ дәрежелі «Даңқ» , «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденьдерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен , Беларуссия мен Украинаның неміс – фашист басқыншыларынан азат болуының 60 жылдық медальмен марапатталған. Рига қаласы үшін кикілескен ұрыстарда көрсеткен өжеттілік, батылдығы мен ерлігі, үздік жауынгерлік әрекеттері арқасында Кеңестер Одағының Маршалы Жоғарғы Бас қолбасшы Сталиннің алғыс хатына ие болған. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, аянбай тер төкті. «Еңбек ардагер» медальнің иегері. Беларуссияны неміс – фашист басқыншыларынан азат етудің 60- жылдығымен Ұлы жеңістің 60 жылдығы мерекесіне Беларусь Республикасының Преизиденті А. Лукашенкодан Құттықтау хат та алған аудандағы бірден-бір соғыс ардагері көп жылдар бойы байланыс мекемесінде еселі еңбек етті.
Достарыңызбен бөлісу: |