Хамит Ерғалиев. «Ұмытпан» 10а сынып оқушысы Ризабек Руфия.
Ұмытпан фашизмнің мені атқанын,
Жендетке бала өлігін санатқанын;
Мектепке біз оқыған мал қамады,
Өлді ана, құлағымда оны атқан үн.
Ұмытпан тау мен таста жауды тостым,
Венгердің өзеніне қаным қостым;
Тесіліп кеп қарады өлі көзбен
Салбырап дар ағашта қалған достым.
Ұмытпан зәулім үйдің өртенгенін,
Орманға бейуақытта жұрт енгенін;
Алаңда Пушкин,
Гейне жатты құлап,
Бар менің сол бір түннен жиіркенгенім.
Ұмытпан Жәмиланың өлген ұлын;
Еске алды поляк кемпір оның жылын;
Үстіне үнсіз-тілсіз қабірінің
Кеп-кеше тағы апарып қойды гүлін.
Ұмытпан белорустың жас солдатын
Ол жауын жеңіп, берік байлады атын,
-Келдім!-деп өз есігін қақпақ еді,
Өлген жар қарсы алмады махаббатын.
Ұмытпан сол сұрапыл ауыр жылда,
Советтің батыр халқы майдан, тылда.
Адамның болашағын жүрді қорғап,
Идеям қол бастады көк дауылда.
Ұрлаған баламызды жөргегінен,
Тазарттық жауды Отанның жер, көгінен;
Қалдырып өлімтігін даламызда,
Шоқыттық құзғындарға жүрегінен.
Атақты көктем келді күзден бөлек,
Көрінді көк жамылып түзден желек;
Сынығын қан майданның моторының
Жасадық соқамызға біз дөңгелек.
Мен жеңіп,жерді гүлмен нақыштадым,
Жоқ еді әр тасымды жай құшқаным;
Ұядан біз көткрдік бейбіт күнді,
Дәл соны ұмытты екен қай дұшпаным!
Алматы.1948
Достарыңызбен бөлісу: |