Ерманова с. А



Pdf көрінісі
бет6/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF
Казахский национальный университет имени аль, Ситуационные задачи, Дәріс
 
1.4. Азық – тҥлік 
 
Азық- түлік мыңдаған химиялық заттардан тұрады. Бұларды 
зерттеп-білуді  оңайлату  үшін  бұл  заттарды  белгілі  бір  қасиетіне 
қарай топ-топқа бӛледі. Әдетте қоректік заттарды негізгі деп атап  
мынадай  топтарын  қарастырады:  ақуыздар,  майлар,  кӛмірсулар, 
минералды  заттар  және  дәрумендер.  Алайда  мұның  ӛзі  -  бұл 
топтарға  жатпайтын  басқа  қоректік  заттардың  кӛрнектік 
құңдылығы жоқ деген сӛз емес. 
 
1.5.  Ақуыздар,  майлар  және  кӛмірсулардың  гигиеналық 
маңызы 
 
Ақуыздың
 
маңызы 
олардың 
сан 
алуан 
қызмет 
атқаратындығында  ғана  емес,  оларды  басқа  қоректік  заттармен 
алмастыруға  келмейтіндігінде  де.  Егер  майлар  мен  кӛмір-сулар 
қандайда бір дәрежеде ӛзара алмастыралатын болса, ақуыздардың 
есесін ештеңемен толтыруға болмайды. 
Азық-түліктің  ақуыздарының  барлығы  күрделі  жоғары 
молекулалы  қосындылар  болып  табылады.  Олар  80-ге  жуық  әр-


12 
 
алуан  амин  қышқылдарынан  тұрады.  Алайда  ӛнімдердің 
кӛпшілігінде 20-ға жуық амин қышқылдары болады. 
Адам  ағзасында  протелиаза  және  пептидаза  ферменттерінің 
ықпалымен тамақ ақуыздары негізінен еркін амин қышқылдарына 
дейін ыдырайды. Бұл ішекте жүзеге асады. 
Амин қышқылдарының белгілі бір бӛлігі органикалық кетон 
қышқылдарға  дейін  ыдырайды,  бұлардан  ағзада  қайтадан  жаңа 
амин  қышқылдары,  олардан  соң  ақуыз  синтезделеді.  Бұл  амин 
қышқылдары  алмастырылатын  амин  қышқылдары  деп  аталады. 
Алайда  8  амин  қышқылы,  атап  айтқанда:  изолейцин,  лейцин, 
лизин,  метионин,  фенилаланин,  триптофан,  треонин  және  валин 
ересек  адамның  ағзасында  басқа  амин  қышқылдарынан  түзіле 
алмайды,  сондықтан  тамакпен  бірге  келуі  керек.  Бұл  амин 
қышқылдары алмастырылмайтын амин қышқылдары деп аталады. 
Тамақтағы 
ақуыздың 
алмастырылмайтын 
амин 
қышқылдарының  ең  қолайлы  мӛлшері  белгілі  бір  дәрежеде 
адамның  жасына,  кӛсібіне  және  басқа  себептерге  байланысты 
болады.  Мысалы:  ересек  адам  үшін  1г  тамақ  ақуызында 
алмастырылмайтын  амин  қышқылдарының  мынадай  мӛлшері 
болуға тиіс деп есептеледі (мг есебімен изолейцин -40, лейцин-70, 
лизин-55, цидинмен қосылған метионин (метионин ағзада цидинді 
алмастыра  алады)-35,  тирозинмен  қосылған  фенилаланин  -  60, 
треонин-40, валин-50. 
Ақуызға  ең  жақыны  малдан  алынатын,  әсіресе  пісіріп-
қуырып  ұсақталмайтын  ӛнімдердегі  ақуыздар.  Ӛсімдіктен 


13 
 
алынатын  ақуыздардың  кӛпшілігінде  бір  немесе  тіпті  2-3 
алмастырылмайтын  амин  қышқылының  мӛлшері  жетіспейді. 
Мысалы:  бидай  ақуызында  "мінсіз"  ақуыздың  құрамымен 
салыстырғанда  лизин  50%,  кеттон  және  бұршақ  ақуызында 
метионин мен цидин (70%) жетіспейді. 
Ӛсімдік  ақуыздары  ағзаның  мал  ақуызынан  гӛрі  нашар 
сіңіретінін  де  ескерту  керек:  жұмыртқа  мен  сүт  ақуызы-96%, 
балық пен ет ақуызы -93%, І-ІІ сортты ұн нанының ақуызы-85 %, 
кӛкӛніс ақуызы - 80 %, картоп, қара бидай ақуызы-70% сіңіріледі. 
Ӛсімдік  ақуыздарының  нашар  сіңірілу  себебі  -ондай 
ӛнімдерде 
тамақтың 
ӛзге 
компоненттерінің 
(майлардың, 
кӛмірсулардың,  дәрумендердің,  минералды  заттардың)  да 
сіңімділігін кемітетін жасуша болады. 
Алмастырылмайтын  негізгі  тамақтық  зат  -  ақуыздың 
жетіспеушілігі  ағзаның  жағдайына  мейлінше  елеулі  әсер  етеді. 
Ақуыз  жетіспеген  жағдайда  балалардың  ӛсуі.  тежеледі,  сүйектің 
құралуы  бұзылады,  ақыл-ой  қабілетінің  ӛсуі  баяулайды.  Кӛп 
адамдарда  қанның  түзілуі,  майлардың  және  дәрумендердің 
алмасуы  бұзылады,  ағзаның  жұқпалы  ауру-ларға,  суық  тиюге, 
басқада  кейбір  ауруларға  қарсы  күресу  қабілеті  кемиді,  аурудан 
айығудың  ӛзі  де  қиындап  кетеді.  Тамақта  түрлі  себептермен 
ақуыздың  аз  мӛлшерде  болуымен  қатар  ақуыздың  кӛп  болуының 
да  зиянды  әсер  ететінін  атап  ӛткен  жӛн.  Ақуыздардың  реакцияға 
түсуге  ӛте  бейімділігінен  ағзаға  оның  болуы  басқа  қоректік 


14 
 
заттардың,  мысалы  майлар  мен  кӛмірсулардың  кӛп  болуынан 
анағұрлым қиын соғады. 
Ақуыздың  кӛп  болуына  кішкентай  балалар  мен  жасы 
ұлғайған  адамдар  ӛте  сезімтал  болады.  Бұл  орайда  ең  алдымен 
бауыр  мен  бүйрек  зардап  шегеді.  Ӛйткені  бауыр  ӛзіне  амин 
қышқылдарының  тым  кӛп  түсуін,  ал  ақуыз  алмастырылмайтын 
ӛнімдерінің несеппен кӛп бӛлініп шығуы ауырлайды.  
Басқа  азотты  заттармен  салыстырғанда  олар  азық-түлікте  аз 
болғанымен,  олардың  фармакологиялық  мәні  бар.  Осы  себепті 
белгілі  бір  шектеуді  талап  етеді.  Бұған  қоса  олардың  құрамына 
пуриндік негіздер кіреді, ал олардың 
Бұл  мүшелердің  кӛлемін  үлкейтеді,  оларда  қолайсыз 
ӛзгерістер  болады.  Тамақта  ақуыздардың  ұзақ  уақыт  кӛп  болуы 
жүйке  жүйесін  шамадан  тыс  қоздырады,  мұндайда  дәрумен 
алмасуы  бұзылып,  дәрумен  жетіспеушілігінен  (мысалы  А,  В) 
басталуы мүмкін. 
Әсіресе,  малдан  алынатын  ақуыздарды  үнемі  шамадан 
асырып тұтыну әдетте нуклеин қышқылдарының кӛптеп шығуына 
ұшыратады. 
Ағзада 
ӛнімнің-несеп 
қышқылдарының 
жинақталуына себеп болады. Несеп қышқылының тұздары буын-
буынға, сіңірге және басқа ұлпаларға байлануы мүмкін.   
Осының  салдарынан  подаграға  шалдығу,  буын-буынның 
ауруы,  несеп  жолына  тас  байланатып  ауру  пайда  болуы  мүмкін. 
Орта  ғасырларда  подагра  етті  кӛп  жейтін  ақ  сүйектің  кәсіптік 
ауруы деп есептелінген. 


15 
 
Ақуызды  тамақтың  артық  болуының  зардабы  қала  халқы 
арасында,  әсіресе,  дене  еңбегімен  онша  шұғылданбайтын 
адамдарда ерекше айқын байқалады. 
Сонда  ақуыздың  тұтыну  нормасы  (қалыпты  жағдайы) 
қандай? Ересектерге дене салмағының 1 кг-на шаққанда күніне 1-
1,5г  жеткілікті  (балалармен  салыстырғанда  біршама  кӛбірек), 
мұның ӛзі, әрине, денелі ересек адам үшін 85 г шамалас болады. 
Бұл орайда ақуыздар белгілі бір ара қатынаста басқа қоректік 
заттармен,  майлармен  және  кӛмірсулармен  үйлесуге  тиіс.  Әдетте 
мұны  рацион  калориялығының  шамасына  қарап,  мына  есеп 
бойынша  анықтайды:  1  г  ақуыз  -  4  ккал,  1  г  май  -  9  ккал,  1  г 
кӛмірсу  -  4  ккал.Ӛсімдік  ақуыздарының  мал  ақуыздарына 
қарағанда  неғұрлым  толымсыз  екенін  ескерте  отырып,  малдан 
алынатын ақуыздардың белгілі бір бӛлігін тұтыну әбден қажет. 
Негізгі  азық-түлікте  (малдан  алынатын  барлық  ӛнімдер, 
сондай-ақ  дәнді  және  дәнді-бұршақ  тұқымдастардан  алынатын 
ӛнімдер)  ақуыздар  орта  есеппен  азотты  заттардың  95%-ын 
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет