Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай Торғай өмір сүріпті. Оның әрбір күні жайбырақат жатумен, уайым-қайғысыз бір сарынды өте беріпті. Сол өмірінен жалыққан Торғай өзіне басқа ел іздеймін деп сапарға шығыпты



Дата20.12.2023
өлшемі13,08 Kb.
#198109
Байланысты:
Өмірзақ А. AIU ертегі мәтін


«АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ», Астана қаласы жоғары оқу орны/ колледж (қаласы)
Автор: Өмірзақ Аяулым Ғалымжанқызы
Астана Халықаралық университетінің 4 курс студенті
«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың алтын кілті – ұлттық фольклор» атты байқаудың үй тапсырмасын рәсімдеу
Ертегі
СҮЙІКТІ МЕКЕН
Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай Торғай өмір сүріпті. Оның әрбір күні жайбырақат жатумен, уайым-қайғысыз бір сарынды өте беріпті. Сол өмірінен жалыққан Торғай өзіне басқа ел іздеймін деп сапарға шығыпты.
Біріншіде Көкқұтанның еліне барыпты. Көкқұтанның шалшық еліне келген Торғай, елді мекеннің жағымсыз иісіне шыдай алмай, жиіркеніп кетіп қалыпты.
Көкте самғап ұшып жүрген Бүркітті байқап, соның мекенін қызық көріп, Бүркіттің мекеніне қарай бет алыпты. Бүркіттің ұясы өте биікте орналасқандықтан Торғайдың ол биіктікке көтерілуге дейін шамасы жетпей, қанатын ауыртып алыпты.
Әбден қажып, шаршаған Торғай өз мекенінен басқа жайлы, ыстық жер жоқ екенін түсініп, өз үйіне қайтуға шешім қабылдапты. Өз мекеніне жеткен сәтте оның қандай әдемі, берекелі екенін түсінген Торғай бұдан-бұлай өз мекенінен кетпеуге сөз беріп, өз мекенін үнемі құрметтеп жүретін болыпты.

Өтінімді толтыру күні «27» қараша 2023 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет