және мұрыннан жағынды алу Мақсаты:дифтерия қоздырғышын және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
Жабдықтар:
Зарарсыздандырылған қолғап, бетперде.
Зарарсыздандырылған пробиркада ұшында зарарсыздандырылған мақта оралған таяқшанемесе бір рет қолдануға арналған зарарсыздандырылған пробирка ұшында зарарсыздандырылған тампоны бар таяқша - 2 дана.
Штатив.
Зарарсыздандырылған шпатель немесе зарарсыздандырылған, бір қолданылатын терапевтік ағаш шпатель.
Жолдама.
Стеклограф.
Орындалуы.
Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.
Медбике қолын жуып, құрғатады, зарарсыздандырылған қолғапты және бетперде киеді.
Баланы көмекшінің алдына жарыққа қарай отырғызады: көмекші өзінің екі тізесімен баланың аяқтарын қысып, сол қолымен басын, оң қолмен екі қолын ұстайды.
Сол қолдың үлкен саусағыменмұрынның ұшын көтереді. Тампонды айналдыра алдымен мұрынның бір жағына, содан кейін екінші жағына енгізеді.
Жиналған материалды пробирканың шетіне тигізбей салады.
Сол қолдың саусақтарымен шпательді қаламшаны ұстағандай ұстайды.
Баланың тілін шпательмен басып, аузын ашады.
Оң қолымен зарарсыздандырылған мақта тампоны бар таяқшамен бадамша бездерінің шырышты қабығынан жағынды алып, ұртына, тіліне тигізбей шығарып алады.
Жиналған материалды пробирканың шетіне тигізбей салады.
Пробиркаларды бактериологиялық лабораторияға жолдама жазып, жібереді
(тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағат ішінде).
Медбике қолғап және бетпердені шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады. Қолды жуып, құрғатады.
Есіңде сақта! Жағындыны аш қарынға, дәрі ішпестен немесе аузын шаймастан бұрын алу керек