Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Дифтерияға қарсы сарысуды Безредко әдісімен енгізу техникасы



бет14/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар

Дифтерияға қарсы сарысуды Безредко әдісімен енгізу техникасы

Жабдықтар:



  1. Дифтерияға қарсы сарысу.

  2. Бір рет қолдануға арналған зарарсыздандырылған шприцтер1 мл – 2 дана,5 мл - 2 дана.

  3. Залалсыздандырылған материал (мақта домалақтар, дәке салфетка, жөргектер).

  4. Жабдықтарды орналастыратын зарарсыздандырылған лоток.

  5. Қолданған жабдықтарға арналған лоток.

  6. Зарарсыздандырылған пинцет.

  7. 70% этил спирті.

  8. Жылы суы бар ыдыс, су термометрі.

  9. Зарарсыздандырылған қолғап, бетперде.

Орындалуы.

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Медбике қолын жуып, құрғатады, зарарсыздандырылған қолғапты киеді.

  3. Этикеткасы жоқ, жарамдылық мерзімі өткен, түсі өзгерген, қалқып жүрген заттары бар дифтерияға қарсы сарысуды қолданбайды.

I байқау. 0,1 мл араластырылған 1:100 сарысуды білектің ішкі жағына тері ішіне енгізеді. 20 мин ішінде аурудың жалпы жағдайын және жергілікті реакциясын бақылауын жүргізеді.
II байқау. І байқаудың теріс нәтижесінде ғана өткізіледі. Егер папуланың диаметрі және (немесе) терінің гиперемиясы 10 мм кем болса, реакция теріс деп саналады. 0,1 мл араластырылмаған сарысуды иықтың орта бөлігіне тері астына енгізеді. 45±15 мин ішінде аурудың жалпы жағдайын және жергілікті реакциясын бақылауын жүргізеді.
ІІІ байқау. ІІ байқаудың теріс нәтижесінде ғана (аллергиялық реакция және асқынулар жоқ) өткізіледі. Дифтерияға қарсы араластырылмаған сарысуды 36оС жылытады. Дәрігердің тағайындауы бойынша сарысудың емдеу дозасын бұлшықетке енгізеді.
Дифтерияға қарсы сарысуды Безредко әдісімен енгізгенін науқастың стационарлық медициналық картасына тіркейді (енгізу күні, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізу кезінде реакцияның сипаты, шығарушы ел).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет