Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Балалардың тік ішегіне ауа шығаратын түтікшеніенгізу



бет5/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар

Балалардың тік ішегіне ауа шығаратын түтікшеніенгізу

Көрсеткіштері: іш кебу.


Қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішектен қан кету, тік ішектің тілінуі, тік ішектегі жедел қабыну процестері немесе ойық жаралар.
Жалпы мәлімет: Процедура алдында тазалау клизмасы жүргізіледі. Ерте жастағы және мектепке дейінгі балаларға ұзындығы 15-30 см, ал мектеп жасындағы ұзындығы 30-50 см ауа шығаратын түтікше қолданылады. Ауа шығаратын түтікшенітік ішекке енгізгенде,ұшы сигма тәрізді ішекке дейін жету керек: 1 жасқа дейінгі балаларға енгізу тереңдігі 4-8 см, 1 жастан 3 жасқа дейін – 8-10 см, 3 жастан 7 жасқа дейін – 10-15 см, мектеп жасында – 20 см. Ауа шығаратын түтікшені ішекте 30-60 минутқа қалдырады, 3-4 сағаттан кейін қайталауға болады.
Жабдықтар:

  1. Бір рет қолданылатын ауа шығаратын түтікше.

  2. Вазелин майы.

  3. Газ шығуын бақылау үшін су толтырылған ыдыс.

  4. Жабдықтарды орналастыратын зарарсыздандырылған лоток.

  5. Қолданған жабдықтарға арналған лоток.

  6. Зарарсыздандырылған пинцет.

  7. Жөргектер.

  8. Клеенка.

  9. Зарарсыздандырылған қолғап.

  10. Бір рет қолдануға арналған алжапқыш.

  11. Дезинфекциялық ерітінді, бір рет қолданылатын салфетка.

Орындалуы:

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.

  3. Медбике қолын жуып, құрғатып, зарарсыздандырылған қолғапты киеді.

  4. Жөргектейтін үстеліне (кушетка) дезинфекциялық ерітіндіні себеді, бір рет қолданылатын салфеткамен сүртіп, клеенка төсейді және үстіне жөргек жаяды.Тағы екі жөргекті дайындап қояды: біреуін – түтікшеге, екіншісін баланы жуындырғаннан соң кептіруге.

  5. Баланы сол жақ қырымен жатқызады, аяқтарын тізе және ұршық буынында бүгіп, ішіне тартады. 6 айға дейін баланы шалқасынан жатқызып, екі аяғын жоғары көтеріп, сол қолымен ұстайды.

  6. Ауа шығаратын түтікшенің ұшына вазелин майын құяды.

  7. Сол қолының саусақтарымен баланың бөкселерін кереді, оң қолымен ауа шығаратын түтікшені белгіге дейін енгізеді.

  8. Ауа шығаратын түтікшенің бос ұшын суға батырып, газдың шыққанын тексереді. Егерде ауаның көпіршіктері шықпаса, түтікшенің жағдайын өзгертеді – алға немесе артқа жылжытады.

  9. Ауа шығаратын түтікшенің сыртқы ұшын бүктелген жөргекке орналастырады.

  10. Баланың ішіне сағат бағыты бойынша массаж жасайды.

  11. Бала суықтап қалмауы үшін үстіне жөргек жабады.

  12. 30-60 минуттан кейін ауа шығаратын түтікшені шығарады.

  13. Баланың шат арасын жуады, кептіреді, мақта домалағымен вазелин майын перианальды аймағына (тік ішектің айналасы) жағады, киіндіреді.

  14. Қолданылған жөргектерді арнайы қапқа салады.

  15. Пайдаланылған жабдықтарды жояды.

  16. Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады. Алжапқышты шешеді, қолды жуып, құрғатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет