авторлар дизартрияның көмескі түрінің артикуляциялық жаттығуларды орындау кезіндегі бас ми жүйкесінің жарақаттарын анықтауға болатынын кесте түрінде көрсеткен.
Дислалия мен дизартрияның көмескі түрін ажыратуға арналған жаттығулар мен ойын түрлерін атап көрсеткен. Жаттығулар көзге, қасқа, ерінге, бетке, тілге арналған.
Л. В. Лопатина, Н. В. Серебрякова
Методика преодоления фонетических нарушений у дошкольников со стертой формой дизартрии.
Бұл мақалада дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың фонетикалық бұзылыстарын жоюға арналған әдіснама жасалып шығарыған. Бұл әдіснаманы құрастырғанда авторлар балалардың сөйлеу тілін, моторикасының және басқа да ерекшеліктеріне баса назар аударған. Әдіснаманы құрастыру барысында А.Р. Лурья, Н.И. Озорецкий, Е. Ф. Соботович, Р. И. Лалаеваның жұмыстарында көрсетілген жаттығулардың біразы қолданылған.
Қол қимылының кинестетикалық негізін дамытуға арналған жаттығулар (15).
Қолдың динамикалық координациясын дамытуға арналған жаттығулар (13).
Қолдың динамикалық координациясын бір уақытта орындау кезінде дамытуға арналған жаттығулар(7).
Артикуляциялық қимылдардың құрылуына арналған жаттығулар (13).
Тілдің орналасуын анықтауға арналған жаттығулар(тіл көтерілген немесе түсірілген) (12).
Тілдің жалпақ немесе жіңішкелігін анықтауға арналған жаттығу.
Артикуляторлы қимылдың статикасын дамытуға арналған жаттығу (10).