Community based rehabilitation (CBR) бағдарламасы ақыл-ой және физикалық дамуында ауытқулары бар жандарға қолдау көрсетудің жаңа бағыты болып табылады. Бұл бағдарлама жергілікті қоғамдастық көмегімен бейімдеу жұмысына негізделген (Боровичи қ-сы). Бұл бағдарламада әлеуметтік педагог шешуші рөл атқарады. Ол мүмкіндіктері шектеулі баланың отбасына барып әлеуметтік қажеттіліктерді анықтайды. Әлеуметтік педагог жұмыс барысында ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болады. Үйге барып қызмет көрсету отбасының мекен-жайының қаладан немесе орталықтан қашықта орналасуы, бала ауытқуының күрделілігі және ата-аналардың баланы арнайы мекемеге орналастырмауы себептерінен ұйымдастырылады.
Әр түрлі ауытқулармен туылған балаларды тастап кету мәселесімен Дауна синдромы бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған «Даунсайд Ап» орталығы айналысады. Орталық бұл балаларды әлеуметтендіру мен қоршаған ортаның оларға деген көз қарасын өзгертуді өзіне мақсат тұтқан.
Осылайша, Ресейде соңғы жылдары Балаларға ерте жаста көмек көрсету қызметі даму үстінде. Бұл мекемелер кейбір медициналық мекемелерде (емхана, ауруханаларда), мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру мекемелерінде және медико-педагогикалық кеңес беру орталықтарында ашылуда. Ал кейбір қалаларда ерте жаста көмек көрсету мекемелері бөлек жұмыс істейді.
Көптеген бағдарламалар топтық мамандар жұмысын талап етеді. Топтық әсер ету әдісі бағдарламаның тиімділігін арттырады. L.Eizenberg топтық жұмыстың мынадай негізгі шарттарын атап өтті: топ 4-8 баладан тұруы керек, дамыту бағдарламасы бірлесіп жасалуы тиіс, әр балаға арналған түзету жұмыс жоспары бірлесіп жасалуы тиіс.
Белгілі бірнеше ерте жаста кірігу бағдарламаларын қарастырып өтейік. T.W.Lindner транспәнаралық ойынмен бағалау баланың танымдық, әлеуметтік-эмоциональдық және сенсо-моторлық, тілдік даму барысын бақылауға бағытталған.
Сонымен қатар бұл әдістеме баланың оқу стилі мен өзара қатынас түрлерін зерттейді. Зерттеуге қызметтік жас мөлшері туылғаннан алты жас аралығындағы балалар қатыстырылды. Зерттеудің негізгі принципі - топтық жұмыс болып табылады. Топ құрамына ата-аналар мен әртүрлі сала мамандары кірді. Олар баланы ойын барысында бақылады. Бақылау нәтижелері (даму деңгейі, оқу стилі, өзара қытнас түрлері және т.б. факторлар) белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады. Баланы бақылау нәтижелерін тіркеуге арналған формалар өңделді. Олар мынадай салаларды қамтиды: танымдық, әлеуметтік, тілдік, сенсомоторлық, даму. Алынған мағлұматтар отбасына қызмет көрсетуге арналған жоспар мен жеке білім беру бағдарламасын құруда қолданылды.
Ерте жастағы сәбидің даму барысын зерттеу үшін Ұлттық клиникалық бағдарламалар орталығы Diagnostic Classification of Mental Health and Development Disorders of Infancy and Early Childhood: 0-3 әдістемесін өңдеп шығард. Әдістемеде ақыл-ой даму ерекшеліктері мен ауытқулар топтамаларының жүйелік және қарқынды бағыттарын анықтауға арналған диагностикалық сұлбалар берілген. Сонымен қатар медициналық және жастық көрсеткіштерді талдауға арналған қосымша сұлбалалары да бар. Диагностикалық топтастыру ерте жаста болатын әртүрлі ауытқулардың эмоциональдық және мінез-құлықтық көріністерін сипаттайды. Бұл сұлбалар көмегімен балалардың сенсомоторлы іс-әрекет ерекшеліктерін, сол сол іс-әрекеттерді ұйымдастыру және жүзеге асыру дағдыларын анықтауға болады, балалардың ересектермен қарым-қатынас ерекшеліктері мен отбасыішілік жағдайды анықтауға болады, баланың әлеуметтік даму деңгейін зерттеуге және қолдау көрсету жағдайы мен баланы дамыту процессінің негізгі міндеттерін анықтауға болады.
Жоғарыда аталған принциптер негізінде Philadelfia Preschool Early Intervention of Elwyn inc. бағдарламасы құрылды. Бұл бағдарламада мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің жаңа бір түрі көрсетілген /42/. Топ мамандары келесі бағыттардағы қызмет түрлерін көрсетеді: көпсалалы сараптамада баланың психофизикалық даму жағдайын анықтау, педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру, бала тілін дамыту, түзету және емдік жұмыстар, жеке дамыту бағдарламаларын құру. Жеке дамыту бағдарламалары ата-аналармен әңгімелесу және мамандардың көпсалалы топтық бағалауы негізінде жасалды. Жеке дамыту бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады: ойын және тілдік іс-әрекет, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы, танымдық іс-әрекет, моторика.
Дамуында ауытқуы бар сәбилер мен балаларға арналған ерте жаста кірігу бағдарламаларының бірі The Carolina Curriculum for Infants and Toddlers with Special Needs болып табылады.
Бағдарлама 3 айдан 2 жас аралығындағы балаларға арналған. Ол келесі бөлімдерден тұрады: сенсорлы қимыл-қозғалыстың дамуы, танымдық саласы, қарым-қатынас (тіл), әлеуметтік дағдылар. Әр бөлім дамудың негізгі нормативтері және даму мен мінез-құлықтың қалыпты және ауытқулы жағдай сипаттамаларынан тұрады. Сонымен қатар жоғарыда аталған бөлімдер бала дамуына қатысты кеңестер мен арнайы жаттығуларды, маңызды ойындарды, сабақ барысында қолданылатын ойыншықтар мен құрал-жабдықтар туралы мағлұматты қамтиды. Ерте жаста жеке дамыту бағдарламасын құру үшін бағалау журналында тіркелген әр саладағы дамудың өзекті деңгейі белгіленеді. Бала даму жағдайы қалыпты ойын барысында зерттелді. Бағалау нәтижелерін талдау негізінде баланы жеке дамыту бағдарламасы мен отбасына қызмет көрсету жоспары құрылды. Баланы дамыту жеке бағдарламасының 5 бағыты бойынша жүзеге асты. Олар: тілдік дамыту, моторлы дағдылар, танымдық іс-әрекет, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, әлеуметтік-эмоциональдық сала.
АҚШ та медициналық мекемелерде ерте жастағы ауытқулардың алдын алу мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады. Бұл зерттеулер нәтижелері ерте жаста кірігу бағдарламаларын құруда негіз болады. Атап айтқанда, Denver Developmental Screening Test (DDST), Early Screening Inventory тесті кеңінен тараған. Алдын алу мақсатындағы тексеру жұмыстарында Developmental Indicators for the Assesment of Learning-Revised (DIAL-R) и Early Screening Inventory құралын да әртүрлі орталықтар мамандары мен еріктілері жиі пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |