Ерте заманда Баба Омар деген әулие бар екен. Он бесте әулиелік қылып кеткен екен. Сол уақытта бір қызға көзі тиген екен. Көзі тиген сол қыз буаз болған екен. Буаз болған соң, ұғыл тапты



бет4/4
Дата26.01.2022
өлшемі91,37 Kb.
#114870
1   2   3   4
Байланысты:
Едіге батыр

ЕДІГЕ –НҰРАН

Ал сөйлесін тіл менен жақ,

Тыңласын халқым құлақ сап.

Бұрынғы өткен заманда,

Бай мен ханда барлық бақ.

Жүреді екен сол күнде,

Нашарларға зорлық сап.

Өрісте жүрген малына,

Үйінде жақсы қазына

Күн көрсетпей тартып ап.

10. Біреуге біреу зорлық қып,

Осындай бопты бір уақ.

Байланыс жасап хан мен хан,

Бір-біріне астыртын

Жататын екен хабарлап.

Бай мен манап бірігіп,

Нашарды жейтін амалдап.

Қуғын-сүргін халықтың

Осындай қиын заңы бар.

Адамға адам пенде боп,

20. Аузына қарап бағынар.

Озбасын ішкім дейтұғын.

Нашарларды бас салып,

Қасқырдай талап жейтұғын.

Зорлықпен алған жары бар,

Қызды бөліп анадан,

Ұлды бөліп бабадан,

Талайды өстіп қылған зар.

Есім деген зорлықшыл,

Қара жүрек ханы бар,

30. Зорлықпен жиған малы бар.

Хан – халқының панасы,

Жел жағының саясы.

Хан аузына қараған

Некен нұрдың қаласы.

Есентай, Есен дейтұғын

Бар екен ханның со күнде

Екі еркек баласы.

Жағалай қонған қалың ел

Жар өзеннің жағасы.

40. Медресе, мешіт салдырды,

Оқу оқып баламның

Ашылсын деп ойлады

Сезімі мен санасы.

Есімхан мешіт ұстады,

«Оқуға бала берсін» деп,

Жарлығын жұртқа нұсқады.

Әркімнің келді баласы,

Ағыменен көзінің

Жалғыз-жалғыз қарасы.

50. Оқудағы баланың

Оқыған сабақ таласы.

Оқып жүрген баланың

Белгілі болды шамасы.

Бес жүз бала оқыған

Бірінен-бірі озып тұр,

Аспан жердей арасы.

Балалардың ішінде

Тоғыз жаста Едіге.

Солардың енді ішінде

60. Адамның зерек данасы.

Бес жүзіне татиды

Бір басының бағасы.

Тәрбиелеп өсірген

Атасы мен анасы.

Сабақты екі айтқызбас

Адамзаттың данасы.

Құйма шойын-болаттай

Баланың төр бақ денесі.

Басы бақыр қазандай,

70. Миға толған төбесі.

Өзге жаннан бөп-бөлек

Мұрын мен қастың жағасы.

Кеудесіне қарасаң,

Ақылдың толған кемесі.

Буылтық еті бөп-бөлек,

Мұз темірдей білегі,

Құрышты кесер жүрегі.

Тоғыз жасқа келгенде,

Қазы мен ханның ақылын

80. Айтпай ойлап біледі.

Көктемде күннің нұрындай,

Баланың ажар реңі.

Жас баланың татымын

Есім хан біліп жүреді.

Есім ханның Өндірбай

Оқытқан оның молдасы.

Ескі сүйек, ата дос,

Ежелгі жақын жаласы.

Жағымпазданып жан баққан

90. Адамның сиқыр жорғасы,

Бала оқытқан молдасы.

– Молдам, саған айтайын,

Бір қайғы бар есімде.

Бар шығар, молдам, есіңде,

Бір-екі бала бар еді,

Еріп жүрген көтімде.

Айтсам, молда, ата дос,

Ешкім білмес дертімді.

Осында бір бала бар

100. Қыран құстай серпінді.

Бұл дүниеде кім қалар,

Өзім өлсем қайран ел

Болады соның еркінде.

Едіге деген бала бар,

Өртеген тоғай өртіндей.

Мына шіркін дүниеден

Ешкім өлмей қалмайды,

Жалмаған жер талайды.

Екі балам нашарлау,

110. Өлсем патша болмайды.

Мыңғырып жатқандай қайран ел

Едігеге қарайды.

Едіге, әгер, болмаса,

Есентайым жарайды.

Едігені жоғалтып,

Бастырмақ емес маңайды.

Маңайда жүрсе сол болар,

Жайнаған бақша, сарайды

Маңайда жүрсе, басар сол.

120. Бес жүз бала ішінде

Едігеде білім мол.

Таусылмас ақыл сонда бар,

Шалқыған дария, даңғыл жол.

Тоғыз жаста-ақ бала ғой,

Қырық бестегі өзіңнен

Осы күні-ақ білімі зор.

Көпте білім білместен,

Қатарға басы кірместен,

Жайалық бұған темір тор,

130. Қазалық тағы қиын ор.

Жоғалмаса бұл пәле,

Халыққа хан осы боп,

Балаларды етер қор.

– Ондай болса, Есеке,

Берейік хабар Мұхтарға.

Ақылдассақ хатпенен,

Сол көнеді ықпалға.

Ақылдасып Мұхтармен,

Бір әңгіме жасалық.

140. Болатын бәле сұқтарға,

Мұның көзін құрталық.

Өзімізде күш барда,

Аузымда тіс барда,

Мұхтарға мұны жоғалтсақ,

Алдында мұның іс бар ма?

Өзіңізбен Мұхтар хан

Сары сүйек адам сүйектес.

Білегімен білектес,

Жүрегімен жүректес,

150. Тілегімен тілектес.

Құрымаса Едіге,

Хандыққа түбі таласып,

Болады ғой, сірә, бір кектес.

Алдын ала қамданса,

Мақсатына кім жетпес.

Өкім ханның қызы еді

Бектембайдың анасы.

Ханымжанмен бір туған

Алдамжар да бар еді.

160. Мұқымжан, Мұхтар дейтұғын

Ұлдан екі баласы.

Халқын Мұхтар сұрап тұр,

Бұрын өлген бабасы.

Мұқымжан еді Мұхтардың

Алдында тұрған панасы.

Жалқұйрық қанат болмаса,

Адамның болмас бағасы.

Мұқымжан ханның сол жылы

Жеткен екен қазасы.

170. Едіге құрымай болмайды,

Мен білсем ел ішінің тазасы.

Дараға тартып құртуға

Қылмыспен жоқ жазасы.

Алакөлдің бойында,

Ақтоғайдың ойында

Шеткері жатқан бес жүз үй,

Болсын делік азасы.

«Азаң сол» деп хат берсек,

Әскері шауып алмай ма?!

180. Бөлек ел түгел шабылса,

Едіге бірге бармай ма?!

Едіге қоса барған соң,

Оны құл ғып алып ап,

Қой артына салмай ма.

Құлағы кесік қара құл,

Еріксіз пенде болмай ма?!

Әркімнен қорлық көрген соң,

Жанға қинау келген соң,

Ақылынан айырылып,

190. Ақымақ адам болмай ма?!

Сөз шырыны табылар

Жазушы, молда, ақыннан.

Өлең сөздің шекері

Шығады ғылым затынан.

Сәлем хат жазды Өндірбай

Есім ханның атынан.

Жасырып сәлем хат жазды,

Білдірмей ұрлап халқынан.

Өндірбайдың бәлесі

200. Есімнен де артылған.

Мұхтарға сәлем хат жазды

Бұрынғы соңғы салтынан.

“Дұғай сәлем хат жаздым,

Жаннан артық көруші,

Қадірлі қарақ, Мұхтар хан.

Өкімханның ұл-қызы

Сізбенен біздің түбіміз.

Мұқымжан өтіп кетіпті,

Амансыңдар ма, қарағым?

210. Ендігі қалған өзіңіз

Ханымжаның тұқымы,

Бұл жақта біз де тіріміз.

Өлген қайтып келмейді,

Жыласаң, батыр, жасисың.

Ештеме тегі өнбейді,

Жаралып жан болған соң.

Ақырында жер жейді.

Ұлықман олар да өткен

Мыңға барған.

220. Шыдат та өткен жер жүзіне

Жәннат салған.

Перқауын Намірт патша

Олар да өткен.

Алламен атыспақ боп,

Көкке барған.

Сүлеймен тақтыменен

Аспанға ұшып,

Жарлығы жанды-жансыз –

Бәрін жарған.

230. Оқумен бар ғылымның

Бәрін білген.

Данышпан Аплатон да

Өткен бағлан.

Ескендір жиырма тоғыз

Жасында өліп,

Артында балалары

Жетім қалған.

Аз күні қанша дәурен көргенменен,

Баянсыз бұл дүниенің арты жақсы арман.

240. Өлмеген кімнің бабасы,

Өлмеген кімнің анасы.

Өлмеген кімнің ағасы,

Кімнің өлмес баласы.

Тұлпардың тозбай тұра ма

Аяғындағы тағасы.

Жәнаттың тозбай тұра ма,

Уақыты болса жақсының

Бір күн жаз, бір күн қыс,

Аспан жердің арасы.

250. Жазды күні толады,

Қысты күні солады

Тоғайдың орман ағашы.

Жазды күні мамырап,

Күзді күні қалады

Сол жасасынан ажырап

Таудың саймен даласы.

Уақыты жетіп күн бітсе,

Бір минут тоқтап тұруға,

Адамның бар ма шамасы.

260. Қолдан сусын берген соң,

Өз көзімен көрген соң,

Несін арман қыласыз,

Әз Алла тағдырына не керек.

Жер алысы қолыңыздан алуға,

Орамал шаршы құл-құтан,

Мал-мүлкімен салуға.

Өлмесем бір барармын,

Қолыңыздан алармын.

Әзіріне сенеміз

270. Өзіңіздің қаруға.

Ақтоғайдың бойында,

Алакөлдің ойында

Бөлек жатқан бес жүз үй

Азасы үшін алған соң,

Бердім түгел шабуға.

Малың болса бағатын,

Отың болса жағатын,

Пішенің болса шабатын,

Отының болса алатын,

280. Егінің болса салатын,

Жақсы баладан бес бала

Алсын тағы толымды.

Сізге лайықты бір бала

Едіге деген толымды.

Біреуіне соны алсын,

Шаруаңа толық жарайды,

Әжептеуір орынды,

Өрістетер малыңды.

Түйе бағар шалыңды

290. Аттандырып аларсың,

Екі жүз әскер қолыңды.

Кімдер жалғыз қалмайды,

Жазуы шығар Алланың.

Маған да оңай болған жоқ,

Жалғыз қаңғырып қалғаның.

Жылаймын деп айырылып,

Ақылыңнан қалмағын.

Жылағанмен бітпейді

Ойыңдағы арманың.

300. Аман болсын ендігі,

Қарақтарым, қалғаның.

Ұмытпайды еш адам

Атасы мен анасын.

Бір атадан өнгенбіз,

Артымда жалғыз баласың.

Осы айтқан елімді

Алакөлдің бойында,

Ақтоғайдың ойында,

Аттандырсаң қолыңды,

310. Сол жерден таба аласың.

Хат жазушы, қарағым,

Есімде ме екен нақ шының.

Жолыққанша, қарағым,

Бәрің де аман болсын”,

Жазды хат Есім хан осылай деп.

Мұхтарханға барғаннан соң,

Мұхтардың көңілі болды шат.

Елін жиып Мұхтар хан

Айтты түгел хабарлап.

320. Естіген халық сүйсінді,

Хандық міне, – дейді, – бақ.

Алты ай бұрын байлатты,

Екі жүз әскер жинатты,

Бәрі батыр болған нақ.

Қолына Мұхтар айтады:

– Ел шетіне барған соң,

Ақ тоғайдың жерін тап,

Алакөлдің көлін тап,

Сол жерде жатқан бөлек ел,

330. Өзгеге тиме, соны шап.

«Ағаңа салған азам» деп,

Есекең айтқан хабарды.

«Азаңның малын әкел», – деп,

Екі жүз кісі жиып берді,

Теңдей етіп ажарлап.

Жайбарақат жатқан ел еді,

Бейқам жатқан кезінде,

Мұхтардың қолы келеді.

Қойға шапқан қасқырдай

340. Тоздырып елді бөледі.

Толып тұрған толысып

Талайдың қанын төгеді,

Талайдың оты сөнеді.

Шапқыншы барды Есімге,

Халқы шулап тұрғанда,

“Не деп тұр-ау” демеді.

Жылап жүрген халқына

“Не айтып тұр-ау” демеді.

Болмады жұртқа көмегі,

350. Жылаған жұртқа Есім хан

Былай деп жауап береді:

– Жылама, халқым, жылама,

Жылағанмен ел мынау,

Күш-қайрат бізден шыға ма?!

Алдынан хабар алмастан,

Құлағымыз қанбастан,

Көңіліміз біздің тына ма?!

Бізде отырған елміз ғой,

Осы жаумен теңбіз ғой.

360. Сиынармыз біз дағы,

Жаратқан Жаббар Құдайға.

Мал жағын, жұртым, қоя тұр,

Халқыма ие болатын,

Басына бақыт қонатын,

Ә, дариға, кетті ғой

Едіге атты бір бала!

Әр жерге хабар салармыз,

Кімде болса табармыз!

Тапқаннан соң анығын,

370. Біз де барып шабармыз!

Айдарлысын құл қылып,

Тұлымдысын күң қылып,

Өрісте малын дулатып,

Баласын үйде шулатып,

Кегімізді алармыз.

Кеткені болса, кетті ғой,

Өткені болса, өтті ғой.

Сабырлық қылып қараңыз,

Бақайшағын шағармыз.

380. Бізде ел-жұрт емес пе ек?!

Азықтанып, топтанып,

Болса найза сапталық.

Қылыш пен қанжар топталық,

Жігіттің сынап ірігін,

Атын жиып көлігін,

Барармыз біз де аттанып.

Есікте ерін құлатып,

Төрде қызын жылатып,

Қасқыр жеген тоқтыдай

390. Алармыз біз де бас салып.

Есім хан отыр еппенен,

Жылаған елді жұбатып.

Мұхтардың қолы талқандап,

Қатты шапты, уатып.

Қырғи қуған торғайдай

Тоздырды-ау елді жылатып.

Тыныш жатқан халыққа

Осындай қинау көрсетті,

Қаңғыртып, қайыр сұратып.

400. Бастығы қылып адамның

Он бір ұлмен, он бір қыз,

Едіге бала ішінде.

Дөңгелек тұяқ тастамай,

Қалың қол қайтты шулатып.

Абырой болды Мұхтардың

Аттандырған еріне.

Алты ай жүріп барыпты

Ақтоғайдың жеріне,

Алакөлдің көліне.

410. Өзі ұлықсат берген соң,

Ойран салды Есімнің

Бейқам жатқан еліне.

Он екі ай жүріп, ел шауып,

Құл мен күңін көшіріп,

Мақтанып келді көбіне.

Есепсіз қазына, сансыз мал,

Алдына әкеп қамады

Хан менен төре бегіне.

Мал мен мүлік, адамды,

420. Олжаға бәрін салады.

Мұхтар хан келіп олжаның,

Ішіне кеп қарады.

Қарап тұрса Мұхтар хан,

Кішірек бір баланың

Басынан шырақ жанады.

Нұсқасына Мұхтар хан

Баланың қайран қалады.

Қызыққаннан балаға,

“Олжам” деп хан алады.

430. Тұтқында келген ұл мен қыз

Күң мен құл атанып,

Олжасына әркімнің

Күң менен құл атанып,

Бөліске түсіп тарады.

Ханға тиді Едіге,

Үйіне әкеп баланы,

Мырза да емес, хан да емес,

Орташа ұстап бағады.

Күн-күн сайын баланың

440. Әр мінезі жағады.

Мұхтар ханның жоқ еді

Өзінен туған баласы.

Бұрын өлген ағасы,

Онда да тұқым қалмаған,

Артында тұяқ панасы.

Шынардың күні немене,

Болмаса бұтақ-саясы.

Артында бота ермесе,

Болса да құнсыз маясы.



450. Бала қылды Мұхтар хан

Астына жорға мінгізіп

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет