Ертегі терапиясы бастауыш сынып оқушыларының қорқынышын коррекциялаудағы тәсіл ретінде
Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеі
Жаныбек Г.Ж.
Семей қаласы
Аннотация
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының бойындағы қорқынышын ертегі терапиясы арқылы коррекциялау тәсілдері қарастырылған.
«Психокоррекцияның негізі» атты кітаптың авторы А.А.Осипованың жазғаны бойынша, коррекция психо-педагогикалық қызметтің ерекше формасы, ол бала тұлғасының психикалық дамуын оңтайландыру үшін жағымды шарттар жасауға,балаға арнаулы психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.
Қазіргі таңда «психологиялық коррекция» термині мектептерде сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде кең ауқымда және белсенді қолданылады. Бастапқыда коррекция дефектологияда аномальды дамуға ғана қатысты қолданылды. Бұл ұғымның кең таралғанын ғалымдар қолданбалы балалар психологиясының дамуымен, өскелең ұрпаққа қатысты жаңа әлеуметтік міндеттермен байланыстырады.
Диагностика-коррекциялық жұмыстарды заманауи педагогтың бірінші әрі негізгі қызметіне жиі жатқызады. Бұл жұмыстарды психолог дамуы қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізеді, ал аномальды дамудың коррекциясымен патопсихологтар, дефектолог дәрігерлер айналысады.
Коррекцияның пәніне жиі ақыл-ой дамуы, эмоциональды-тұлғалық аймақ, невротикалық жағдай және баланың невроздары,тұлғааралық қарым-қатынастар кіреді. Коррекциялық жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формалары бар олар- дәрістік, кеңестік-ұсыныстық, меншікті коррекциялық (жекелей,топтық)
Отандық зерттеушілердің жұмыстарында баланың тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне, оның әлеуметтік сферасының ерекшеліктеріне көңіл бөлінуде, бірінші кезекте А.И.Захаров, В.И.Гарбузов, Р.А.Заченицкий, Е.К.Яковлева, А.С.Спиваковская жұмыстарын ерекшелеуге болады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, коррекциялық және психотерапевтикалық шараларды таңдау барысында, әдістерді дұрыс таңдап құру үшін ең алдымен осы жастағы негізгі іс- әрекетке көңіл аудару керек.
Міне, сондықтанда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуде кеңінен таралған әдістерге ойын, ойынтерапияларының түрлі нұсқалары, ертегі терапиясы жатады. (В.И.Гарбузов, А.И.Захаров, В.В.Лебединский, О.С.Олихейко, А.С.Спиваковская)
Балалармен жұмыс істеуде тиімді әдістердің бірі –ертегі терапиясы болып табылады. Ертегі балалық шағымыздан бастап біздің өмірімізге сән беріп келеді.Сірә, қызықты, сиқырлы да таңғажайып оқиғалар қызықтырмайтын бір де бір бала жоқ шығар. Ертегілерді қолдану тарихтың тереңінен халық ауыз әдебиетінен алғаш бастау алған. Бүкіл әлемде ертегі оқу сәбилер мен үлкен адамдар арасындағы қарым-қатнастың ерекше түрі бола отырып, білім беретін әрі адамгершілік тәрбие беру түріндегі салт-дәстүр болып табылады. Бүгінгі таңда да, адамдар саналы түрде ертегілерге салынған білім көзіне тартылады. Осы кезде бұл әдіс ертегі терапиясы деген атауға ие болып отыр. Ертегі дүниені ішкі жағынан ақтарып, кейіпкерді жағымды іс-әрекеттері арқылы, көптеген үрейлі жағдайлардан арылтып, баланың сана-сезіміндегі қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Бала ертегі кейіпкеріне ұқсағысы келген кезде ертегі терапиялық әсер етеді. Ертегі жақсылыққа үміт береді де баланың өмірінде болып көрмеген бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестеткізеді. Ертегіні оқып жатқан уақыттағы елестетіп ойлау арқылы пайда болатын суреттер әр баланың өзіндік жеке екендігіне қарамастан, ертегінің феномені балалардың түсіндіруге мүмкін емес таңғаларлық ғажайып шытырман оқиғаға қызығушылық болып табылады. Ертегі елестетіп ойлау қабілетін қалыптастыруда анықтаушы болмаса да, соңғы рөл алмайтынын атап өтпеуге болмайды.
Бұл әдіс мектепке дейінгі балаларда, кіші мектеп жасындағы және басқа жастағы балаларда кездесетін көптеген қиындықтарды шешуде көмектеседі. Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агресивті, Қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және түрлі психосоматикалық аурулармен, энурезбен т.б. қиындықтарда қолданылады. Сонымен қатар, ертегітерапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге мүмкіндік береді.
Беделді ертегі терапевттердің бірі Т.Д.Зинкевич- Еветигнеева ертегі терапиясын рухани білім беретін, әлеуметтік тұрғыдан адамды жүзеге асыратын және адамның рухани табиғатын дамытатын, тәрбие жүйесі ретіндегі тәсілдер жиынтығы деп анықтама берген.
Өз түсінігін аша отыра, ол ертегі терапия – мағынаны іздеу үрдісі, әлемді тұтастай және әлемдегі өзара қарым-қатынас жүйесін танып білу, және ертегідегі оқиғалармен шынайы өмірдегі тәртіптің байланысын жасау үрдісі және ресурстарды жандандыратын үрдіс, тұлға потенциалы және экологиялық білім беретін, баланы тәрбиелеу үрдісі және орта терапиясы, ерекше ертегі жағдайларында тұлғаның потенциальды бөлімдері көрінетін және жүзеге асырылмаған арман жүзеге асырылады деген анықтама берген. Бірақ ертегі терапиясының бұндай анықтамасы, көбіне функциональды мінезді көрсетеді және әдістің өзінің қалпын көлеңкеде қалдырады.
Жалпы ертегі терапиясын қарастырмас бұрын оның пайда болу тарихына тоқтала кетсек. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп- төркіні– алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүиенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады.
Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.
Егерде ертегіні түрлі көзқарастарда, түрлі деңгейлерде қарастырсақ, ертегі әңгімелері өмірлік үдерістердің серпінділігі жайлы мағлұматтан тұрады. Ертегілерде адамдардың қиындықтардың тізбектей табуға және оларды шешудің образды тәсілдерін көруге болады.
А.А.Осипованың айтуына қарай ертегі терапеясының төрт этапы бар:
1. Халық ауыз әдебиеті. Бұның басы ғасырлардың терең түпкірлерінде жатыр және қазірде бар.
2. Ертегілермен аңыздарды жинап зерттеу. Психологиялық аспектіде ертегі мен аңыздарды зерттеу тереңде жатыр. Ертегі мен аңыздардың жасырын мағынасын білу үрдісі қазірге дейін жалғастырылуда.
3.Психотехникалық. Заманауи психотехникалар ертегіні техника ретінде, психодиагностиканың құралы ретінде, тұлғаны түзету және дамыту ретінде қолданады.
4.Интегративтік. Бұл кезең ертегіні жан дүниемен сезіну үшін, адамды тәрбиелеу жүйесі ретінде қабылдау, ата-бабамыздың өскелең ұрпаққа басты мұрасы.
Ертегі терапиясында терапия имиджі деп аталатын арнайы бағыт бар. Терапияның ғажайып имиджін құрушы Петербургтік ертегіші және сиқыршы А.В.Гниздилов. Осы жаңа имидж арқылы символикалық түрде жаңадан өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын алып отырады. Өйткені біздің әрбіріміз өмірде көптеген рольдерді ойнаймыз. Бірақта біз әбден бір рольге үйреніп алатынымыз соншалық, сол рольдің құлына айналып кететін кездер де болады. Психологтар мұндай көріністі “Бейнеге сәйкестену” деп атайды.
Адамның бейнелерге нақтылай сәйкестене алмауы, оны спонтандылықтан айырады. Осы жерде көмекке ертегілер келеді. Дәл осы жерде тіптен өзгеруге мүмкіндік болады. Өзін күтпеген рольдерде сынап көруге жағдай жасалынады. Ертегі терапиясының негізгі мәні – лезде адам кейпін өзгерту.
Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зинкевич-Евстегнеева Т.Д. Путь к волшебству. Теория и практика сказкотерапии СПб.:»Златоуст», 1998.
Осипова А.А. Общая психокоррекция. - М., 2002.
Спиваковская А. Психотерапия: игра, детство, семья. Том 2. - ООО Апрель Пресс, ЗАО Изд-во ЭКСМО - Пресс, 2000. – 430 б.
Сакович Н.А. Практика сказкотерапии. Сборник сказок, игр и терапевтических программ СПб.: Речь, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |