Әтеш пен тоты.
Ертеде тоты мен әтеш айырылмас дос болыпты. Ол кезде тоты құс жерде өмір сүреді екен. Тотықұс бір күні әпкесінің үйіне қонаққа бармақ болады. Өзінің әдемі көйлегі болмағандықтан әтештің үстіндегі әдемі көйлегін сұрайды. Әтеш көйлегін беруге келіседі. Тотықұс қонақтан келгесін қайтаратын болады. Тотықұс әтештің әдемі көйлегін киеді. Киініп, таранып жолға дайындалады. Әтеш тотықұстан: қашан келесің? деп сұрайды. кешікпей келемін деп жауап береді тотықұс. Кешіксең қайтемін? Деп сұрайды әтеш. Ондайда айғайлап шақыра қойсаң болғаны, лезде келемін дейді тотықұс. Тотықұс сол кеткеннен мол кетеді. Әтеш әне күтеді, міне күтеді, көйлегін киген досы келмейді. Шыдамы таусылған әтеш қораның басына шығып: Ку ка ре ку!!! Деп тотықұсты шақырады. Бірақ тотықұс келмейді. Әтеш оны әлі күнге дейін шақырады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |