Айлакер түлкі.
Баяғы заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық, ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып артынша тиылыпты.
Сол орманда әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:
-Мен енді бұнда қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек,- депті.
Сұрақ:
-Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек?
Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.
Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті. Сонда Үйрек Тауықтан:
-Сіңілім, қайда жол жүрмексіңдер?-деп сұрайды.
-Біз енді бұл орманда тұруға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз,-деді.
-ендеше, бізді де өздеріңмен ала кетіңдерші, бізде бұнда тұрғымыз келмейді,-дейді үйректер.
Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті.
Тауыс: -Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар,-депті.
Сонда барлығы: -Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті.
Тауыс: -Ендеше, бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр,-депті.
Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті.
Сұрақ: -Сонымен, Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті?
-Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма, әлде құстар ма?
-Құстардың қандай пайдасы бар?
Жолда бұларға қоян да ілесіпті. Кенет, қайдан шыққаны белгісіз, алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларғы көріп таң қалып, былай дейді:
-Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?
Барлығы: -Біз орманға қалуға қорқамыз,, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті.
-Біздің орманнан кетпеңдер! Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тыныш және сендер рахат өмір сүресіңдер,-дейді.
Сұрақ: -Балалар, олар Түлкіге сенді ме?
Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ. Бірақ, Түлкі айтқан жерлерді мақтап, алдағаны сонша,, ақырында барлығы сол жерді көруге көніп:
-Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып көрейік. Ұнамаса, әрі қарай кете береміз,-дейді.
Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып:-Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сендер бір-бірден менің артымнан жүріңдер,-деді. Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал, оның артынан бірінші Тауыс кірді, осын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |