Ертегіде қонақта.
Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ағаштың түбіне ау құрып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі.
Арыстан: Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел. Құлақ сал сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді. Маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса, құтыл менен. Аузыма бірақ салайын ба ? депті
Адам айтады:
Егер күшті болсаң, анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, егер де өтіп кетсең мені жей ғой, арыстаным, деді.
Арыстан:
Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші дейді.
Адам аудың астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп, бар пәрменімен секіргенде торға барып оралады. Сөйтіп адам айласымен арыстанды торға түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |