Ертегілер әлемінде Мазмұны



бет28/41
Дата22.08.2020
өлшемі107,62 Kb.
#76415
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
ерегілер жинағы Байменова З.С.
ерегілер жинағы Байменова З.С.
Жеті лақ

Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.

  - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді.

Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.

Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:

-     - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.

Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.

Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.

Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:

-  Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!

Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі.Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.

Алтын балта

Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап, отынға барыпты. Біраз отын шауып бола берген кезде, кедейдің балтасының басы ұшып кетіп диірмен тасын айналдырып жатқан суға барып түсіпті. Кедей диірменші шалға келіп, балтамды алып бер деп жалыныпты. Диірменші-шал суға қолын тығып жібереді де, бір алтын балтаны алып шығады.

-Мынау ма балтаң? – дейді кедейге.

-Жоқ,бұл емес, - дейді кедей.

Шал екінші рет қолын малып күміс балтаны шығарып:

- Мынау ма балтаң? – дейді тағы кедейге.

- Жоқ,бұл да емес.

Диірменші шал үшінші рет қолын суға салып қара темір балта ілігеді. Сол кезде кедей:

-Міне, менің балтам, - дейді.

Шал кедейге:

-Шырағым, ақ пейілді, адал жан екенсің. Сол үшін мына балтаны сыйға ал, оның сен сияқты кедейге тигізетін пайдасы көп, - деп алтын балтаны береді.

Кедей сол алтын балтаны үйге әкелген күннен бастап, құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы екен, не істесе де өңдірте жасайды. Сөйтіп кедейдің үйіне береке кіреді.

Мұны көрші бай байқап, бір күні кедейден сырын сұрайды. Кедей жасырмай барлық болған оқиғаны айтып береді.

Оны естіген бай отынға барады. Отынды шабар-шаппастан-ақ шыдамай, балтасын диірмен суға лақтырып жібереді де, диірменші шалға келеді. Шал судан алтын басты балтаны алып шыққанда. Бай:

-Менің балтам, мынау менің балтам! – деп тұра ұмтылады.

Бірақ диірменші оны тоқтатып:

-Қоя тұр, тоймаған қу неме! Міне, сенің балтаң, - деп темір басты балтаны ұстатады.

Бай амалы құрып үйіне қайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет