Көлбақа мен құрбақа
Көлбақа мен Құрбақа жол үстінде кездесіп қапты.
-Сен кімсің?-деп сұрапты көгерген мыстай көкпеңбек Көл бейтанысынан.
-Бақамын!-дептітүйе жапырақтай боп-боз болған Құрбақа.
-Бақасынба?Шын айтасыңба?
-Шын!Ал сен өзің кімсің?
-Е, өз бауырым екенсің ғой!Онда екеуміз бірге тұрайық,бір күн көрейік!
-Сөйтсек сөйтейік!
Құрбақа өзінің аталасын шөл далада қалың өскен сексеуілтоғайдың ішіне бастап әкепті.Шақырайған күн шекені шығады.Көлеңке саясы жоқ жапан түз.Қарны ашқан Құрбақа балғын шөптен жұлып әкеп,Көлбақаны дастарханға шақырыпты.
-Шырынды тамақ.Соғып алайық!-депті серігіне.Көлбақа өз тұқымдасының көңілін қимай,көк шөпті тісіне басып көріпті.Талмап-талмап әрең жұтыпты.Күн болса да сыр бермей,сая іздеп,зыр қағады.солай бір күн өтеді,екі күн өтеді,үш күн өтеді...
Құрбақа өзіне серік тапқанына мәз.Ал көлбақа көлін аңсап ,көңілі босайды.
-Енді біздің жаққа да бір соғып көрейік ,мүмкін менің жайым саған ұнар,-деп Құрбақаны ауылына шақырды.Ол қарсы бола қоймайды.Көлбақа келе-сала бала күнінен бойы үйренген батпақты шалшығына қойып кетеді.
-Кел,салысқан суға түс!Рахмет.Сергіп шығасың!-дейдіқұрдасына.Құрбақа да көлшікке күмп береді.Үсті-басы сатпақ-сатпақ болып судан шығады дірдектеп.Көлбақа дастарқан жаяды.Жаңа ғана ұсталған құрт-құмырсқа,инелік,шыбын-шіркей,уылдырықты серігінің аузына тосады.
«Құрбақа»жемесем,досым ренжір»деп бір инелікті аузына салады.Бітеудей жұтамын деп қақалып қала жаздайды.Сонда да серігіне сездірмеуге тырысады.Ғұмырында жамбасын тигізіп көрмеген сыз-батпақта аунап-қуанап Құрбақа тумасымен екі-үш күнін сонда өткізеді.Бір күні Құрбақа тұрып:
-Әркімнің өз жері өзіне Мысыр шаһары деген ғой,мен шөліме қайтайын,сен көліңде қал!Хош бол!-деп ,секендеп сексеуіл тоғайына қарай тартып отырырыпты.
Көлбақа-көлде,шалшықты жердетіршілік ететін бақа.
Құрбақа-көбінесе құрлықта тіршілік ететін бақа.
Достарыңызбен бөлісу: |