Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Тексерілді: әдіскер Ускембаева Г
Күні: 29.03.2021ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі».
Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.
Міндеттері: а) Ертегінің не жайында баяндалғанын, қалай аяқталғанын, көмекші сұрақтарға сүйеніп, ауызша талдап, мәнісін түсіндіріп баяндауға үйрету.
Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелетуге үйрету, мәнерлі сөйлеу дағдыларын үйрету. Шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аударту. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.
ә) Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға баулу.
б) Көңіл күйлерін терең түсінуге, сұлулықты тануға, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, Шопан ата қуыршағы.
Сөздік жұмыс. Айдарлы, оттық (қорадағы), сұлу, жетіген.
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Қонаққа Шопан ата келді,
Шопан ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.
- Балалар, сендер ертегіні көп білесіңдер ме?
- Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Жұмбақтар жасырады.
- Ендеше «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін тыңдаңдар.
|
Балалар амандасады.
- Әрине.
- Иә.
Ертегі кейіпкерінің табады.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
1. Кейіпкерлермен таныстыру.
2. Ертегіні айта бастау. Фланелеграфқа кейіпкер
суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
Ертеде бір алтын айдарлы әтеш пен мысық дос болыпты, екеуі бір үйде тұрыпты.
Әтешті, мысығы жоқта екі – үш рет түлкі алдап, алып кетеді.
Тек мысық, үш рет барып, түлкіден қорғап, әтешін алып қайтады.
2) Д/о. Кейіпкердің көңіл-күйлерін салу (мимикалық).
Мысалы: Әтеш, түлкіге алданып қалды.
Түлкі – қу, айлакер
Мысық – пысық, өжет, қамқоршы.
ІІІ. Сергіту сәті.
Әтеш әнге басады
Әтеш ұйқы ашады.
|
Балалар қызығушылық білдіреді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару – қоян мен түлкіні.
Балалар сөздерді ашық, анық айтады.
Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп,
орындайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін сұрау.
- Балалар ертегі ұнады ма?
- Қызықты ма?
- Кәне балалар, алтын айдарлы әтешті қорғап қалған мысыққа қошеметтеп, қол соғып қояйық.
|
Сұрақтарға жауаптар
береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |