Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді:Балалар қойылған сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге үйренеді.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Тексерілді: әдіскер Ускембаева Г
Күні: 03.05.2021ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: БАУЫРСАҚ
(орыс халық ертегісі)
... Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал: – Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп
берші, – дейді кемпіріне.
– Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын? – дейді кемпір.
– Қаптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар, – депті
сонда шал.
Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған
қаймақ қосып, қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты
терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап
түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді. Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.
Қоян бауырсаққа:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, – дейді.
– Мені жеме, қоян. Мен саған өлең айтып берейін:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Ал сенен, қашу, қоян,
Қиын емес маған! – деп бауырсақ домалай жөнеледі. Қоян аңтаң жолда қалады.
Қояннан құтылған бауырсақ домалай, домалай
орманға жетеді. Ой ламаған жерден алдынан бір сұр қасқыр шыға келеді де:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін! – дейді.
– Жемеші мені, қасқыр. Мен саған өлең айтып берейін, – деп ол әндете жөнеледі:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Қояннан да қаштым.
Босқа тұрсам ұтылармын,
Қасқыр, сенен де құтылармын!- бауырсақ домалап кете барады. Қасқыр артта қалады. Сол домалаған қалпы ол қорбаңдаған аюға жетіп тіреледі:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен қазір сені жеймін! – дейді аю ақырып.
– Тоқтай тұр, аю, одан да менің өлеңімді тыңда, – деп бауырсақ әндете бастайды:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым.
Аюға келді кезек,
Одан да қашу керек! – деп жолын жалғастырады. Осылайша бауырсақ аюдан да құтылады. Аңқау аю ауызын ашып қала береді. Алаңсыз домалап келе жатқан
бауырсақ енді қу түлкіні кезіктіреді.
Бауырсақты көріп, қуанып кеткен түлкі:
– Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің, – дейді қулана.
Бауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен атамнан қаштым,
Әжемнен да қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым,
Аюдан да қаштым,
Түлкі, қазір сенен
Оңай қашып кетем!
– Әнің жақсы екен, – дейді қу түлкі. – Бірақ мен қартайдым, құлағым дұрыс естімейді.
Тұмсығыма шығып, өлеңіңді қайта айтшы, жақсылап тыңдап алайын.
Мақтау сөзге елпілдеп кеткен бауырсақ еш ойланбас тан түлкінің тұмсығына домалап
мініп, әндете жөнеледі.
– Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап ...
Сол-ақ екен, қу түлкі оны «ап» деп жеп қояды. Қарнын сипап бір тояды.
Достарыңызбен бөлісу: |