Диас:
Келді міне,күз,
Айнала сары түс.
Керемет,тамаша
Қандай әсем күз.
Қайсар:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Дінмұхамед:
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Бек:
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз.
Дана:
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыздар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.
«Себеттер» биі
Ибрахим:
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Райымбек:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Алижон:
Көрсең егер бауымда,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Дияра:
Күз!Күтпеппіз текке біз,
Өзіңе жоқ өкпеңіз.
Сені жақсы көреміз,
Жек көрейік неге біз.
«Қызыл,сары жапырақ» әні
Бегайым:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Шахназ:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол-мен-қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Таир:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Ева:
Көкте ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым-қияр,теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Інжу:
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты-құлпынай.
-Балалар,Күз ханшайымын шығарып салайық.
Ертеңгілігіміз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |