7. Болжамды есептеулер. 7.1. Шығыстар шаяндарды өсіргенде болмайды десек те болады. Жемге шығыстар қажет емес, өйткені шаяндар табиғи жолмен қоректенеді. Сіздің тоғаныңыз толығымен өзен шаяндарын асырауға дайын болғанда олар тіршілік ететін басқа тоғандардан тағы алуыңызға болады, сосын орнына әкеліп, карантиннен кейін жаңа тоғанға салуыңызға болады, осылайша шығын үнемделеді. Егер Сіз тұратын жерде өзен шаяндары мекен ететін тоғандар болмаса, оны сатып ала аласыз. Тірі шаяндардың орташа бағасы бір келісі үшін 900-1 100 теңге, бұл 6-12 талды құрайды. Бастапқы кезеңде 10 кг аласыз * 900 теңге = 9 000 теңге, бұл 60-120 талды құрайды. 7.2. Табыс.Бір ұрғашысы бір жылда 60-тан 900-ге дейін уылдырық беретінін ескерсек, 50 (ұрғашы) * 400 (бір ұрғашысына келетін орташа уылдырық саны) = 20 000 уылдырық, оның 20 000 уылдырығынан 1000 кг шаян алуға болады, 1000 кг * 900 теңге = жылына 900 000 теңге.
8. Пайдалы сілтемелер: http://crayfishmaster.narod2.ru/ http://www.aquatoria.net.ru/articles/rak.htm http://msd.com.ua/fish-farming/rechraki/ http://novaode.ucoz.ua/publ/8-1-0-71 http://seloonline.com/index.php?topic=2.0 Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шаян өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.