1. Жалпы ақпарат.Балық аулау дегеніміз - өзен және теңіз балықтарын алу. Балық аулау ісіндегі басты объект – балық. Осы іске қосалқы объект ретінде суда жүзетін кішкентай және үлкен тіршілік иелерін жатқызамыз. Бұл бизнес түрі ірі қалалар мен кішігірім ауылдарда кеңінен тараған. Егер сіздің үлкен жер учаскеңіз болса, онда сирек кездесетін бағалы балықтарды өсіруге арналған бассейн жасауға болады.
Қазақстан балық шаруашылығының су қорына бай, сонымен қатар елімізде балық аулау мен балық ісі үшін қолайлы орта қалыптасқан.