47. Терезе алдындағы бақша
Жалпы ақпарат. Жаңа піскен көкөністер – диеталық және аз калориялы азық‑түлік. Оларды үнемі пайдалану ас қорыту процесін жақсартады және қалыпқа келтіреді. Жаңа піскен көкөністердің құндылығы ең алдымен ағза үшін аса қажет С, Р және басқа да дәрумендердің болуына байланысты. Әсіресе, бұндай дәрумендерге, сондай‑ақ каротиндерге жас жапырақтар мен татымды‑дәмді көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті деңгейде тек жаз бен күз басында ғана пайдаланылады. Қыс пен көктемде және жаз басында көкөністерге яғни дәрумендерге деген қажеттілікті ішінара бөлмедегі «бақша» алмастыра алады. Тұрғын үйде көкөністер өсіру – бұл ерекше шығынды талап етпейтін, жыл бойы табыс әкелетін отбасылық бизнес үшін керемет идея. Бұл бизнестің тағы бір пайдасы балалардың әуестігі мен байқағыштығын дамытады, өсімдіктер өмірін жақсы білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді және бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлеседі.
Технология. Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.
Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:
жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.
пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.
қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.
біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.
татымды‑дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.
тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.
көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, пияз-батун және шнитт, сондай‑ақ татымды‑дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз, қысқы жебір, фенхель, зере.
Достарыңызбен бөлісу: |